"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 1 тамыздағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 қыркүйекте № 14213 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2011 жылғы 6 қаңтардағы "Құқық қорғау органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыратын қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12782 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде № 138 (28866) 2016 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Тестілеу бойынша төменгі шекті мәні сұрақтардың жалпы санының 70% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Прокуратура туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.";
      көрсетілген қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры

Ж. Асанов

   


Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 1 тамыздағы
№132 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарына
қызметке қабылданатын
үміткерлерді іріктеу және
оларды алдын ала зерделеу
қағидаларына 2 қосымша

Компьютерлік тестілеу бағдарламалары

Лауазымдар санаты
 

Программа
 

Тапсырмалар саны
 

C-GP-1,
C-GP-2,
C-ОGP-2,
C-ОGP-3,
C-A-GP-1,
C-A-GP-2
 

Қазақстан Ресупбликасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (5 сұрақ), "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (5 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ), "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" (5 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" (3 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды
 

120 сұрақ
 

C-GP-3,
C-GP-4,
C-ОGP-4,
C-ОGP-5,
C-RGP-1,
C-A-GP-3,
C-A-GP-4
 

Қазақстан Ресупбликасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (5 сұрақ), "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (5 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ), "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" (5 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" (3 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды
 

120 сұрақ
 

C-GP-5,
C-GP-6,
C-ОGP-6,
C-RGP-2,
C-A-GP-5,
C-A-GP-6
 

Қазақстан Ресупбликасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (8 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (8 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (7 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (5 сұрақ), "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (5 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ), "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" (5 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды
 

120 сұрақ
 

C-ОGP-7,
C-ОGP-8-
ҚСжАЕАЖК-тің лауазымдарын қоспағанда,
C-RGP-3,
C-RGP-4
 

Қазақстан Ресупбликасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (8 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (8 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (7 сұрақ), "Прокуратура туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ),
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (7 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды
 

120 сұрақ
 

C-RGP-5,
C-ОGP-8
санатындағы ҚСжАЕАЖК-тің лауазымдары
 

Қазақстан Ресупбликасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (7 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ), "Прокуратура туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (10 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (6 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (6 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (6 сұрақ) "Құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды
 

120 сұрақ