Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қазанда № 14297 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және (немесе) жұмыс істеп тұрған төлем жүйелері бойынша төлем жүйелерінің операторлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құрғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесінің жұмыс істей бастағаны туралы ақпаратты Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай ішінде ұсынсын.

      Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысушы болып табылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратты Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 221 қаулысымен
бекітілген

Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) тізілімге енгізу және тізілімді жүргізуі үшін Ұлттық Банкке ақпаратты, құжаттарды және мәліметтерді ұсыну қамтылады.

      2. Төлем жүйелерінің тізілімінде (бұдан әрі – тізілім) жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелері туралы мәліметтер болады.

      Ұлттық Банк төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсатында тізілімді жүргізеді.

      3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар пайдаланылады. Төлем жүйелерінің түрлері, олардың маңыздылығын айқындау өлшемшарттары мен тәсілдері Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 6-бабына сәйкес айқындалады.

2-тарау. Тізілімге енгізу үшін Ұлттық Банкке ұсынылатын ақпарат, құжаттар мен мәліметтер

      4. Ұлттық Банкті қоспағанда, төлем жүйесінің операторы (бұдан әрі – төлем жүйесінің операторы) төлем жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы ақпаратты Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – төлем жүйесі туралы ақпарат) ұсынады.

      5. Төлем жүйесінің операторы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында, Қағидалардың 4, 8-тармақтарында және 15-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде ұсынады.

      6. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке төлем жүйесі операторының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      7. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан астам үлесі (акциялары) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер) Ұлттық Банкке Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      8. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысқан жағдайда, осы банк (осы ұйым) мына құжаттарды:

      1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратты

      (бұдан әрі – төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпарат);

      2) төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу негізінде жүзеге асырылатын шарттың (шарттардың) көшірмесін (көшірмелерін) ұсына отырып, төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысуға шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Ұлттық Банкке осындай қатысу туралы хабарлайды.

      9. Ұлттық Банк төлем жүйесінің операторынан төлем жүйесі туралы ақпаратты не банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан қатысу туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлем жүйесі туралы деректерді Қағидаларға

      6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйелері журналына енгізеді.

      Ұлттық Банк төлем жүйелерінің журналын электрондық түрде жүргізеді.

      10. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының

      5-тармағында және Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, төлем жүйесінің операторы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.

      Төлем жүйесі туралы ақпаратта және төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратта көрсетілген деректер өзгертілген кезде төлем жүйесінің операторы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жаңартылған деректерді Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысанда осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.

      Ұлттық Банкке бұдан бұрын олар туралы ақпарат берілген төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер, құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер өзгертілген кезде төлем жүйесінің операторы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жаңартылған мәліметтерді Ұлттық Банкке осындай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.

      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқан жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ерікті жазбаша нысанда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқаны туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

3-тарау. Тізілімді жүргізу

      11. Ұлттық Банк тізілімді Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде жүргізеді және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына жариялайды.

      12. Ұлттық Банк төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне:

      1) күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау қорытындылары бойынша дербес;

      2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйесі операторының жазбаша өтініші (бұдан әрі – жазбаша өтініш) негізінде жатқызады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне өздігінен жүргізген талдаудың қорытындылары бойынша төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесі ретінде тізілімге енгізу не тізілімдегі төлем жүйесінің түрін өзгерту туралы шешім қабылдайды.

      14. Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне өздігінен жүргізген талдаудың қорытындылары бойынша төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу мақсатында төлем жүйесінің операторына Қағидалардың 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну үшін сұрату жібереді.

      Төлем жүйесінің операторы Ұлттық Банктен осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қағидалардың 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

      15. Төлем жүйесін жазбаша өтініш негізінде жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу үшін төлем жүйесінің операторы Ұлттық Банкке жазбаша өтініш ұсынады.

      Жазбаша өтінішке мына құжаттар:

      1) төлем жүйесі операторының басқару органының төлем жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шешімі және (немесе) төлем жүйесі операторының құрылтай құжаттары;

      2) төлем жүйесі операторының төлем жүйесіне қатысушылармен жасалған төлем жүйесіне қатысуға арналған шарт;

      3) төлем жүйесі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келуін растайтын, не төлем жүйесін өзге төлем жүйелеріне жатқызуды растайтын, төлем жүйесі арқылы соңғы он екі айда жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемі жөніндегі мәліметтер қоса беріледі.

      16. Ұлттық Банк жазбаша өтінішті қарайды және ол Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды.

      17. Бірнеше төлем жүйелерінің операторы болып табылатын заңды тұлға Ұлттық Банкке әрбір төлем жүйесі бойынша жеке-жеке жазбаша өтініш береді.

      18. Ұлттық Банк төлем жүйесі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде оны жүйелік маңызы бар не маңызды төлем жүйесіне жатқызу туралы не төлем жүйесін өзге төлем жүйелеріне жатқызу жөнінде шешім қабылдайды.

      19. Ұлттық Банк төлем жүйесі жазбаша өтініште көрсетілген төлем жүйесінің түріне сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаған кезде Ұлттық Банк шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себептерін көрсете отырып, бұл туралы төлем жүйесінің операторына жазбаша нысанда хабарлайды.

      20. Ұлттық Банк төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесі ретінде тізілімге енгізеді не тізілімге өзгерістер енгізеді;

      2) төлем жүйесінің операторына төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге де төлем жүйесіне жатқызу жөнінде жазбаша нысанда хабарлайды;

      3) осы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Ұлттық Банк төлем жүйесі туралы деректерді тізілімге енгізген күннен бастап төлем жүйесі жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызылады.

      22. Ұлттық Банк төлем жүйесін тізілімнен:

      1) төлем жүйесі операторының қызметін тоқтату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген кезде;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істеуі тоқтатылған кезде;

      3) Ұлттық Банк жүргізетін талдау қорытындылары бойынша қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының резидент- қатысушылары осы төлем жүйесі арқылы жүргізетін төлемдердің және (немесе) аударымдардың болмауы фактісі анықталған кезде алып тастайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында жұмысын тоқтатқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысанда бұл жөнінде хабарлама жібереді.

      24. Ұлттық Банк төлем жүйесі тізілімнен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде төлем жүйесінің операторына тізілімнен алып тастау себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.

  Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының аумағында жеке төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесінің жұмыс істеуінің басталуы туралы ақпарат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

__________________________________________________________________________ (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      осы арқылы ________________________________________________ бастап (Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істей бастаған күні – төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің бірінші қатысушысымен жасасқан шарттың күшіне енген күні)

      Қазақстан Республикасының аумағында

      __________________________________________________________________________

                                          (төлем жүйесінің аты)

      Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны/ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесінің жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды

                                    (керек емесін сызу)

      1. Төлем жүйесі операторының атауы, пошталық мекенжайы және орналасқан жері:

      ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                  (индекс, қала( облыс), аудан, көше, үйдің (кеңсенің) нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)

      2. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар орналастырылған төлем жүйесі операторының интернет-ресурсының домендік атауы туралы мәліметтер"

      _________________________________________________________________________

                                          (интернет-ресурс)

      3. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

      1) _______________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________.

      4. Қазақстан Республикасының резиденттері – төлем жүйесінің қатысушылары туралы мәліметтер (төлем жүйесіне қатысу талаптарының көшірмелерін қоса бере отырып)

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Мен қоса берілген мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________                   ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                               қолы

  Төлем жүйелерінің
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру (бар болса) нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) өзгерген жағдайда - олар қашан және қандай себептер бойынша өзгертілгені көрсетілсін)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

Тұрғылықты жері

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тұрғылықты жері, оның ішінде үй және қызметтік телефондарының нөмірлері, сондай-ақ электрондық поштаның мекенжайы)

Азаматтығы


      2. Төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырудағы салаларды сипаттау (лауазымдық міндеттерінің тізбесі):

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып

      табылатынын растаймын _______________________________ (қолы, күні).

      Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)                  қолы

  Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан астам үлесі (акциялары) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      1. Төлем жүйесі операторының құрылтайшысы (акционері) туралы мәліметтер:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (атауы)

      ______________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      Орналасқан жері:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті:

      ______________________________________________________________

      Негізгі қызмет түрі:

      ______________________________________________________________

      2. Төлем жүйесі операторының капиталындағы үлес (акция) мөлшері:

_____________________
Күні жағдай бойынша


      3. Төлем жүйесінің операторы құрылтайшысының (акционерінің) басшысы туралы мәліметтер:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20__ жылғы "___" __________________

      Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын ________________________________

      (қолы, күні).

      Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)            қолы

  Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан астам үлесі (акциялары) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса))

      1. Төлем жүйесі операторының құрылтайшысы (акционері) туралы мәліметтер:

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      Туылған күні

      _______________________________________________________________

      Азаматтығы _______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      _______________________________________________________________

      (құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері

      _______________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)

      Жұмыс орны (орналасқан жерін көрсете отырып), лауазымы

      _______________________________________________________________

      2. Төлем жүйесі операторының капиталындағы үлес (акция) мөлшері:

______________________
күні жағдай бойынша


      20__ жылғы "___" ______________________

      Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын __________________________________

      (қолы, күні).

      Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)            қолы

  Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі 

Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуы туралы ақпарат

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _________________________________________________________________________

      (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

      асыратын ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      1) Төлем жүйесінің атауы:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2) _______________ (төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға шарт жасалған күн)

      3) Төлем жүйесінің операторы:

      _______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса))

      Төлем жүйесі операторының пошталық мекенжайы және орналасқан жері:

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (кеңсенің) нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)

      4) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік атауы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                              (интернет-ресурс)

      5) Соның негізінде төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жүзеге асырылатын шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері):

      1) _______________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________.

      Мен қоса берілген мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _____________________________________ _____________

                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

  Төлем жүйелерінің
тізілімін жүргізу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Төлем жүйелерінің журналы

Р/с

Төлем жүйесін журналға қосу күні

Төлем жүйесі операторының атауы

Төлем жүйесі операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Төлем жүйесі операторының орналасқан жері

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында құрылған/ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін шетелдік төлем жүйесі

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуы туралы мәліметтер

Төлем жүйесінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруды бастау күні (төлем жүйелерінің операторлары үшін)/ төлем жүйелеріне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға шарттар жасау күні (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен үшін) ұйымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Төлем жүйелерінің
тізілімін жүргізу қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Төлем жүйелерінің тізілімі

Р/с

Төлем жүйесін тізілімге қосу күні

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесі операторының атауы

Төлем жүйесі операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Төлем жүйесі операторының орналасқан жері, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы, бірінші басшысының деректері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Жүйелік маңызы бар төлем жүйелері








Маңызды төлем жүйелері








Өзге төлем жүйелері








  Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Төлем жүйесі операторының жазбаша өтініші

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _____________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса))

      төлем жүйесін ________________________________________________

      (төлем жүйесінің атауы)

      төлем жүйелерінің тізіліміне жүйелік маңызы бар, маңызды, өзге де төлем жүйелері ретінде (керек емес түрлері сызылып тасталсын)

      қосуды сұраймыз.

      Негіздеме:

      ______________________________________________________________

      1) Төлем жүйесі операторының орналасқан жері:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы)

      2) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында және 9-бабының 1-тармағында көзделген құжаттар жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтер (аталған ақпарат жарияланған бөлімді/шағын бөлімді көрсете отырып)

      ______________________________________________________________

      (интернет-ресурс, бұл ақпарат жарияланған бөлім (шағын бөлім))

      3) Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      Туылған күні ______________________________________________________________

      Азаматтығы ______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      ______________________________________________________________

      (құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері

      ______________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офистің) нөмірі)

      ______________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса))

      Жұмыс орны (орналасқан жерін көрсете отырып), лауазымы

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      4) Төлем жүйелерін жүргізу қағидаларының 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген, қоса беріліп отырған құжаттар:

      1) _____________________________________________________________;

      2) ____________________________________________________________.

      Төлем жүйелерін жүргізу қағидаларының 15-тармағының екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар жарияланған интернет-ресурстың домендік аты (мекенжайы) (Төлем жүйелерін жүргізу қағидаларының 15-тармағының екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілмейді):

      ______________________________________________________________ 

      Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)            қолы