"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-7) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және (немесе) жұмыс істеп тұрған төлем жүйелері бойынша төлем жүйелерінің операторлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құрғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесінің жұмыс істей бастағаны туралы ақпаратты Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай ішінде ұсынсын.
Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысушы болып табылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратты Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысымен бекітілген |
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-7) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) тізілімге енгізуі және тізілімді жүргізуі үшін Ұлттық Банкке ақпаратты, құжаттарды және мәліметтерді ұсынуды қамтиды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Төлем жүйелерінің тізілімінде (бұдан әрі – тізілім) жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелері туралы мәліметтер болады.
Ұлттық Банк төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсатында тізілімді жүргізеді.
3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген "Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-1. Қағидалардың банктерге қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына қолданылады.
Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Тізілімге енгізу үшін Ұлттық Банкке ұсынылатын ақпарат, құжаттар мен мәліметтер
4. Ұлттық Банкті қоспағанда, төлем жүйесінің операторы (бұдан әрі – төлем жүйесінің операторы) төлем жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы ақпаратты Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – төлем жүйесі туралы ақпарат) ұсынады.
4-1. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларының талаптарына сәйкес төлем жүйесі операторының төлем жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі мыналарды:
1) төлем жүйесінің инфрақұрылымы (бағдарламалық қамтамасыз ету және оның сипаттамалары, қуаттылығы, қолданылатын жабдық, резервтеуді қалпына келтіру және қорғау әдістері) жөніндегі мәліметтерді;
2) төлем жүйесінің инфрақұрылымында қолданылатын технологияларды жетілдіру әдістері жөніндегі мәліметтерді;
3) төлем жүйесі инфрақұрылымының халықаралық стандарттарға сәйкес келуі жөніндегі мәліметтерді;
4) төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі шараларды қамтиды, олар мыналарды:
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді және бақылауды және қатерлерді анықтау және талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру жөніндегі іс-шараларды;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін әдіснамалық қолдауды;
төлем жүйесі инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін басқару әдістерін, құралдары мен тетіктерін таңдауды, енгізуді және қолдануды, қамтамасыз етуді және бақылауды;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, шоғырландыруды, сақтауды және өңдеуді;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдауды;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарды енгізуді, тиісті жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға қолжетімділікті ұсынуды;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында артықшылық берілген есептік жазбаларды пайдалану бойынша шектеулерді айқындауды;
төлем жүйесі операторы қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінде хабардар болуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді;
төлем жүйесі операторының ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйін мониторингтеуді;
төлем жүйесі операторының басшылығына ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі туралы мерзімде түрде (бірақ жылына бір реттен сиретпей) хабарлауды;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты кемінде бес жыл сақтауды;
Ұлттық Банкті Қазақстан Республикасындағы операциялар бойынша іске асырылған төлем жүйесінің инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздіктің анықталған мынадай:
төлем жүйесінің инфрақұрылымында қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды пайдалануға;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық жүйеге рұқсатсыз кіруге;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық жүйеге немесе деректерді беру желісіне "қызмет көрсетуден бас тарту" шабуылына;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында серверді зиянды бағдарламамен немесе кодпен (оқыс оқиғамен) зақымдауға;
төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық жүйелердің және бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздігін бақылаудың бұзылуы салдарынан ақшаны рұқсатсыз аударуға алып келген оқыс оқиғалары туралы хабардар етуді қамтиды.
Осы тармақта көрсетілген төлем жүйесінің инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты төлем жүйесінің операторы мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ төлем жүйесінің операторы осындай оқыс оқиғаны анықтаған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірмей ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын анықтау фактісі бойынша Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және оны ұсыну кезінде оқыс оқиға туралы қолжетімді ақпараттың көлеміне сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының картасы түрінде береді.
Ақпараттық қауіпсіздіктің әрбір оқыс оқиғасына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының жеке картасы толтырылады.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-2. Төлем жүйесінің инфрақұрылымында төлем жүйесі операторының төлем жүйесінде қолданылатын технологиялары бойынша ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйелер жөніндегі мәліметтерде бағдарламалық модульдердің сипаттамасы қамтылады, олар мыналарды:
1) жабдықтың кез келген учаскесінде кез келген уақытта электр қуаты толық немесе ішінара ажыратылған кезде ақпаратты сенімді сақтауды, рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғауды, дерекқордың тұтастығын және электрондық архивтер мен дерекқорлардағы ақпараттың толық сақталуын;
2) әкімші және пайдаланушы сияқты кірудің кемінде екі деңгейін көздейтін бағдарламалық қамтамасыз етуде іске асырылған кіріс деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге көп деңгейлі қолжеткізуді;
3) есепке алу жүйелерінде сақталатын деректерді резервтеу және қалпына келтіру мүмкіндігін;
4) мынадай атрибуттарды: оқиғаның басталған күні мен уақытын, оқиғаның атауын, іс-әрекетті жүргізген пайдаланушыны, жазбаның сәйкестендіргішін, оқиғаның аяқталған күні мен уақытын, оқиғаның орындалу нәтижесін сақтай отырып, ақпараттық жүйеде орын алған оқиғаларды тіркеуді және сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Төлем жүйесінің операторы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында, Қағидалардың 4, 8-тармақтарында және 15-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде ұсынады.
6. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке төлем жүйесі операторының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
7. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан астам үлесі (акциялары) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер) Ұлттық Банкке Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
8. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысқан жағдайда, осы банк (осы ұйым) мына құжаттарды:
1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратты
(бұдан әрі – төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпарат);
2) төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу негізінде жүзеге асырылатын шарттың (шарттардың) көшірмесін (көшірмелерін) ұсына отырып, төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысуға шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Ұлттық Банкке осындай қатысу туралы хабарлайды.
9. Ұлттық Банк төлем жүйесінің операторынан төлем жүйесі туралы ақпаратты не банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан қатысу туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлем жүйесі туралы деректерді Қағидаларға
6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйелері журналына енгізеді.
Ұлттық Банк төлем жүйелерінің журналын электрондық түрде жүргізеді.
10. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының
5-тармағында және Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, төлем жүйесінің операторы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.
Төлем жүйесі туралы ақпаратта және төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратта көрсетілген деректер өзгертілген кезде төлем жүйесінің операторы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жаңартылған деректерді Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысанда осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.
Ұлттық Банкке бұдан бұрын олар туралы ақпарат берілген төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер, құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер өзгертілген кезде төлем жүйесінің операторы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жаңартылған мәліметтерді Ұлттық Банкке осындай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқан жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ерікті жазбаша нысанда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқаны туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.
3-тарау. Тізілімді жүргізу
11. Ұлттық Банк тізілімді Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде жүргізеді және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына жариялайды.
12. Ұлттық Банк төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне:
1) күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау қорытындылары бойынша дербес;
2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйесі операторының жазбаша өтініші (бұдан әрі – жазбаша өтініш) негізінде жатқызады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне өздігінен жүргізген талдаудың қорытындылары бойынша төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесі ретінде тізілімге енгізу не тізілімдегі төлем жүйесінің түрін өзгерту туралы шешім қабылдайды.
14. Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне өздігінен жүргізген талдаудың қорытындылары бойынша төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу мақсатында төлем жүйесінің операторына Қағидалардың 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну үшін сұрату жібереді.
Төлем жүйесінің операторы Ұлттық Банктен осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қағидалардың 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
15. Төлем жүйесін жазбаша өтініш негізінде жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу үшін төлем жүйесінің операторы Ұлттық Банкке жазбаша өтініш ұсынады.
Жазбаша өтінішке мына құжаттар:
1) төлем жүйесі операторының басқару органының төлем жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шешімі және (немесе) төлем жүйесі операторының құрылтай құжаттары;
2) төлем жүйесі операторының төлем жүйесіне қатысушылармен жасалған төлем жүйесіне қатысуға арналған шарт;
3) төлем жүйесі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келуін растайтын, не төлем жүйесін өзге төлем жүйелеріне жатқызуды растайтын, төлем жүйесі арқылы соңғы он екі айда жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемі жөніндегі мәліметтер қоса беріледі.
16. Ұлттық Банк жазбаша өтінішті қарайды және ол Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 96 (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Бірнеше төлем жүйелерінің операторы болып табылатын заңды тұлға Ұлттық Банкке әрбір төлем жүйесі бойынша жеке-жеке жазбаша өтініш береді.
18. Ұлттық Банк төлем жүйесі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде оны жүйелік маңызы бар не маңызды төлем жүйесіне жатқызу туралы не төлем жүйесін өзге төлем жүйелеріне жатқызу жөнінде шешім қабылдайды.
19. Ұлттық Банк төлем жүйесі жазбаша өтініште көрсетілген төлем жүйесінің түріне сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаған кезде Ұлттық Банк шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себептерін көрсете отырып, бұл туралы төлем жүйесінің операторына жазбаша нысанда хабарлайды.
20. Ұлттық Банк төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесі ретінде тізілімге енгізеді не тізілімге өзгерістер енгізеді;
2) төлем жүйесінің операторына төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге де төлем жүйесіне жатқызу жөнінде жазбаша нысанда хабарлайды;
3) осы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Ұлттық Банк төлем жүйесі туралы деректерді тізілімге енгізген күннен бастап төлем жүйесі жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызылады.
22. Ұлттық Банк төлем жүйесін тізілімнен:
1) төлем жүйесі операторының қызметін тоқтату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген кезде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істеуі тоқтатылған кезде;
3) Ұлттық Банк жүргізетін талдау қорытындылары бойынша қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының резидент- қатысушылары осы төлем жүйесі арқылы жүргізетін төлемдердің және (немесе) аударымдардың болмауы фактісі анықталған кезде алып тастайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.23. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында жұмысын тоқтатқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысанда бұл жөнінде хабарлама жібереді.
24. Ұлттық Банк төлем жүйесі тізілімнен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде төлем жүйесінің операторына тізілімнен алып тастау себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмысын бастағаны туралы ақпарат
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
____________________________________________________________________
(төлем жүйесі операторының атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
осы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құрғаны/
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны
туралы хабарлайды (қажет емесі сызылып тасталсын)
____________________________________________________________________
(төлем жүйесінің атауы)
____________________________________________________________________
бастап (Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күн
– банктермен, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарымен немесе
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен төлем
жүйесіне қатысуға арналған шартты жасасқан күн) 1. Төлем жүйесі операторының
орналасқан жері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)

(телефон, факс, электрондық поштаның (бар болса) мекенжайы)
2. Төлем жүйесі операторының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағында көзделген құжаттар орналасқан
интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтер.
____________________________________________________________________
(интернет-ресурс) 3. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттардың
тізбесі:
1) ____________________________________________________________________;
2) ____________________________________________________________________.
4. Қазақстан Республикасының резиденттері – төлем жүйесінің қатысушылары туралы
мәліметтер (төлем жүйесіне қатысуға арналған шарттардың көшірмелерін қоса бере
отырып) Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және
толық болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Төлем жүйесі операторының
бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам
_________________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 1-1-қосымша |
Нысан
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы картасы
Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Жалпы мәліметтер | |
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының сипаттамасы | Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпарат | |
1 | Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының атауы | |
2 | Анықталған күні мен уақыты (жжжж кк.аа.және сс:мм сағат белдеуін көрсете отырып UTC+X) | |
3 | Анықталған орны (ұйым, филиал, ақпараттық инфрақұрылым сегменті) | |
4 | Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпараттың дереккөзі (пайдаланушы, әкімші, ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері немесе техникалық құрал) | |
5 | Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы іске асырылған кезде қолданылған әдістер (әлеуметтік инженерия, зиянды кодты ендіру) | |
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының мазмұны | ||
6 | Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының симптомдары, белгілері | |
7 |
Негізгі оқиғалар (қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды пайдалану; | |
8 | Зақымданған активтер (электрондық ақша жүйесі операторының ақпараттық инфрақұрылымының нақты деңгейі, желілік жабдығының деңгейі, желілік қосымшалары мен сервистерінің деңгейі, операциялық жүйелерінің деңгейі, технологиялық процестері мен қосымшаларының деңгейі және бизнес-процестерінің деңгейі) | |
9 | Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының мәртебесі (орын алған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын жүзеге асыру мүмкіндігі, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасына күдік) | |
10 | Зиян | |
11 | Қауіп көздері (анықталған идентификаторлар) | |
12 | Қасақана (қасақана, қате) | |
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы бойынша қабылданған шаралар | ||
13 | Қабылданған іс-әрекеттер (осалдықтарды сәйкестендіру, бұғаттау, қалпына келтіру және өзгелері) | |
14 | Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің туындауын барынша азайтуға бағытталған жоспарланған іс-әрекеттер | |
15 | Хабардар болған тұлғалар (лауазымды тұлғалардың (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), мемлекеттік органдардың, ұйымдардың атауы) | |
16 | Тартылған мамандар (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жұмыс орны, қызметі) |
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жауапты қызметкер ____________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Күні 20 ___ жылғы "____" ______
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
____________________________________________________________________
(төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру (бар болса) нөмірі)
____________________________________________________________________
(лауазымы)
1. Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
__________________________________________________________________ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері |
__________________________________________________________________ |
Тұрғылықты жері |
__________________________________________________________________ |
Азаматтығы |
2. Төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырудағы салаларды сипаттау (лауазымдық міндеттерінің тізбесі):
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып
табылатынын растаймын _______________________________ (қолы, күні).
Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
__________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) қолы
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан астам үлесі (акциялары) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_______________________________________________________________
(төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
1. Төлем жүйесі операторының құрылтайшысы (акционері) туралы мәліметтер:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(атауы)
______________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
Орналасқан жері:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті:
______________________________________________________________
Негізгі қызмет түрі:
______________________________________________________________
2. Төлем жүйесі операторының капиталындағы үлес (акция) мөлшері:
_____________________ |
3. Төлем жүйесінің операторы құрылтайшысының (акционерінің) басшысы туралы мәліметтер:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
20__ жылғы "___" __________________
Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын ________________________________
(қолы, күні).
Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
__________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) қолы
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан астам үлесі (акциялары) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_______________________________________________________________
(төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса))
1. Төлем жүйесі операторының құрылтайшысы (акционері) туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_______________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
Туылған күні
_______________________________________________________________
Азаматтығы _______________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
_______________________________________________________________
(құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)
Тұрғылықты жері
_______________________________________________________________
(индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)
_______________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)
Жұмыс орны (орналасқан жерін көрсете отырып), лауазымы
_______________________________________________________________
2. Төлем жүйесі операторының капиталындағы үлес (акция) мөлшері:
______________________ |
20__ жылғы "___" ______________________
Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын __________________________________
(қолы, күні).
Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
__________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу туралы ақпараттар
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
____________________________________________________________________
(банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
1) Төлем жүйесінің атауы: _____________________________________________
____________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
(төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға арналған шартты
жасау күні)
3) Төлем жүйесінің операторы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
Төлем жүйесі операторының орналасқан орны:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса) 4) "Төлемдер және
төлемдер жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында
көзделген құжаттар жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының
домендік аты туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(интернет-ресурс) 5) Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға
негіз болатын шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері):
1) __________________________________________________________________;
2) __________________________________________________________________.
Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық
болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Банктің, Қазақстан Республикасы
бейрезидент банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам
_____________________________________ _____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Төлем жүйелерінің журналы
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
р/с № | Төлем жүйесін журналға қосу күні | Төлем жүйесі операторының атауы | Төлем жүйесі операторының бизнес идентификациялау нөмірі (бар болса) | Төлем жүйесі операторының орналасқан жері | Төлем жүйесінің атауы | Төлем жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында құрылған/ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін шетелдік төлем жүйесі | Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуы туралы мәліметтер | Төлем жүйесінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруды бастау күні (төлем жүйелерінің операторлары үшін)/ төлем жүйелеріне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға шарттар жасау күні (банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Төлем жүйелерінің тізілімі
Р/с | Төлем жүйесін тізілімге қосу күні | Төлем жүйесінің атауы | Төлем жүйесі операторының атауы | Төлем жүйесі операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) | Төлем жүйесі операторының орналасқан жері, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы, бірінші басшысының деректері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жүйелік маңызы бар төлем жүйелері | ||||||
Маңызды төлем жүйелері | ||||||
Өзге төлем жүйелері | ||||||
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 8-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
Төлем жүйесі операторының жазбаша жолданымы
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
____________________________________________________________________
(төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)) төлем
жүйесін _______________________________________________________
(төлем жүйесінің атауы) төлем жүйелерінің тізіліміне (жүйелік маңызы бар, маңызды,
өзге де төлем жүйелері) ретінде (керек емес түрлері сызылып тасталсын) қосуды
сұрайды.
Негіздеме:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
1) Төлем жүйесі операторының орналасқан жері:

(телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы)
2) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабының 4-тармағында және 9-бабының 1-тармағында көзделген құжаттар
жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы
мәліметтер (аталған ақпарат жарияланған бөлімді/шағын бөлімді көрсете отырып)
____________________________________________________________________
(интернет-ресурс, бұл ақпарат жарияланған бөлім (шағын бөлім)).
3) Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
Туылған күні
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Азаматтығы
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)
Тұрғылықты жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офистің) нөмірі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса))
Жұмыс орны (орналасқан жерін көрсете отырып), лауазымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4) Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 15-тармағы екінші бөлігінің
1) және 2) тармақшаларында көзделген, қоса беріліп отырған құжаттар:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________.
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 15-тармағы екінші бөлігінің
1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар жарияланған интернет-ресурстың
домендік аты (мекенжайы) (Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының
15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса
берілмейді):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық
болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Төлем жүйесі операторының бірінші
басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам
_____________________________________ _____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы