«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментімен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануы;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануы;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсына жүктелуі қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
_______________ Ж. Асанов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 1 бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидалар құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды (бұдан әрі – кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен (бұдан әрі – тестілеу) және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізу тәртібін, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісінің (бұдан әрі – әкімші) қатысуымен, сондай-ақ «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамның қызметшісі болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.
3. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырылады.
2-тарау. Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу
4. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
5. Тестілеуге Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматтары қатыса алады.
6. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тапсырады.
Кандидаттар Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.
7. Кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей таңдайды.
Тестілеуге жазылу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда қолхатпен расталады.
8. Кандидат осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі – тестілеу бағдарламалары) бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.
10. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамдар жіберіледі.
11. Тестілеу басталғанға дейін әкімші тестіленуші адамдар үшін тестілеу бойынша нұсқаулық өткізеді және оларда туындаған сұрақтарға жауап береді.
12. Тестiлеу өткізу басталғанға дейін өзiн нашар сезiнген адамдар ол туралы әкімшіге хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
13. Тестілеу уақыты уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша Орталықпен айқындалады.
14. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.
15. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.
16. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.
Тестілеуден өту барысында қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) қолданылмайды. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында өшірілуге жатады.
17. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте әкімші бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруды бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.
Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған адамдардың тестілеу нәтижелері жойылады.
18. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар және тағы басқалары), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады.
Мұндай жағдайда осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады, ал тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
19. Тестілеуге берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.
20. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
21. Тестілеу аяқталғаннан кейін жиырма минуттан кеш емес уақытта адамдарға тестілеу нәтижелері беріледі.
22. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған кандидатқа осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат (бұдан әрі – сертификат) беріледі.
Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат бірінші, екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
Үшінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
23. Тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
24. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттарға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
25. Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде жоғалған немесе бүлінген жағдайда кандидаттар осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификаттың телнұсқасын электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.
3-тарау. Кандидаттардің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
26. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.
27. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін жиырма минуттан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге сертификат алған адамдар жіберіледі.
28. Сертификат алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген уақытта келмеген адамдар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 7-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.
29. Кандидат осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.
30. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі.
Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
4-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
31. Тестілеуден өту мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің апелляциялық комиссияларына апелляцияға шағымдарын бере алады.
32. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген тестілеу мәндерінен төмен нәтиже алған кандидаттардан осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға өтініш тестілеуден өткен күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.
Апелляциялық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, түскен шағымдардың санына байланысты өткізіледі.
33. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен рәсімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы Орталыққа жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде 2/3 (үштен екiсi) қатысқан жағдайда құқылы болады.
Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
34. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша апелляция түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;
2) кандидаттың апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.
Кандидаттың апелляциясы қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда оған тестілеуді қайта тапсыруға тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
_________________________________
тел._____________________________
эл. мекенжайы ___________________
Өтініш
Мені құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға ____
санаты* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі
талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Тестілеу өту мекенжайы: ______________.
Тестілеу өтуді қалаған күні: _____________.
Тестілеу өтуді қалаған уақыты: ____________.
*Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы кандидаттың таңдаған санатын
ескере отырып автоматты түрде анықталады.
«___» ___________________ 20 __ ж..
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 2-қосымша
Нысан
ҚОЛХАТ
Құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттың
_____________________________________ өтініші қабылданды.
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Тестілеу өту күні:_____________________________________________
Тестілеу өту уақыты: __________________________________________
Тестілеу өту мекенжайы: _______________________________________
Ескертпе: тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған
құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттар қайта
тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем
емес мерзімнен кейін өтеді.
Апелляциялық комиссиямен кандидаттың апелляциясы
қанағаттандырылған жағдайда ол тестілеуді қайта тапсыруға жоғарыда
көрсетілген мерзімді сақтаусыз жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның
автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен «электрондық
үкімет» порталы арқылы берілді.
«___» ___________________ 20 __ ж.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 3-қосымша
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-NB-1, C-NB-2, C-NB-3, C-NBО-1, C-NBО-2, C-NBО-3, С-GD-1, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.
Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.
2) екінші бағдарлама С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, C-NB-4, C-NB-5, С-NB-6, С-NB-7, С-NB-8, C-NBО-4, C-NBО-5, С-NBО-6, С-NBО-7, С-NBО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
3) үшінші бағдарлама C-SV-12, C-SV-13 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.
Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 4-қосымша
Нысан
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруды бұзу туралы
АКТ
201_ ж. «___» _____________ сағат ______ мин.
Тестілеу әкімшісі____________________________________________________
(әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Тестілеу операторы___________________________________________________
(оператордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Кандидаттың ________________________ ЖСН __________________
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың 16-тармағын бұзу
фактісі анықталды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Ереже бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________
Тестілеу операторының қолы:__________________________________________
Актімен таныстым:
_____________________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған
Ереже бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас
тартқан жағдайда – тиісті жазба)
_____________________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол
қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 5-қосымша
Нысан
Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті
Күні ____________ж.
Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы
актті 20__ жылғы «___» __________ ___ сағ. ___мин.
байланыс ақауының
компьютерлік техника ақауының
тоқ қуаты ақауының
өзге себептің
салдарынан жасадық.
Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тестілеу келесі адамдарға қатысты тоқтатылды:
1. |
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ЖСН |
Тестілеу залы әкімшісінің
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:
Тестілеу залы операторның
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 6-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы
СЕРТИФИКАТ
_________________________________________ |
|
Тест атауы |
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны |
Тестілеуді өту мәні |
Дұрыс жауаптардың саны |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл
болып табылады.
Осы сертификат құқық қорғау қызметінің_______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________санаттарына жарамды.
Тестілеу әкімшісінің қолы: _________________________
Тестілеу операторының қолы: _______________________
«___» ___________________ 20 __ ж.
М.О.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 7-қосымша
Нысан
Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы
АНЫҚТАМА
_____________________________________________ |
|
Тест атауы |
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны |
Тестілеуді өту мәні |
Дұрыс жауаптардың саны |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Осы кандидат қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін өте алады.
Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________
Тестілеу операторының қолы: _________________________________________
«___» ___________________ 20 __ ж.
М.О.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 8-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы
СЕРТИФИКАТ
__________________________________________ |
|
Тест атауы |
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны |
Тестілеуді өту мәні |
Дұрыс жауаптардың саны |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл
болып табылады.
Осы сертификат құқық қорғау қызметінің_______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________санаттарына жарамды.
«___» ___________________ 20 __ ж.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған сертификат телнұсқасын беру жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 9-қосымша
Құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:
1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-NB-1, C-NB-2, C-NB-3, C-NB-4, C-NB-5, C-NBО-1, C-NBО-2, C-NBО-3, C-NBО-4, C-NBО-5, С-GD-1, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4, санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;
Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 2,5 балл, стратегиялық ойлану – 2,5 балл, көшбасшылық – 2,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
2) екінші бағдарлама C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, C-SV-12, C-SV-13, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, С-NB-6, С-NB-7, С-NB-8, С-NBО-6, С-NBО-7, С-NBО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6, санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік 12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;
Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 10-қосымша
нысан
Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Тестіленушінің ТАӘ |
||
Тестілеу күні мен уақыты: |
Қатерлі аймақ – бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жеке қасиеттерін көрсету деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы.
Қорытынды қолданылу мерзімі жеке қасиеттерді бағалауды өткен күннен
бастап бір жыл болып табылады.
Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________
Тестілеу операторының қолы: _________________________________________
М.О. «___» ___________________ 20 __ ж.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет
кіретін азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға 11-қосымша
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi
уәкiлеттi органның
___________________________ бойынша
аумақтық бөлімшесі апелляциялық
комиссиясының
Төрағасына
________________________________________
(кандидаттың Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
_______________________________________
(кандидаттың ЖСН)
Тел.__________________________________
Эл. мекенжайы_________________________
Өтініш
Мені, 20__ жылдың ____________________ _____________________ қ.
(тестілеу күнін көрсету)
өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу
нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.
Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі
талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
«___» _______________ 20__ж.