Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 361 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 23 желтоқсанда № 10-8-161 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 48 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 550 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қазіргі төрелік талқылаулар бойынша «Reed Smith, LLP» компаниясының Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 500000 (бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақшалай қаражат бөлінсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   K. Мәсімов