Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысын

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 3010 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте № 29723 болып тіркелді

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар
      "КЕЛІСІЛДІ"
Өскемен қалалық
мәслихаты

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 3010 Қаулының қосымшасы
  Өскемен қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "15" қыркүйектегі
№ 2188 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшының орынбасары, бас бухгалтер;

      2) барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, мейірбике (мейіргер), диеталық мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, психолог;

      3) бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі инспектор, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің: қойманың, шаруашылықтың басшысы;

      4) диспетчер, кезекші әкімші, хатшы-машинист, дизельдік қызмет көрсету жөніндегі механик.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) кітапхана меңгерушісі;

      2) аккомпаниатор, кітапханашы, дыбыс операторы, мәдени ұйымдастырушы, музыкалық жетекші, хореограф, хормейстер, режиссер.