Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 148-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 маусымда № 7688 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 148-ө
бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу
саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар
бірліктеріне ауыстыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыстыру - көміртегі бірліктерін бір түрден басқа түрге айналдыру операциясы;

      2) көміртегі бірлігінің иесі - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін иеленетін тұлға;

      3) парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктері – шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктері, шығарындыларды ішкі азайту бірліктері және парниктік газдар сіңірулерінің бірліктері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыруды Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді.

      4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру олардың иелерінің Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі есеп шоттарында жүзеге асырылады.

      5. Парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктерін квоталар бірліктеріне айырбастау тиісті қосалқы шотта және Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі шотта бірліктердің тиісті саны болған кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу
саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар
бірліктеріне ауыстыру тәртібі

      6. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру олардың иесінің өтініш білдіруі бойынша жүргізіледі.

      7. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыруды жүргізу үшін көміртегі бірліктерінің иесі Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторына ауыстырылатын бірліктердің түрі мен көлемін көрсете отырып сұраным жібереді.

      8. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешімді көміртегі бірліктерінің иесінен ауыстыру жөнінде сұранымды алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

      9. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі өтініш берушінің есеп шотында парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктерінің қажетті мөлшері болмаған жағдайда айырбастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Шығарындыларды азайту бірліктерін және шығарындылардың сертификатталған бірліктерін квота бірліктеріне ауыстыруды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының белгіленген мөлшер бірліктері қолданысқа енгізілгеннен кейін Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді.

      11. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы ауыстыру туралы шешім қабылданған жағдайда көміртегі бірліктерінің иесінен тиісті сұраным түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде осы операцияны жүргізеді.

      12. Ауыстыру квотаның бір бірлігі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерінің бір бірлігі арақатынасында жүргізіледі.

      13. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру осы операцияда қолданылатын көміртегі бірліктерінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 1 сағаттан кешіктірмей жүргізеді.

      14. Квота бірліктеріне ауыстырылған шығарындылардың ішкі азайту бірліктері Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының келесі қолданылу кезеңіне тасымалдауға жатпайды.

      15. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.