Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қазанда № 4691 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. Мыналардың:
      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде, 2015 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының;
      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 14090 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4310 тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
      әкімі Е. Аймұқашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Өскемен қалалық
      мәслихатының хатшысы
      ______________А. Абакумов

      2016 жылғы "13" 09

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "15" 09
№ 2188 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакциада - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 19.10.2018 № 4402 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандар лауазымдары:

      1) басқару персоналы: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшының орынбасары;

      2) негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, мейірбике (мейіргер), диеталық мейірбике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы.

      2. Білім беру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

      1) басқару персоналы: басшы, басшының оқу бөлімі бойынша орынбасары, басшының тәрбие бөлімі бойынша орынбасары;

      2) негізгі персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, логопед-мұғалім, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, әдістемелік нұсқаушысы, дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық жетекші, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, лаборант, логопед, хореограф, мейірбике (мейіргер).

      3) әкімшілік персонал: кітапхана меңгерушісі, кітапханашы.

      4) қосалқы персонал: тәрбиешінің көмекшісі.

      3. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

      1) негізгі персонал: кітапханашы, режиссер, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, хормейстер, хореограф, дыбыс операторы.

      2) әкімшілік персонал: кітапхана меңгерушісі.