1. Қызметiн Сырдария ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Сырдария аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу обьектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы № 361 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 10-8-161 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылғы 09 қаңтарда №2 жарияланған);
"Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу обьектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының № 361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық 2012 жылғы 27 маусымдағы № 59 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 шілдеде №10-8-180 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылғы 21 шілдеде № 62 жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 48 шешiмiне қосымша |