Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларына көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 112 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21271 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 112

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14298 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларында, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарда:

      2-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Эмитент және (немесе) оператор жеке тұлға электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асырғанға дейін осы жеке тұлғаны электрондық ақша жүйесінде оған электрондық әмиянның сәйкестендіру кодын көрсете отырып, электрондық әмиян ашылғаны туралы хабардар етеді.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдер мен өзге де операциялар электрондық ақша жүйесінің ішкі қағидаларында не электрондық ақша жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленген рұқсат етілмеген қолжеткізудің қауіпсіздік рәсімдерін сақтау талабымен электрондық ақша иесі өзінің электрондық әмиянынан электрондық ақшаның сәйкестендірілген иесінің электрондық әмиянына беру жолымен жүзеге асырылады.

      24. Электрондық ақшаны пайдалана отырып төлем жүзеге асырылғаннан кейін олардың иесіне электрондық хабарлама нысанында не қағаз тасымалдағышта электрондық ақшаны пайдалана отырып операция жүзеге асырылған фактісін растайтын сауда чегі (бұдан әрі – сауда чегі) беріледі.

      Сауда чегінде мына мәліметтер:

      1) төлем сомасы;

      2) төлемді жасау уақыты мен күні;

      3) сауда чегінің реттік нөмірі;

      4) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы (коды) және жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      5) транзакция коды немесе электрондық ақша жүйесінде төлемді сәйкестендіретін басқа код;

      6) электрондық ақша иесінің электрондық әмиянының сәйкестендіру коды;

      7) оператордың байланыс телефондарының, оның ішінде ұялы байланыстың байланыс нөмірлері қамтылады.

      Сауда чегінде қосымша деректемелерді көрсетуге рұқсат беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Электрондық ақшаны аудару жүзеге асырылғаннан кейін олардың иесіне электрондық хабарлама нысанында не қағаз тасымалдағышта электрондық ақшаны пайдалана отырып операция жүзеге асырылу фактісін растайтын құжат беріледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Электрондық ақша жүйесінің қатысушылары арасында электрондық ақша аударуға рұқсат етіледі, онда электрондық ақша алушылар электрондық ақшаның бір жүйесі шеңберінде бір және бірнеше эмитенттердің де электрондық ақшасының сәйкестендірілген иелері болып табылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Эмитент Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 42-бабының 5-тармағында және 44-бабының 4-тармағында белгіленген сәйкестендірілмеген электрондық ақша иелері үшін электрондық ақшаны сатып алу сомасы, электрондық әмиянда электрондық ақшаны сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы бойынша шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Электрондық ақша иесі электрондық ақшаны пайдалана отырып сатып алған азаматтық-құқықтық мәміле нысанынан бас тартқан және дара кәсіпкер немесе заңды тұлға мұндай бас тартуды қабылдаған жағдайда, электрондық ақша иесі-төлеушіге оның электрондық әмиянына электрондық ақша қайтарылады не оған электрондық ақша сомасына балама ақша сомасы өтеледі. Мұндай төлемді жүзеге асыру тәсілдері, тәртібі мен мерзімдері электрондық ақша жүйесінің ішкі қағидаларында белгіленеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Дара кәсіпкер және (немесе) заңды тұлға электрондық ақша иесінен электрондық ақшаны азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлем ретінде қабылдаған кезде эмитент оларды Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 44-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде өтейді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған немесе лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған эмитент банк шығарған электрондық ақшаны пайдалана отырып, жасалатын операцияларды тоқтату

      41-1. Эмитент банктің лицензиясының және (немесе) лицензияға қосымшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырған күннен бастап оператор осы эмитент шығарған электрондық ақшаны пайдалана отырып, жасалатын операцияларды тоқтатады, сондай-ақ бұл туралы электрондық ақша иелерін электрондық ақша жүйесінің интернет-ресурсы (бар болса) және электрондық ақша иесінің жеке кабинеті, бұқаралық ақпарат құралдары, электрондық ақша иесі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына және (немесе) ұялы байланыс құрылғысына қысқа мәтіндік және (немесе) мультимедиялық хабарламалар жөнелту арқылы хабардар етеді.

      41-2. Операторға меншікті қаражаты есебінен лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған немесе лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған эмитент банк шығарған электрондық ақшаны жеке тұлға – электрондық ақша иелерінен сатып алуына рұқсат етіледі. Операторға таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілігіне сәйкес өзінің электрондық әмиянында сатып алынған электрондық ақшаның жалпы сомасы өтеледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. Электрондық ақша иесін - жеке тұлғаны қашықтан және оңайлатылған тәсілмен сәйкестендіру

      50. Электрондық ақша иесі - жеке тұлғаны қашықтан сәйкестендіруді эмитент және (немесе) оператор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен бекітілген Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметтерін көрсету қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген) көзделген тәртіппен және негіздерде банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық орталығынан алынған қолжетімді көздерден алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

      51. Электрондық ақша иесі - жеке тұлғаны оңайлатылған тәсілмен сәйкестендіруді эмитент және (немесе) оператор бейнеконференция сеансын өткізу арқылы немесе сәйкестендіру процесінде сұхбат алушының қозғалысын анықтау технологиясын іске асыратын арнайы қосымшаның көмегімен клиенттің бейнесін тіркеу арқылы жүзеге асырады.

      Эмитент және (немесе) оператор оңайлатылған сәйкестендіруді өзінің ресми интернет-ресурсы және (немесе) мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 52, 53 және 54-тармақтарының талаптары сақталған жағдайда жасалған шарт негізінде электрондық ақша иесі - жеке тұлғаны оңайлатылған сәйкестендіруді жүргізу үшін эмитенттің және (немесе) оператордың өзге де дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың құрылғыларын пайдалануына жол беріледі.

      52. Оңайлатылған сәйкестендіруді жүргізу кезінде эмитент және (немесе) оператор:

      1) электрондық ақша иесі - жеке тұлғаның бет әлпетін және оның жеке басын куәландыратын құжатты толық тіркеуді;

      2) ашық көздерден электрондық ақша иесі - жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы растаманы алуды қамтамасыз етеді.

      Егер аталған талаптар мен мәселелер электрондық ақша жүйесінің ішкі қағидаларында көзделсе, эмитенттің және (немесе) оператордың оңайлатылған сәйкестендіруді жүргізу кезінде қосымша талаптар немесе бақылау мәселелерін белгілеуіне жол беріледі.

      53. Эмитент және (немесе) оператор оңайлатылған сәйкестендіруді жүргізу үшін ақпараттың конфиденциалдылығының, тұтастығының және қолжетімділігінің жай-күйін қолдауға бағытталған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануды қамтамасыз етеді.

      54. Эмитент және (немесе) оператор электрондық ақша жүйесінің ішкі қағидаларында және оператор және (немесе) эмитент пен электрондық ақша иесі арасында жасалған шарттарда көзделген рәсімдер негізінде электрондық ақша иесі - жеке тұлғаны оңайлатылған тәсілмен сәйкестендіру туралы шешім қабылдайды.".

      2. "Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14297 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау қорытындылары бойынша дербес;";

      1 және 5-қосымшалар осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Маңызды төлем жүйелері өлшемдерінің көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14303 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының мына көрсеткіштері бекітілсін:

      1) төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен жүйелік маңызы бар төлем жүйелері арқылы жыл бойы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемін шегергенде, осы төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде;

      2) төлем жүйесі арқылы осы төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде;

      3) төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан шетелге жіберілген және Қазақстан Республикасына шетелден алынған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жиынтық көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы халықаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде;

      4) төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы бойынша және шетелге ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның және ақшаны аудару жүйелері арқылы Қазақстан Республикасына шетелден алынған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жиынтық көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде ақшаны ақша аудару жүйелері үшін жыл бойы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде;

      5) төлем жүйесі арқылы осы төлемдердің жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы төлем карточкаларымен есеп айырысулар бойынша банкаралық төлемдерді жүзеге асырған кезде;

      6) бір мезгілде мына екі талап орындалған кезде:

      күнтізбелік жылдың басында осы төлем жүйесі шеңберінде шығарылған төлем карточкаларының саны айналыстағы төлем карточкаларының жалпы санынан жиырма бес пайызға жеткен кезде;

      күнтізбелік жыл ішінде төлем жүйесі арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің жалпы көлемінен кемінде жиырма бес пайыз көлемінде операциялар жүзеге асырған кезде.".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
көрсетілетін төлем қызметтері
нарығының субъектілерін
реттеуді жетілдіру мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
  Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының аумағында жеке төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесінің жұмыс істеуінің басталуы туралы ақпарат __________________________________________________________________________ (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      осы арқылы ________________________________________________ бастап (Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істей бастаған күні – төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің бірінші қатысушысымен жасасқан шарттың күшіне енген күні)

      Қазақстан Республикасының аумағында

      __________________________________________________________________________

                                          (төлем жүйесінің аты)

      Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны/ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесінің жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды

                                    (керек емесін сызу)

      1. Төлем жүйесі операторының атауы, пошталық мекенжайы және орналасқан жері:

      ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                  (индекс, қала( облыс), аудан, көше, үйдің (кеңсенің) нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)

      2. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар орналастырылған төлем жүйесі операторының интернет-ресурсының домендік атауы туралы мәліметтер"

      _________________________________________________________________________

                                          (интернет-ресурс)

      3. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

      1) _______________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________.

      4. Қазақстан Республикасының резиденттері – төлем жүйесінің қатысушылары туралы мәліметтер (төлем жүйесіне қатысу талаптарының көшірмелерін қоса бере отырып)

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Мен қоса берілген мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________                   ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                               қолы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
көрсетілетін төлем қызметтері
нарығының субъектілерін
реттеуді жетілдіру мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша
  Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі 

Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуы туралы ақпарат

      _________________________________________________________________________

      (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

      асыратын ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      1) Төлем жүйесінің атауы:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2) _______________ (төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға шарт жасалған күн)

      3) Төлем жүйесінің операторы:

      _______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса))

      Төлем жүйесі операторының пошталық мекенжайы және орналасқан жері:

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (кеңсенің) нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)

      4) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік атауы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                              (интернет-ресурс)

      5) Соның негізінде төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жүзеге асырылатын шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері):

      1) _______________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________.

      Мен қоса берілген мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _____________________________________ _____________

                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы