Сырдария аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 174 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 6209 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
19 сессиясының төрағасы:
Е.Жақып
      Аудандық мәслихат хатшысы: Е.Әжікенов

  2018 жылғы 28 ақпандағы Сырдария аудандық мәслихаттың № 174 шешіміне қосымша

Сырдария аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде №5430 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2016 жылғы 06 сәуірде №26 жарияланған);

      2. "Бірыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерiн белгiлеу туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 48 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде №5583 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2016 жылғы 23 тамызда №65 жарияланған);

      3. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 101 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде №5795 болып тіркелді, 2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №383 шешімінің 1-тармағының қолданылуын тоқтату туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 118 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде №5965 болып тіркелді, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).