РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1, 5, 7 және 9-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
М. Мырзағалиев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 қарашадағы № 496 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Көмiртегі бiрлiктерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7702 болып тiркелген, 2012 жылғы 15 тамызда № 268-270 (27087-27089)) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмiртегі бiрлiктерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 148-ө бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7688 болып тiркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде № 211-212 (27030-27031)) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларында:
2-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктері – шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктері, шығарындыларды ішкі азайту бірліктері және парниктік газдар сіңірулерінің бірліктері.".
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктерін квоталар бірліктеріне айырбастау тиісті қосалқы шотта және Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі шотта бірліктердің тиісті саны болған кезде жүзеге асырылады."
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі өтініш берушінің есеп шотында парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктерінің қажетті мөлшері болмаған жағдайда айырбастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.".
15-тармақ алып тасталсын.
3. "Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 150-ө бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7689 болып тiркелген, 2012 жылғы 22 тамызда № 280-281 (27099-27100) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7730 болып тiркелген, 2012 жылғы 23 тамызда № 282-283 (27101-27102) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық сценарий – парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейтін сценарий;
2) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту жөніндегі ішкі жоба (бұдан әрі – ішкі жоба) - парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі негізінде жүзеге асырылатын және базалық сценарийде сәйкестендірілген жағдайларды өзгертетін қызметтер немесе қызмет түрлері.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ішкі жобаларды әзірлеуді жобаның өтініш берушісі жүзеге асырады.";
4-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің негізінде парниктік газдарды азайтуға және сіңірулерін ұлғайтуға қатысты сандық бағалау және мониторинг рәсімдерін әзірлеу;
5) ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің негізінде жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын дайындау.".
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жобаның өтініш берушісі жобаның базалық сценарийіне мыналардың негізінде бағалау жүргізеді:
1) көздерден және (немесе) олардың сіңірулерінің абсорбциясынан парниктік газдардың нақты шығарындылары туралы мәліметтер;
2) жобаны іске асыру шартына қатысты мүмкін болатын белгісіздіктер есебі;
3) экономикалық қызметтің тиісті түрлері бойынша реттейтін норманың стратегиялық жоспарлар, бағдарламалар және іс-қимылдар есебі;
4) бекітілген ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің бірі.".
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жобаның өтініш берушісі парниктік газдар шығарындыларын азайтудың немесе олардың сіңірулерін жобаның базалық сценарийімен салыстырғанда ұлғайтудың мөлшерлік анықтау рәсімін әзірлейді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жобаның өтініш берушісімен әзірленген немесе қолданылған мониторинг және мөлшерлік анықтау рәсімінің сипаттамасы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылатын мониторингі жоспарына енгізіледі.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ішкі жоба бастамашысы туралы ақпарат: жеке тұлғаның ТАӘ немесе заңды тұлғаның атауы; тіркеу деректері; мекенжайы; жоба бойынша байланысатын тұлға; негізгі қызмет түрі.".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі жобалар жүзеге асырылуы мүмкін экономика секторлары мен салаларының тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экономика салалары:
1) тау-кен өндіру және металлургия (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
2) ауыл шаруашылығы;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
4) орман және далалы аумақтарды көгалдандыру;
5) жердің тозуының алдын алу;
6) жаңартылатын энергия көздері;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу;
8) көлік;
9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыс;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.".
5. "Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 157-ө бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7729 болып тiркелген, 2012 жылғы 18 тамызда № 276-278 (27095-27097) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы №76 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10447 болып тiркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық сценарий – парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейтін сценарий;
2) жобалық кезең – жоба нәтижелерін мерзімді растау және бекіту негізінде көміртегі бірліктерінің жобалық шығарылымы жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін болатын мерзім;
3) жобалық көміртегі бірліктері - шығарындыларды ішкі азайту бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды сертификацияланған азайту бірліктері;
4) жобалық тетік - Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасында және/немесе Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген тәртіппен және өлшемшарттарға сәйкес парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған жобаларды әзірлеу мен іске асырудың бірізді процесі;
5) парниктік газдар сіңірулерінің базалық деңгейі - парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асырмастан пайдаланудың қолданыстағы жағдайларында белгілі бір кезеңде көміртегінің қостотығы баламасы тоннасында көрсетілген парниктік газдар сіңірулерінің шамасы;
6) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту - базалық сценарийге қатысты парниктік газдар сіңірулерінің есептік ұлғаюы;
7) парниктік газдар шығарындыларын азайту - базалық сценарийге қатысты парниктік газдар шығарындыларының есептік төмендеуі;
8) парниктік газдар шығарындыларының базалық деңгейі - белгілі бір кезеңде осы объектіде қолданыстағы технологияларды, жабдықтарды пайдалану шартымен және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаны іске асырмастан басқа да аса ықтимал жағдайларда осы газдар шығарындыларын объекті өндірген көміртегінің қостотығы баламасы тоннасында көрсетілген парниктік газдар шығарындыларының шамасы;
9) 1 трэк - Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасында (бұдан әрі - Киото хаттамасы) белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда елдің өзінде осы жобаларды верификациялауға және шығарындыларды азайтудың тиісті бірліктер санын айналымға енгізуге мүмкіндік беретін бірлесіп жүзеге асыру тетігі бойынша жобаларды жүзеге асыру тәсілі;
10) II трэк - бірлесіп жүзеге асыру тетіктері бойынша жобаларды жүзеге асыру тәсілі, оның шеңберінде аталған жобалар уәкілетті халықаралық органның қадағалауымен верификациялау рәсімінен өтеді;
11) әкімшілендіру субъектісі - мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде парниктік газдар шығарындылары жылына көміртегі қостотығының оннан жиырма мың тоннасына дейін баламасын құрайтын қондырғы операторы";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жоба Киото хаттамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірінің шарттарында жобаны іске асыруды тану туралы шешім қабылдайды.";
19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда жобалық тетіктердің тиісті түрі бойынша жобалық құжаттаманың және мониторинг жоспарының валидациясын валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган жүргізеді.
20. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту мониторингі базалық деңгейдің белгіленген жобалық ұсыныстарына қатысты мониторинг жоспары негізінде жүзеге асырылады.
21. Уәкілетті органға жобаны іске асыру нәтижесі бойынша есептілік беру кезінде жобаның өтініш берушісі тиісті жобалық тетік бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мақұлданған мониторинг жоспарынан кез келген елеулі ауытқулықтар туралы ақпарат береді.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірулерін ұлғайту бойынша мерзімді есептерде мәлімделген нәтижелер Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын жобаларда кездескен жағдайда верификациялауға жатады.";
27. I трэк бойынша бірлесіп жүзеге асыру тетіктерінің жобалары бойынша верификацияны валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органдар жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
"3-тарау. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібі
36. Әкімшілендіру субъектілері бірлесіп жүзеге асыру, таза дамыту тетіктері бойынша жобаларға Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы №2260 Жарлығымен ратификацияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік Конвенциясына сәйкес белгіленген мөлшерді анықтау жөніндегі халықаралық рәсімнен Қазақстан Республикасы өтіп, операцияларды халықаралық тіркеу журналына ел бойынша тиісті деректерді ұсынғаннан кейін ғана қатысады.
37. Әкімшілендіру субъектілері парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаның өтініш берушісі ретінде қатысады.
38. Уәкілетті орган әкімшілендіру субъектісі ұсынған парниктік газдарды түгендеу туралы есеп негізінде Кодекстің 94-2-бабына сәйкес әкімшілендіру субъектісінің парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарға сәйкестігін анықтайды. Егер парниктік газдар шығарындыларының көлемі жылына көміртегі қос тотығының жиырма мың тоннасына барабар мөлшерден асқан жағдайда, әкімшілендіру субъектісі Кодекстің 94-2-бабымен белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ағымдағы жылдан бастап тиісті қондырғыға (қондырғыларға) парниктік газдар шығарындыларына квотаны ресімдеуге құжат тапсырады.
39. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобалар парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптардың қолданысына түсетін қондырғыларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырыла алмайды".
7. "Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туындыларды құру және айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 79 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10449 болып тiркелген, 2015 жылғы 23 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоса беріліп отырған Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы бекіту қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туындыларды құру және айналымы қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін айқындайды (бұдан әрі – көміртегі бірліктері).
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының аумағындағы көміртегі бірліктерін құру және онымен жұмыс жасау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7702 болып тiркелген) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын оператор қалыптастыратын және жүргізетін Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі жүргізілетін операциялар негізінде жүзеге асырылады.".
8. "Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 176 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10673 болып тiркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. "Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 221 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10850 болып тiркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қондырғы операторы – меншігінде немесе өзге заңды пайдалануында қондырғысы бар жеке немесе заңды тұлға;";
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспары (бұдан әрі – мониторинг жоспары) – тиісті кезеңге немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерін ұлғайту бойынша жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзіміне бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде қондырғы операторы әзірлейтін құжат;";
3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) куәландыру деңгейі – парниктік газдарды түгендеу туралы есепті верификациялау кезінде ондағы айтарлықтай қателіктерді, кемшіліктерді немесе қате түсіндірулерді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11818 тіркелген) Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарына сәйкестігін анықтау үшін верификация және валидация жөніндегі органнан талап етілетін деректер дәйектілігінің дәрежесі.";
6,7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қондырғы операторы валидацияланған мониторинг жоспарын тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылатын алғашқы жылының бірінші сәуіріне дейін әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады.
7. Қондырғы операторы парниктік газдар мониторингін валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган растаған мониторинг жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Мониторинг жоспарынан кез келген ауытқулар, парниктік газдар шығарындыларының көлемін анықтауда табылған қателерді қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген ұйымдарға қолжетімді болып табылатын оның ішкі құжаттамасында тіркейді.
8. Мониторинг жоспарын қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының бүкіл қолданылу кезеңі ішінде қолданады.";
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қондырғы паспортының деректері;";
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қондырғы және оның операторы жөніндегі сәйкестендіру деректері, оның ішінде атауы, мекенжайы, есептілік бойынша байланысатын тұлға, парниктік газдар шығарындылары квоталанатын қызмет түрі, есептік жыл;";
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Парниктік газдарды түгендеу туралы қондырғы операторларының жыл сайынғы есептерін растауды валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органдар жүргізеді. Бұл ретте әкімшілендіру субъектілері ұсынатын парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептер верификациялауға жатпайды.";
19. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті верификациялау есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуірі аралығындағы кезеңде жүргізіледі.";
20-тармақ алып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Парниктік газдарды түгендеуді бақылауды уәкілетті орган парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы верификацияланған есептің Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкестігін, онда ұсынылған деректер мен ақпараттардың толықтығын қарау арқылы жүзеге асырады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қондырғы операторы есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған жыл сайынғы есепті ұсынады немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының жүйесінде есептің электрондық нысанын толтырады.".
Көмiртегі бiрлiктерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрi – Мемлекеттік тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айналымға енгізу – Мемлекеттік тізілім шоттарының бірінде көміртегі бірліктерін бастапқы шығару;
2) беру – Мемлекеттік тізілімдегі көміртегі бірліктерін бір тұлғаның шотынан екінші тұлғаның шотына аудару;
3) күшін жою – көміртегі бірліктерінің қолданыстағы мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ олардың иесінің бастамасы бойынша ерікті негізде айналымнан шығару;
4) операцияларды халықаралық тіркеу журналы – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының хатшылығымен басқарылатын және операциялардың шынайылығын тексеру мақсатында жүзеге асырылатын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімінде көміртегі бірліктермен жүргізілген операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;
5) сатып алу – көміртегі бірліктермен жасалынған мәмілелер нәтижесінде Мемлекеттік тізілімдегі шотқа көміртегі бірліктерін алу;
6) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу – Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылатын, есептік жылдағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепке сәйкес тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) көміртегі бірліктерін жыл сайынғы айналымнан алып тастау (есептен шығару);
7) қондырғы операторының шотын бұғаттау – Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-2-бабының 3-тармағында көрсетілген талап етілетін құжаттарды бергенге дейін қондырғы операторының шотына салынған көміртегі бірліктерін пайдалануды уақытша тоқтату.
3. Мемлекеттік тізілімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы болып оператор құрайды және жүргізеді.
4. Мемлекеттік тізілім операторы көміртегі бірліктерінің нақты есебін қамтамасыз ету мақсатында әрбір көміртегі бірлігіне оның шығарылу сәтіне қарай бірегей сәйкестендіру нөмірін береді.
5. Көміртегі бірлігінің бірегей сәйкестендіру нөмірі мыналарды:
1) көміртегі бірліктерінің түрін (квоталар бірлігі, шығарындыларды ішкі азайту бірлігі);
2) көміртегі бірлігінің айналымға енген жылын;
3) көміртегі бірлігінің шығарылу мерзімі біткен жылын көрсетеді.
6. Мемлекеттік тізілім операторы квоталар бірліктерін, шығарындылардың iшкi азайту бiрлiктерін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдар сіңірулерінің бірліктерін, квоталардың белгіленген мөлшері мен өтеу бірліктерін айналымға енгізу, сақтау, беру, сату, резервілеу, жою, өтеу бойынша операцияларды жүзеге асырады.
7. Белгіленген мөлшер бірліктерімен, шығарындыларды азайту бірліктерімен, айналымға енгізу бойынша операцияларды Мемлекеттік тізілім операторы Қазақстан Республикасы осындай операцияларды климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес жүргізу құқығына ие болғаннан кейін жүргізеді.
8. Мемлекеттік тізілім операторы белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындылардың сертификатталған азайту бiрлiктері, сіңіру бірліктері бойынша басқа ұлттық тізілімдермен бірге деректермен алмасу операцияларын халықаралық тіркеу журналы арқылы жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік тізілімді жүргізу тәртібі
9. Мемлекеттік тізілім операторы Мемлекеттік тізілім шоттарының және қосалқы шоттардың мынадай түрлерін:
1) квота бірліктерін шығару шотын;
2) көміртегі бірліктерінің күшін жою шотын;
3) көміртегі бірліктерін өтеу шотын;
4) мемлекеттік тізілім операторының шотын;
5) қондырғылар операторларының шотын;
6) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту бойынша жобаның өтініш берушісінің шоттарын (бұдан әрі – жобаның өтініш берушісінің шоттары);
7) Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шотын, олар мыналардан тұрады:
жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің қосалқы шотын;
Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қосымша квота берудің қосалқы шотын;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде іске қосылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына қосалқы шотын;
парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдардың сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобалар үшін көміртегі бірліктерін берудің қосалқы шотын;
аукцион шарттарындағы квота сатылымының қосалқы шотын ашады.
10. Мемлекеттік тізілім операторы квоталар бірліктерін шығарудың, Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шоттарын бекітілген Ұлттық жоспардың негізінде оның күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ашады.
11. Квоталар бірліктерін айналымға енгізуді Мемлекеттік тізілім операторы Ұлттық жоспармен анықталған квоталардың жалпы көлеміне тең мөлшерде квоталар бірліктерін шығару шотында оның күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
12. Мемлекеттік тізілім операторы Ұлттық жоспардың квоталар қорының тең көлемі мөлшерінде квоталар бірліктерін шығару шотынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шотына осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген қосалқы шотқа оны әрі қарай бере отырып, оның күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде квоталар бірліктерін аударуды жүргізеді.
Үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілім операторы аукцион шарттарында квоталар сатуға арналған мөлшерде аукцион шарттарымен квоталарды сату қосалқы шотынан мемлекеттік тізілім операторының шотына квота бірліктерін аударуды жүргізеді.
13. Мемлекеттік тізілім операторы Ұлттық жоспары күшіне енген күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қондырғылар операторларына шоттар ашу үшін мынадай құжаттарды тапсыру туралы хабарлама жолдайды:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі* – заңды тұлға үшін;
Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
4) қондырғы операторының Мемлекеттік тізілім шотын жүргізуге уәкілетті өкілдеріне тұлғаны растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса берген сенімхаты.
Қондырғы операторы мемлекеттік тізілім операторынан хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынады.
14. Мемлекеттік тізілім операторы Ұлттық жоспар күшіне енген күнінен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қондырғылар операторларының шоттарын ашады.
15. Мемлекеттік тізілім операторы квоталар бірліктерін шығару шотынан қондырғы операторының шотына Ұлттық жоспар күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық жоспарда көрсетілген көлемдерге сәйкес квоталар бірліктерін аударады.
16. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын және қондырғының верификацияланған паспортын Ұлттық жоспардың қолданылуының бірінші жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде бермегені туралы уәкілетті органнан хабарлама алған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотын бұғаттайды.
17. Мемлекеттік тізілім операторы осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қондырғы операторының бергені туралы уәкілетті органнан хабарлама алған соң үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотынан бұғатты алып тастайды.
18. Мемлекеттік тізілім операторы осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың толық еместігі және (немесе) сәйкес еместігі туралы уәкілетті органнан хабарлама соң кейін үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотын бұғаттайды.
19. Мемлекеттік тізілім операторы 16-тармақта көрсетілген қондырғы операторының қажетті пысықталған құжаттарды бергені туралы уәкілетті органнан хабарлама алған соң үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотынан бұғатты алып тастайды.
20. Жаңа қондырғылар немесе пайдаланылуы Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілендіру субъектілері қондырғыларының (бұдан әрі – әкімшілендірудің квоталатын субъектісі) операторы шот ашу үшін Мемлекеттік тізілім операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі* – заңды тұлға үшін;
Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
4) қондырғы операторының Мемлекеттік тізілім шотын жүргізуге уәкілетті өкілдеріне тұлғаны растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса берген сенімхатын ұсынады;
21. Мемлекеттік тізілім операторы жаңа қондырғылар немесе квоталанатын әкімшілендіру субъектісі операторынан осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алған соң үш жұмыс күні ішінде оларға шот ашады.
22. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының тиісті шотын ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа қондырғыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің қосалқы шотынан жаңа қондырғы операторының шотына және пайдаланылуы Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына түсетін квоталанатын әкімшілендіру субъектісінің шотына парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің қосалқы шотынан квоталар бірліктерін аударуды жүргізеді.
23. Мемлекеттік тізілім операторы квоталардың қосымша көлемін берудің оң шешімі туралы уәкілетті органнан хабарлама алған соң үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотына квотаның тиісті көлемін салады.
24. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының, оның атауы немесе ұйымдастыру-құқықтық нысанының ауысқаны туралы уәкілетті органнан хабарлама алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді.
25. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының таратылғаны туралы уәкілетті органнан хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде парниктік газдар шығарындыларына қолданылмаған квоталар көлемін жұмысы таратылған қондырғы операторының шотынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шотына аударады.
Мемлекеттік тізілім операторы осы тармақтың бірінші абзацында қарастырылған квоталар бірліктерін көшіру туралы уәкілетті органнан хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті квоталар бірліктерін Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорынан уәкілетті органның шешімінде көрсетілген қосалқы шотқа аударуды жүзеге асырады.
26. Мемлекеттік тізілім операторы уәкілетті органнан тиісті хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде көміртегі бірліктерінің көлемі ең көп қосалқы шоттан толықтыруды талап ететін қосалқы шотқа көміртегі бірліктерін аударады.
27. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдардың сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобаларды уәкілетті орган мақұлдағаннан кейін ішкі жобаның өтініш берушісі Мемлекеттік тізілімде шот ашу үшін Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторына мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі* – заңды тұлға үшін;
Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
4) қондырғы операторының Мемлекеттік тізілім шотын жүргізуге уәкілетті өкілдеріне тұлғаны растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса берген сенімхаты;
5) парниктік газдар шығарындыларының ішкі азайту жобасын мақұлдау туралы құжатты ұсынады.
28. Мемлекеттік тізілім операторы жобаның өтініш берушісінің шотын осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші ұсынғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ашады.
29. Мемлекеттік тізілім операторы үш жұмыс күні ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобалар үшін көміртегі бірліктерін берудің қосалқы шотынан жобаның өтініш берушісінің шотына ішкі азайту бірліктерін аударады.
30. Ұлттық жоспарға сәйкес айналымға енгізілген көміртегі бірліктерінің көлемін өзгертуді Мемлекеттік тізілім операторы оған қабылданған түзетулерге сәйкес жүзеге асырады.
31. Қондырғы операторларының шоттары арасындағы сатып алынған/сатылған квоталар бірліктерін беруді Мемлекеттік тізілім операторы биржалық мәмілені (тауарлық биржада сатылған жағдайда) есепке алу парағын және квоталарды тікелей сату (сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша мәліметтер негізінде (тікелей сату/сатып алу жағдайында) уәкілетті органның хабарламасын алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
32. Жобаның өтініш берушісінің шотынан шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін беруді Мемлекеттік тізілім операторы жобаның өтініш берушісі және сатып алушының сұратуларын алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
33. Қондырғы операторының шотынан көміртегі бірліктерін айналымнан алып тастау (есептен шығару) үшін Көміртегі бірліктерін квоталарды өтеу шотына беруді Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторы иесінің сұрау салуы бойынша тиісті сұрау салуды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
34. Мемлекеттік тізілім операторы көміртегі бірліктер айналымнан шығару үшін пайдаланылмаған квоталар көлемін оларды қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша қондырғылар операторларының және мемлекеттік тізілім операторының шоттарынан оларды әрі қарай күшін жою шотына беру үшін Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорына аударады.
35. Көміртегі бірліктерінің күшін жою шотына ерікті түрде аудару олардың иесінің Мемлекеттік тізілім операторына жолдаған сұрау салуы бойынша жүргізіледі.
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарау және мақұлдау, есепке алу, есептілік пен мониторингті дайындау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) шағын масштабты жоба – 15 мегаваттқа дейін қуатты энергия көздерінің жаңарылуымен байланысты немесе жылына шартты отынның 7380 тоннасына дейінгі көлемде энергияның тұтылуын төмендетумен энергия тиімділігін жақсартуға немесе жобалық кезең ішінде көміртегінің қос тотығы 60 метрикалық килотонна эквивалентіне дейінгі шекте парниктік газдар шығарындыларын азайту мүмкіндігін беруге бағытталған жоба;
2) базалық сценарий – парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейтін сценарий;
3) жобаның өтініш берушісі - жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қарауына және мақұлдауына ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жобаның типі - кәдімгі жоба, аз ауқымды жоба, байланысқан жоба, жерді пайдалануды өзгертуге немесе орманды өңірін көбейтуге қатысты жоба;
5) жобалық кезең – жоба нәтижелерін мерзімді растау және бекіту негізінде көміртегі бірліктерінің жобалық шығарылымы жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін болатын мерзім;
6) ағып кету - жоба қызметімен негізделген, бірақ оның шегіне енгізілмеген жобаны іске асыру орнынан тыс парниктік газдар шығарындыларына және сіңірулеріне әсер етуі;
7) маңыздылық деңгейі - парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаны іске асырудың верификация есебі туралы қорытындыны дайындау үшін қолданылатын бастапқы сандық мағына;
8) мониторинг - парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін немесе парниктік газдар шығарындыларын немесе/және сіңірулермен байланысты ілеспе деректерді ішкі жобалар бойынша өткізілетін үздіксіз немесе кезеңдік бағалау;
9) ішкі жоба - парниктік газдар шығарындылары ішкі тетігінің және базалық сценарийде сәйкестендірілген шарттардың өзгеруі негізінде жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларының азаюына немесе парниктік газдар шығарындылары сіңіруінің ұлғаюына бағытталған қызметтер немесе қызмет түрлері.
2-тарау. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларын қарауға және мақұлдауға дайындау тәртібі
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жобаны іске асыру туралы шешім қабылдау үшін жобаның өтініш берушісі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жобаның тұжырымдамасы (жобалық идея);
2) жобалық құжаттама;
3) мониторинг жоспары.
4. Уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ішкі жобаны қарау және мақұлдауды бір немесе екі сатыда өткізеді.
5. Бір сатылық қарау рәсімі кезінде жобаның өтініш берушісінен жобаны алдын ала мақұлдау туралы шешім қабылдау және жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын әзірлеудің негізділігін анықтау үшін жобаның тұжырымдамасы (жобалық идея) талап етілмейді.
6. Екі сатылы қарау рәсімі кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган біріншіден жобаның тұжырымдамасын (жобалық идея) қарастырады. Жоба алдын ала мақұлданған жағдайда, жобаның өтініш берушісі әрі қарай уәкілетті органға ұсыну үшін жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын әзірлеу жұмыстарына кіріседі.
7. Бір сатылық қарау рәсімі мынадай аз ауқымды жобаларға, басымды ішкі жобаларға қатысты қолданылады:
1) жел энергиясын пайдалану жобалары;
2) күн энергиясын пайдалану жобалары;
3) шағын су электр станцияларын қалпына келтіру және құру;
4) биогазды пайдалану жобалары;
5) көмір жылу электр станцияларын газға көшіру;
6) қоқыс метанын кәдеге жарату;
7) қоғамдық автокөлікті газға және электрге ауыстыру;
8) мұнай кен орындарындағы ілеспе газды кәдеге жарату;
9) көмір шахталарының метанын және коксты газын кәдеге жарату;
10) феррохром өндірісінде бөлінген газды кәдеге жарату.
8. Жобаның өтініш берушісі жобаны мүдделі тараптардың талқылау мүмкіндігі үшін жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын уәкілетті органға ұсынудан бұрын 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей жобалық құжаттамаға, сондай-ақ мониторинг жоспарына қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
9. Жобаны талқылау нәтижесін жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттамада көрсетеді.
10. Жобалық құжаттама және мониторинг жоспары уәкілетті органға қарастыруға берілгенге дейін валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органмен (бұдан әрі – аккредиттелген орган) валидациялауға жатады.
11. Қарауға ұсынылған жоба тұжырымдамасы бойынша шешімді уәкілетті орган оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қабылдайды.
Қарауға ұсынылған жоба тұжырымдамасы және мониторинг жоспары бойынша шешімді уәкілетті орган оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қабылдайды.
12. Жобаны мақұлдау туралы шешімді осы Қағидалардың 10- тармағында аталған құжаттар негізінде уәкілетті орган қабылдайды.
13. Жобаны қабылдамау туралы шешімді уәкілетті орган мынадай жағдайларда қабылдайды:
1) жобаның өтініш берушісімен ұсынылған құжаттар толық емес, тиісті түрде дайындалмаған немесе дәйексіз мәліметтерден тұрса;
2) жобалық құжаттамада көрсетілген орын бойынша жобаны іске асыру мүмкіншіліктері болмаса.
14. Жобаны уәкілетті органның мақұлдауы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды іске асыру және парниктік газдар шығарындыларын азайтудың ішкі бірліктерін алу үшін негіз болады.
3-тарау. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды есепке алу тәртібі
15. Уәкілетті орган мақұлданған жобаларды есепке алуды жүзеге асырады.
16. Уәкілетті органның интернет-ресурсында барлық мақұлданған жобалар бойынша ақпарат орналастырылады, онда мынадай мәліметтер:
1) жобаның атауы;
2) жобаның өтініш берушісі туралы мәлімет;
3) жоба жүзеге асырылатын болжамды орын;
4) жоба бойынша өтініш берілген парниктік газдар шығарындыларын азайту көлемі көрсетіледі.
4-тарау. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалардың есептілігі мен мониторинг тәртібі
17. Мақұлданған ішкі жобалар бойынша шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін алу үшін олардың жүзеге асыру кезеңінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және / немесе сіңірулерін ұлғайту мониторингі жүргізіледі, сонымен қатар уәкілетті органға жобаны іске асыру туралы жыл сайынғы есептер ұсынылады.
18. Жобаның өтініш берушісі уәкілетті орган мақұлдаған мониторинг жоспары негізінде барлық көміртегі бірліктерін шығару кезеңі барысында парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңіруін ұлғайтуға мониторинг жүргізеді.
19. Ішкі жобалар бойынша қолданылатын мониторинг рәсімдері:
1) мониторинг мақсатын;
2) өлшем бірліктерін қоса алғандағы деректер және ақпараттар түрін;
3) деректер көзін (көздері);
4) мониторинг тәсілін (есептеу, өлшеу әдісі);
5) қолданылатын мониторинг әдістемелерін;
6) мониторинг өткізу әдісі және кезеңділігін;
7) мониторингке қатысушылардың міндеттерін;
8) мониторингтік ақпаратты басқару жүйесін анықтайды.
20. Мониторинг өткізу шеңберінде шығарындыларды азайту немесе сіңіруін ұлғайтуға бағытталған жобаның әрбір парниктік газдар бойынша сандық баға жүргізіледі, кейіннен олар көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіне ауыстырылады.
21. Өлшеу жабдықтарын және мониторинг өткізуге арналған жабдықтарды қолданған кезде жобаның өтініш берушісі аталған өлшеу жабдықтарын калибрлеуді қамтамасыз етеді.
22. Егер мақұлданған парниктік газдар шығарындыларын есептеудің бекітілген әдістемесі болмаған жағдайда, жобаның өтініш берушісі уәкілетті органның өзінің келісімі бойынша әдістемесін әзірлеуге құқылы.
23. Уәкілетті органға жыл сайынғы есепті дайындау және ұсынуды жобаның өтініш берушісі өткен есепті жыл үшін жүзеге асырады.
24. Ішкі жобаларды іске асыру туралы есептерді ұсыну ерікті болып саналады. Ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау жобаның өтініш берушісінің бұзушылығы ретінде қарастырылмайды.
25. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын жобаларды іске асыру туралы есептер мынадай ақпараттан тұрады:
1) жобаға өтініш беруші туралы деректер;
2) жобаны қысқаша сипаттау, оның ішінде жобаның атауы, типі, көлемі, ауқымы мен шекарасы, өткізілу орны, көміртегі бірліктерін шығару кезеңінің ұзақтылығы және жоба бойынша атқарылатын жұмыстардың түрі;
3) есептік кезеңді көрсету;
4) жоба шеңберінде өткізілетін мониторинг бойынша парниктік газдар шығарындылары немесе/және сіңірулері туралы деректер, есептік кезеңдегі көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіндегі көлемін көрсету;
5) есептік кезеңде жобаны іске асыру барысында парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңіруін ұлғайту туралы қол жеткізілген деректер;
6) мәлімделген парниктік газдар шығарындылары немесе/және сіңіруінің верификациясы туралы мәлімет;
7) жобаның базалық сценарийінің сипаттамасы;
8) мақұлданған жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарынан жобаны іске асыру кезінде пайда болған айтарлықтай кез келген ауытқушылықтар туралы ақпарат;
9) парниктік газдар шығарындыларын немесе/және сіңірулерін есептеудің негізі ретінде қолданған өлшемшарттарды, рәсімдер мен құжаттарды сипаттау;
10) жобаға өтініш берушінің қолы (ТАӘ), мөр;
11) есепті валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген
орган растады.
верификацияны жүзеге асыратын аккредиттелген органның толық атауы, БСН;
аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі және мерзімі немесе күні, сериясы;
аккредиттелген органның заңды мекенжайы;
телефон, факс;
электрондық мекенжайы;
верификацияға жауапты адамның ТАӘ көлемдегі: _____ тонна көміртегі қос тотығының парниктік газдар шығарындылары;
______ тонна көміртегінің қос тотығына тең келетін ПГ жалпы шығарындылары растауы;
аккредиттелген орган басшысының қолы (ТАӘ), мөр.
26. Жобаны іске асыру туралы есеп уәкілетті органға тапсырылғанға дейін аккредиттелген ұйымның верификациясына жатады.
27. Ішкі жобаларды іске асыру туралы есеп верификациясын өткізу деңгейі 5% құрайды.
28. Уәкілетті орган ішкі жобаны іске асыру туралы есепті бекіту немесе бекітпеу туралы шешімді оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қабылдайды.
29. Уәкілетті орган ішкі жобаны іске асыру туралы есепті бекітпеу туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:
1) есепте дәйексіз ақпарат ұсыну;
2) жобаның өтініш берушісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамауы;
3) верификация болмаған жағдайда;
30. Жобаны іске асыру туралы есеп бекітілген жағдайда, жобаның өтініш берушісі жобаны іске асыру туралы бекітілген есепте берілген мөлшерде шығарындыларды ішкі азайту бірлігін алу құқығына ие болады.
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында сауда мақсатында парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алу және есептілікті жүргізу тәртібін және олармен жүргізілетін операцияларды анықтайды және белгіленген мөлшер бірліктеріне, квоталар бірліктеріне, шығарындылардың ішкі азайту бірліктеріне, шығарындылардың азайту бірліктеріне, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері мен сіңірулер бірліктеріне қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) есептік кезең - Қазақстан Республикасындағы парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға түсетін қондырғы операторының парниктік газдарды түгендеу бойынша есеп ұсынатын күнтізбелік жылы;
2) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу – Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылатын, есепті жылдағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепке сәйкес тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының көміртегі бірліктерін жыл сайынғы айналымнан алып тастау (есептен шығару);
3) көміртегі бірліктерін есепке алу - Қазақстан Республикасымен айналымға енгізілген көміртегі бірліктері, сондай-ақ көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде көміртегі бірліктерімен жасалатын операциялар жөніндегі ақпаратты есепке алу;
4) жойылған көміртегі бірліктері - айналымнан толық шығарылған көміртегі бірліктері;
5) халықаралық көміртегі бірліктері - белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері, сіңірулер бірліктері және олардан туындаған басқа көміртегі бірліктері.
3. Халықаралық көміртегі бірліктерін және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі арқылы олармен жүргізілетін операцияларды мониторингтеу операцияларды халықаралық тіркеу журналымен оларды мақұлдау бойынша операциялар, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы аясында белгіленген талаптарына сәйкес рәсімдер шеңберінде іске асырылады.
2-тарау. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг жүргізу тәртібі
4. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі бойынша олармен жүргізілетін операциялар арқылы ішкі және сыртқы мониторинг жүзеге асырылады.
5. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерінің ішкі мониторингін Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы олармен жүргізілетін операцияларды автоматты түрде тексеру арқылы жүргізеді.
6. Парниктік газдар шығарындылары көміртегі бірліктерінің және олармен жүргізілетін операциялардың сыртқы мониторингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оны жүргізуге халықаралық сарапшылар мен валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органдарды тарту арқылы ұйымдастырады.
3-тарау. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша есепке алу тәртібі
7. Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша есепке алу көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі арқылы жүзеге асырылады.
8. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы әрбір парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктеріне бірегей сәйкестендіру нөмірін береді.
9. Қазақстан Республикасының айналымға енгізетін және айналымнан шығаратын парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерін жеке есепке алу мақсатында көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің шоттарының және қосалқы шоттардың мынадай түрлерін:
1) квота бірліктерін шығару шотын;
2) көміртегі бірліктерін жою шотын;
3) квоталарды өтеу шотын;
4) квоталарды мынадай қосалқы шоттардан тұратын парниктік газдар шығарындыларына Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шотын:
жаңа қондырғыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу қосалқы шотын;
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-4 бабының 1-тармағымен (бұдан әрі – Кодекс) көзделген жағдайда қосымша квоталарды беру қосалқы шотын;
квоталарды парниктік газдар шығарындыларына бөлу Ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде Кодекстің 94-2 бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін әкімшілендіру, пайдалану субъектілерін орнату үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу қосалқы шотын;
парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобаларға арналған көміртегі бірліктерін беру қосалқы шотын;
аукцион жағдайларында квоталарды сату қосалқы шотын;
5) квоталанатын қондырғылар операторларының қосалқы шотын;
6) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобаның өтініш берушісінің (бұдан әрі ˗ жобаның өтініш берушісінің қосалқы шотын;
7) мемлекеттік тізілім операторының шоты бойынша операцияларды ашады және қызмет көрсетеді.
10. Қондырғы операторлары жыл сайын ұсынатын верификацияланған есептер негізінде өтелетін бірліктер есебін мемлекеттік тізілімінің операторы жүргізеді.
4-тарау. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша есептілік тәртібі
11. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері және олармен жүргізілген операциялар бойынша есептерді тоқсан сайын ұсынады.
12. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторының есептеріне мынадай ақпараттар енгізіледі:
1) шоттардың нөмірлері;
2) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі шоттар иелерінің атаулары мен байланыс деректері;
3) шоттардағы көміртегі бірліктерінің әртүрлі типтерінің саны;
4) тізілімдер мен шот ұстаушы туралы деректерді көрсете отырып, көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне басқа мемлекеттердің көміртегі бірліктерінің тізілімі мен таза дамыту тетігінің тізілімінен берілген шығарындыларды азайту бірліктері мен шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктерінің саны;
5) тізілімдер мен шот ұстаушы туралы деректерді көрсете отырып, басқа мемлекеттердің көміртегі бірліктерінің тізілімінен берілген шығарындыларды азайту бірліктерінің саны;
6) жойылған көміртегі бірліктерінің саны;
7) парниктік газдар шығарындыларына өтелген квоталардың саны.
8) тауарлық биржада болған сауда-саттық және сатылған квоталар бірліктерінің саны;
9) тауарлық биржада сату үшін жоспарланған болмаған сауда-саттық және квоталар бірліктерінің саны.
13. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар алған қондырғылар операторларының квоталар бірліктері мен шоттарына қатысты есепке мынадай қосымша ақпарат енгізіледі:
1) квота бірліктерінің бірыңғай сәйкестендіру нөмірі;
2) қондырғы нөмірі;
3) парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар бірліктерінің көлемі;
4) қондырғылар бойынша расталған парниктік газдар шығарындыларының көлемі (есептік жылдар бойынша);
5) қондырғылар бойынша өтелген квоталардың көлемі (есептік жылдар бойынша);
6) квоталанатын қондырғы шығарындылары бойынша мониторинг және есеп беруге қатысты талаптарды операторлардың орындауы туралы ақпарат.
14. Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобалар операторлары мен бірлесіп жүзеге асыру жобалары операторларының шоттарына қатысты есепке мынадай ақпарат енгізіледі:
1) жобалардың атаулары мен олардың орналасқан жерлері, жобаны іске асыру нәтижелері бойынша көміртегі бірліктерін қолданысқа енгізу күні;
2) шығарындыларды азайтудың ішкі бірліктері мен шығарындыларды азайту бірліктерінің айналымға енгізілген бірліктерінің саны.
15. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерімен сауда жасау жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету мақсатында көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы өзінің интернет-ресурсында тоқсан сайын жаңартылатын есептерді жариялап отырады.
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – мемлекеттік кадастр) жүргізу мен ұстау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) парниктік газдар шығарындылары – парниктік газдардың атмосфераға белгілі бір учаскеде және уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде босап шығуы;
2) парниктік газдар сіңірулері – атмосфералық ауадан парниктік газды сіңіретін процесс, тетік немесе табиғи кешен.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік кадастрды әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.
2-тарау. Мемлекеттік кадастрды жүргізу және ұстау
4. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры парниктік газдар шығарындыларының көздері, қондырғы операторлары, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.
5. Мемлекеттік кадастрды жүргізуге мынадай іс-шараларды:
1) қондырғы операторларының парниктік газдар шығарындылары бойынша қағаз немесе электронды түрдегі есептілігін алуды;
2) алған деректерді өңдеу және мемлекеттік кадастрға енгізуді;
3) парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін талдау және болжамдауды іске асыру кіреді.
6. Мемлекеттік кадастрды жүргізу есептік кезеңнен кейінгі жыл ішінде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік кадастрды жүргізу кезінде "Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (бұдан әрі - № 502 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) нысандар бойынша әзірленген парниктік газдарды түгендеу туралы табиғат пайдаланушылардың есептері пайдаланылады.
Қондырғы операторы уәкілетті органға немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қағаз түрінде есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін парниктік газдарды түгендеу туралы есепті жібереді.
Бұл ретте әкімшілендіру субъектілері ұсынатын парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептер верификациялауға жатпайды.
Қондырғы операторы қағаз түрінде ұсынған парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептерде көрсетілген деректерді Мемлекеттік кадастр операторы Мемлекеттік кадастрға енгізеді.
8. Есепті электронды нысанда берген кезде Қондырғы операторы Мемлекеттік кадастрда тіркеледі және № 502 бұйрықпен бекітілген есеп нысанын толтырады.
9. Кодекстің 94-2-бабының талаптарына түсетін қондырғы операторы есеп нысанын толтырғаннан кейін оны валидация және верификация жөніндегі органға верификациялауға жібереді.
Валидация және верификация жөніндегі аккредителген орган Мемлекеттік кадастрда есептік жылдағы есептердегі қондырғы операторларының мәліметтерін растайды. Есептерге түзету енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, валидация және верификация жөніндегі аккредителген орган оны қондырғы операторына пысықтауға жібереді.
Қондырғы операторы Мемлекеттік кадастрға есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін парниктік газдарды түгендеу туралы есепті электронды түрінде жібереді.
10. Әкімшілендіру субъектісі есептің электронды нысанын толтырғаннан кейін Мемлекеттік кадастрдағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін верификациялаусыз жібереді.
11. Уәкілетті орган есепті Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкестігіне, валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның верификациясы болуына қарайды және оны берген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тіркейді. Есеп Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес келмеген және верификация болмаған жағдайда, есепті пысықтауға жібереді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепті Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкестігіне қарайды және оны берген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тіркейді. Есеп Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасынана сәйкес келмеген жағдайда, оны пысықтауға жібереді.