"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы" Астана қаласы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 107–862 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1022 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырдағы № 59 (3411) "Астана ақшамы", 2016 жылғы 26 мамырдағы № 59 (3429) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 105-1, 105-2, 105-3, 105-4, 105-5, 105-6, 105-7 жолдармен толықтырылсын:
"
105-1. | Астана қаласы әкімдігінің "№ 86 "Зияткер" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 240 | 33341 | 3 жасқа дейін – 14 700; 3 жастан - 6 – жасқа дейін 16 800 |
105-2. | Астана қаласы әкімдігінің "№ 87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 240 | 27113 | 3 жасқа дейін – 14 700; 3 жастан - 6 – жасқа дейін 16 800 |
105-3. | Астана қаласы әкімдігінің "№ 88 "Баян сұлу" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 280 | 25192 | 3 жасқа дейін – 14 700; 3 жастан - 6 – жасқа дейін 16 800 |
105-4. | Астана қаласы әкімдігінің "№ 89 "Қыз Жібек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 280 | 25543 | 3 жасқа дейін – 14 700; 3 жастан - 6 – жасқа дейін 16 800 |
105-5. | Астана қаласы әкімдігінің "№ 90 "Еркежан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 240 | 36175 | 3 жасқа дейін – 14 700; 3 жастан - 6 – жасқа дейін 16 800 |
105-6. | Астана қаласы әкімдігінің "№ 91 "Еңлік" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 240 | 33250 | 3 жасқа дейін – 14 700; 3 жастан - 6 – жасқа дейін 16 800 |
105-7. | Астана қаласы әкімдігінің "№ 54 "Нұр-Ай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық | 48 | 28698 | 3 жасқа дейін – 14 700; 3 жастан - 6 – жасқа дейін 16 800 |
".
2. "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындарын өтеуді жүргізсін.
3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Жақсыбеков |