Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 31 мамырдағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 15351 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруда:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен, сонымен қатар тестілеу процессінің бейне - және аудиожазбасын жүргізу үшін техникалық жазба құралдарымен жабдықталады.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.";

      24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2 мен 32-3 тармақтарымен толықтырылсын:

      "32-1. Апелляцияға кандидаттан келесі шағымдар қабылданады:

      1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;

      2) техникалық ақаулықтарға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану;

      3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы актіге шағымдану;

      4) тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану.

      32-2. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген кандидат дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары мен оның жауап нұсқалары және (немесе) кандидаттың тестілеу рәсімінің бейне - және аудиожазбалары қарастырылады.

      32-3. Тест тапсырмаларын, сондай-ақ кандидаттың тестілеу рәсімінің бейне - және аудиожазбаларын апелляциялық комиссияға сұрау бойынша Орталық береді.

      Бұл ретте, тест тапсырмалары кандидаттарға тек танысу үшін ғана беріледі.";

      Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастырудың 1, 2, 3, 7 және 9-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. "А" корпусының кадр резервіне бір конкурстық іріктеу аясында "А" корпусының резервіне үміткерлер өтініште көрсетілген тиісті санат үшін әр тестілеу бағдарламасы бойынша бір рет тестілеуден өтеді.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.";

      көрсетілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастырудың, бағдарламалары мен қағидаларының 1, 3 және 6-қосымшалары осы бұйрықтың 6, 7 және 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры

      ________________ Ж. Асанов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
1-қосымша
  Құқық қорғау қызметіне алғаш
рет кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
____________________________
тел._________________________
эл. мекенжайы ______________

Өтініш

      Мені Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша және жеке қасиеттерді бағалауға құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: ______________.

      Тестілеу өтуді қалаған күні: _____________.

      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: ____________.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
2-қосымша
  Құқық қорғау қызметіне алғаш
рет кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
2-қосымша
  Нысан

ҚОЛХАТ

      Құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттың

      ______________________________________________________________ өтініші қабылданды.

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Тестілеу өту күні: __________________________________________________________

      Тестілеу өту уақыты: ________________________________________________________

      Тестілеу өту мекенжайы: ____________________________________________________

      Тестілеу бағдарламасы: _____________________________________________________

      Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ескертпе: тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған құқық қорғау

      қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттар қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген

      күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Апелляциялық комиссиямен кандидаттың апелляциясы қанағаттандырылған жағдайда

      ол тестілеуді қайта тапсыруға жоғарыда көрсетілген мерзімді сақтаусыз жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған

      тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
3-қосымша
  Құқық қорғау қызметіне алғаш
рет кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
3-қосымша

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, В-PK-4, В-PK-5, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-4, В-PKО-5, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-SV-12, C-SV-13 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (45 сұрақ) кем дегенде 21 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 40 минутті құрайды.

      4) төртінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттағы құқық қорғау қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Төртінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Төртінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
4-қосымша
  Құқық қорғау қызметіне алғаш
рет кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
7-қосымша
  Нысан

Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА

______________________________________________________

(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден _________________ қаласында "___" ____________ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді.

Сурет



Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





ҚОРЫТЫНДЫ





      Осы кандидат қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес

      мерзімнен кейін өте алады.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: _________________________________________________________

      Тестілеу операторының қолы: ______________________________________________________

      М.О.            "___" ___________________ 20 __ ж.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
5-қосымша
  Құқық қорғау қызметіне алғаш
рет кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
9-қосымша

Құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

      Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, В-РК-1, В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-1, В-РКО-2, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4, санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 2,5 балл, стратегиялық ойлану – 2,5 балл, көшбасшылық – 2,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      2) екінші бағдарлама C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, C-SV-12, C-SV-13, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6, санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

      Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
6-қосымша
  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 1-қосымша

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарынының (бұдан әрі – "А" корпусының лауазымдары) бірінші, екінші және үшінші санаттарына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"(10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"(10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) білуге арналған тестерді қамтиды.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутты құрайды.

      2) екінші бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының төртінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестерді қамтиды.

      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутты құрайды.

      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлер үшін тестілеуді өту мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауапты құрайды.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
7-қосымша
  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

ҚОЛХАТ

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің

      ___________________________________________________________ өтініші қабылданды.

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Тестілеу өту күні: __________________________________________________________

      Тестілеу өту уақыты: ________________________________________________________

      Тестілеу өту мекенжайы: ____________________________________________________

      Тестілеу бағдарламасы: _____________________________________________________

      Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде

      шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді

      алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған

      тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
8-қосымша
  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 6-қосымша
  нысан

Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА

______________________________________________________________
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _________________ қаласында "___" __________ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді.

Сурет


Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





ҚОРЫТЫНДЫ




      Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес

      мерзімнен кейін өте алады.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: ___________________________________________________

      Тестілеу операторының қолы: ________________________________________________

      М.О.            "___" ___________________ 20 __ ж.