Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 422 - бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметiн Сырдария ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Сырдария аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу обьектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы № 361 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 10-8-161 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылғы 09 қаңтарда №2 жарияланған);
"Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу обьектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының № 361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық 2012 жылғы 27 маусымдағы № 59 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 шілдеде №10-8-180 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылғы 21 шілдеде № 62 жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 48 шешiмiне қосымша |
Қызметiн Сырдария ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерi
№ | Салық салу обьектiсiнiң атауы | Тiркелген салықтың базалық мөлшерлемелерiнiң ең төменгi мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелi | 3 |