Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментімен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануы;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануы;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсына жүктелуі қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 31.12.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы |
Қ. Қожамжаров |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
_______________ Ж. Асанов
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ |
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидалар құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды (бұдан әрі – кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен (бұдан әрі – тестілеу) және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізу тәртібін, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тестілеу "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамының қызметшісі болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырылады.
2-тарау. Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Орталық (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Тестілеуге Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматтары қатыса алады.
5-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-1-қосымшасында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушіні, "электрондық үкімет" ақппараттық-коммунткациялық инфрақұрылым операторын, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығын Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап ол туралы үш күн ішінде хабардар етеді.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.6. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.
Құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.
Кандидат Тізбенің 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Бірыңғай байланыс орталығында ала алады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей таңдайды.
Тестілеуге жазылу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда қолхатпен расталады.
7.1 Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8. Кандидат осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі – тестілеу бағдарламалары) бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.
10. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін) бар адамдар жіберіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдар үшін тестілеу бойынша нұсқаулық өткізеді және оларда туындаған сұрақтарға жауап береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Тестілеу өткізу басталғанға дейін өзін нашар сезінген кандидаттар ол туралы операторға хабарлайды. Бұл жағдайда ол осындай кандидаттарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Тестілеу уақыты уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша Орталықпен айқындалады.
14. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен, сонымен қатар тестілеу процессінің бейне- және аудиожазбасын жүргізу үшін техникалық жазба құралдарымен жабдықталады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.
16. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.
Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Тестіленуші кандидат осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, оператор осындай кандидаттың тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17-1. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 4-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.
Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар және тағы басқалары), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады.
Мұндай жағдайда осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады, ал тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
19. Тестілеуге берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.
20. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
21. Тестілеу аяқталғаннан кейін жиырма минуттан кеш емес уақытта адамдарға тестілеу нәтижелері беріледі.
22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.
Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері бірінші, екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Тестілеу нәтижелері оның өткізілген күнінен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (15.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттарға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Кандидаттар осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеудің нәимжелерін электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (15.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Кандидаттардің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
26. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.
27. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін жиырма минуттан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар жіберіледі.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (15.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижелерін алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген мерзімде келмеген кандидаттар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (15.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Кандидат осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.
30. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады.
Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қалыптастырылған қорытындылары тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (15.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
31. Тестілеуден өту мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар уәкілетті органның апелляциялық комиссиясына апелляцияға шағымдарын бере алады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген тестілеу мәндерінен төмен нәтиже алған кандидаттардан осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға өтініш тестілеуден өткен күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.
Апелляциялық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, түскен шағымдардың санына байланысты өткізіледі.
32-1. Апелляцияға кандидаттан келесі шағымдар қабылданады:
1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;
2) техникалық ақаулықтарға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану;
3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы актіге шағымдану;
4) тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану.
Ескерту. 4-тарау 32-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32-2. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген кандидат дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары мен оның жауап нұсқалары және (немесе) кандидаттың тестілеу рәсімінің бейне - және аудиожазбалары қарастырылады.
Ескерту. 4-тарау 32-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32-3. Тест тапсырмаларын, сондай-ақ кандидаттың тестілеу рәсімінің бейне - және аудиожазбаларын апелляциялық комиссияға сұрау бойынша Орталық береді.
Бұл ретте, тест тапсырмалары кандидаттарға тек танысу үшін ғана беріледі.
Ескерту. 4-тарау 32-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен рәсімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы Орталыққа жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде 2/3 (үштен екiсi) қатысқан жағдайда құқылы болады.
Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
34. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша апелляция түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;
2) кандидаттың апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.
Кандидаттың апелляциясы қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда оған тестілеуді қайта тапсыруға тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 5-тараумен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша және жеке қасиеттерді бағалауға құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Тестілеу өту мекенжайы: _________.
Тестілеу өтуді қалаған күні: _______
Тестілеу өтуді қалаған уақыты: ____
"___" ___________________20 __ ж.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 1-1-қосымша |
Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | Тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі. |
4 | Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі |
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде кандидаттан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
портал арқылы: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері |
1) кандидаттың соңғы бір ай ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар |
Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ҚОЛХАТ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға
кандидаттың________________________________________ өтініші қабылданды.
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Тестілеу өту күні: _________________________
Тестілеу өту уақыты: ______________________
Тестілеу өту мекенжайы: ___________________
Тестілеу бағдарламасы: ____________________
Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ескертпе: тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттар қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді.
Апелляциялық комиссиямен кандидаттың апелляциясы қанағаттандырылған жағдайда ол тестілеуді қайта тапсыруға жоғарыда көрсетілген мерзімді сақтаусыз жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.
"___" ___________________ 20 __ ж.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 3-қосымша |
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-OKGP-6, C-OKGP-7, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, С-FM-2, С-FM-3, С-FM-4, С-FMО-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.
2) екінші бағдарлама С-SV-8, С-SV-10, С-SVО-3, С-SVО-5, С-SVО-7, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-5, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, В-PK-4, В-PK-5, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-4, В-PKО-5, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
3) үшінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-OKGP-6, C-OKGP-7, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттағы құқық қорғау қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруға 4-қосымша |
|
Нысан |
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруды бұзу туралы АКТ
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.
Тестілеу операторы__________________________________________________
(оператордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Кандидаттың________________________ЖСН _______________________
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын,
бағдарламаларын және оны ұйымдастырудың 16-тармағын бұзу фактісі анықталды:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Ереже бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу операторының қолы:________________________________
Актімен таныстым:
_______________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген кандидаттың
осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)
_______________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас
тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
ЖСН)
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 4-1-қосымша |
Ескерту. 4-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті
Ескерту. 4-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________ қаласы | "____" ____ 20___ ж. __ сағ.. _ мин. |
______________________________________________________ тестілеу операторымен
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
азамат _______________________________ЖСН________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
орнына азамат _____________________________ЖСН____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
тестілеуді тапсыру әрекеті дерегі анықталды.
Тестілеу операторының қолы: ________________________________________________
Актімен таныстым: _________________________________________________________
(жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда - тиісті жазба_______
__________________________________________________________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол
қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Күні ____________ж. қала_________________
Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актіні
20__ жылғы "___" __________ ___ сағ. ___мин.
байланыс ақауының
компьютерлік техника ақауының
тоқ қуаты ақауының
өзге де себептің салдарынан жасадық.
Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:___________________
_________________________________________________________________
Тестілеу келесі адамдарға қатысты тоқтатылды:
1. | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | ЖСН | Қолы |
Тестілеу залы операторның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) мен қолы:
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы
СЕРТИФИКАТ
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________ |
| |||
Тест атауы | Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны | Тестілеуді өту мәні | Дұрыс жауаптардың саны | |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып
табылады.
Осы сертификат құқық қорғау қызметінің_______________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________ санаттарына жарамды.
Тестілеу операторының қолы: _________________________________
"___" ___________________ 20 __ ж.
М.О.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы
АНЫҚТАМА
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден _________________ қаласында "___" ____________ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді. | |||
Тест атауы | Тестілеу сұрақтарының/тапсырмалардың саны | Тестілеуді өту мәні | Дұрыс жауаптардың саны |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Осы кандидат қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады.
Тестілеу операторының қолы: __________________________________
"___" ___________________ 20 __ ж.
М.О.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 8-қосымша |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы
СЕРТИФИКАТ
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (15.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 9-қосымша |
Құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:
1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PK-4, В-PK-5, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, В-PKО-4, В-PKО-5, С-FM-2, С-FM-3, С-FM -4, С-FMO-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;
Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 2 балл, талдамалық - 2,5 балл, ұйымдасқандық - 2,5 балл, стратегиялық ойлану - 2,5 балл, көшбасшылық - 2,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1,5 балл, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - 2 балл.
2) екінші бағдарлама C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OKGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-OKGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;
Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 1,5 балл, сараптамалық - 2 балл, ұйымдасқандық - 1,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1 балл, жемқорлыққа шыдамау - 2 балл.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 10-қосымша |
Ескерту. 10-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Қатерлі аймақ – бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жеке қасиеттерін көрсету деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы.
Қорытынды қолданылу мерзімі жеке қасиеттерді бағалауды өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.
Тестілеу операторының қолы: __________________________________
М.О. "___" ___________________ 20 __ ж.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруға 11-қосымша |
Өтініш
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.11.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________ _____________________ қ.
(тестілеу күнін көрсету)
өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері
бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.
Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін
және оларды орындауға міндеттенемін.
"___" _______________ 20__ж.