"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі және "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7555 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 24-1-тармағымен толықтырылсын:
"24-1. Клиринг ұйымы клиринг ұйымының қағидалары бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға растау құжаттарын қоса бере отырып хабарлайды.".
2. "Кредиттік бюролардың, ақпарат жеткізушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11669 тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік бюролардың, ақпарат жеткізушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарда:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) өндірістік пайдалануға енгізу – ақпараттық жүйені дайындау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын орындау процесі және осы жүйенің өндірістік жағдайларда жұмыс істей бастауы;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу және ілеспе қызмет көрсету процесінің құрамында әзірлеу кезеңдерін, өзгерістер енгізу, қабылдау, тестілеу және өндірістік пайдалануға енгізу тәртібін анықтау, барлық кезеңдерді құжаттандыруға қойылатын талаптар қамтылады.";
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушыларына (кредиттік бюроны, микроқаржы ұйымын, кредиттік тарих субъектісін қоспағанда) қойылатын талаптарға сәйкес келуін растау үшін, ақпаратты жеткізуші немесе кредиттік есептерді алушы уәкілетті органға еркін нысанда толтырылған өтінішті қағаз тасымалдағышта жібереді.
Ұйымның ұйымдастыру-техникалық, бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі технологиялық талаптарды сақтауын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің Талаптарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес келуін уәкілетті органның комиссиясы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік бюролардың, ақпарат жеткізушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы акт (бұдан әрі – сәйкес келу туралы акт) жасау арқылы растайды.
Сәйкес келу туралы акт комиссияның барлық мүшелерімен келісіледі, одан кейін тексерілетін ұйымның өкіліне қол қою үшін жіберіледі. Егер комиссияның бір мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкес келу туралы актіге қол қоймаса, онда ол комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы ақпаратты жазбаша нысанда ұсынады және оны сәйкес келу туралы актіге қоса береді.
Сәйкес келу туралы акт уәкілетті органның комиссия мүшелерінің үштен екісінің келісу туралы қолдары болған кезде жасалған болып саналады.
Микроқаржы ұйымының, табиғи монополия субъектісінің бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық, технологиялық талаптарды сақтауын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің Талаптарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес келуін уәкілетті орган Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан (бұдан әрі – уәкілетті органның қорытындысы) бойынша микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қорытындыны ұсыну арқылы растайды.
15. Ақпаратты жеткізушілер (микроқаржы ұйымдарын, табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда), кредиттік есептерді алушылар және кредиттік бюролар арасындағы ақпарат алмасу оң қорытындысы бар сәйкестік туралы акт болған кезде жүзеге асырылады.
Микроқаржы ұйымдары, табиғи монополиялар субъектілері, кредиттік есептерді алушылар және кредиттік бюролар болып табылатын ақпарат жеткізушілердің арасындағы ақпарат алмасу уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
16. Кіріс және шығыс трафигі криптографиялық қорғанышпен (табиғи монополиялар субъектілерінің шығыс трафигін қоспағанда) қамтамасыз етіледі.";
29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Ақпаратты жеткізушілер (микроқаржы ұйымын, табиғи монополиялар субъектісін қоспағанда) мен кредиттік есептерді алушылардың кіру шектелген үй-жайларына Талаптардың 28-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар қойылады, сондай-ақ үй-жайға кіру жауапты тұлғалардың тізімімен шектеледі және олардың барлық келулері аты, тегі, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, күні, уақыты және келу мақсаты көрсетіле отырып, келулер журналында тіркеледі.
Микроқаржы ұйымының кіру шектелген үй-жайларына Талаптардың 28-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптар қойылады, сондай-ақ үй-жайға кіру жауапты тұлғалардың тізімімен шектеледі және олардың барлық келулері аты, тегі, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, күні, уақыты және келу мақсаты көрсетіле отырып, келулер журналында тіркеледі.
Микроқаржы ұйымы орналасқан үйде жалпы күзет сигнализациясы жүйесі болған кезде микроқаржы ұйымының кіру шектелген үй-жайына жеке күзет сигнализациясы талап етілмейді.
Табиғи монополиялар субъектілері үшін кіру шектелген үй-жайды ұйымдастыру талап етілмейді, Бұл ретте табиғи монополиялар субъектісінің жауапты тұлғаның жұмыс орны орналасқан үй-жайға Талаптардың 28-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптар қойылады.
30. Жауапты адамның жұмыс орнына мынадай талаптар қойылады:
1) бағдарламалық қамтамасыз ету орналасқан жері, конфигурациясы, сондай-ақ оған орнатылған аппараттық және бағдарламалық құралдар көрсетілген паспорты бар арнайы бөлінген дербес компьютерге орнатылады. Паспорт ұйым басшысының қол қоюы арқылы ресімделеді және жауапты тұлғада сақталады;
2) жауапты тұлғаның дербес компьютерін пайдалануға және ақпараттық жүйеге қатысу шеңберінде электрондық құжаттарды дайындау, өңдеу, беру немесе жүргізу мақсаттарына байланысты емес бағдарламалық құрал-жабдықтарды орнатуға жол берілмейді;
3) жауапты тұлғаның дербес компьютерінде қорғаныш кешені болады, оған мыналар кіреді:
пайдаланушыларды сәйкестендіру және бірдейлендіру құралдары;
пайдаланушылардың компьютерге кіруіне және іс-қимылдарына байланысты қызметті бақылау мақсатында электронды құжаттарды сақтау мерзімі ішінде жүйелік журналдарды жүргізу мүмкіндігі;
4) пайдаланушының (жауапты тұлғаның) пайдаланушы сәйкестендірілетін бір жүйелік атының болуы, ақпараттық жүйеге кіру кезінде ол бір жеке тұлғаға сәйкес келуге тиіс;
5) дербес компьютерде орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету лицензияланған болып табылады;
6) желілік ресурстар мен сыртқы тасымалдағыштарға, сондай-ақ оператордың дербес компьютеріне ақпаратты енгізу-шығару порттарына кіру, оның ішінде енгізу-шығарудың базалық жүйесінің теңшеулерінде де ажыратылған;
7) дербес компьютердің жүйелік блогына, ақпаратты енгізу-шығару порттарына әкімші мөр соғады не пломбалайды. Мөр соғу (пломбалау) процесі тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), қызметін, келу күнін, уақытын және пломбалау (мөр соғу) мақсатын көрсете отырып, арнайы журналда тіркеледі. Ноутбуктер үшін порттарға мөр соқпай, енгізу-шығару базалық жүйесіндегі құрылғыларды ажыратуды ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Ғимараттан компьютерлер мен ноутбуктерді алып шығуға ақпараттық қауіпсіздік қызметі басшысының атына жазылған жауапты қызметкердің өтінімдері негізінде жасалатын профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізген жағдайда рұқсат беріледі;
8) қорғау жүйесін пайдалана отырып, ақпаратты ақпараттық ортаға беру, ақпараттық ортадан ақпарат алу, ақпаратты сақтау, мұрағаттау не басқада өңдеу мақсатында ақпаратты жинақтау үшін бөлінген өзге ресурстарға (дискілік кеңістік, дерекқордың директориялары және дерекқордың резервтік көшірмелері) кіру тәртібі осы ресурстарға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін болдырмайды;
9) жауапты тұлғаның жұмыс орнына және кіру шектелген үй-жайға кіру оның лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
31. Ақпаратты жеткізушілердің операторы (табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) мен кредиттік есептерді алушылардың жұмыс орны кіру шектелген үй-жайда орналастырылады және Талаптардың 28-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Табиғи монополиялар субъектісінің жауапты тұлғасының жұмыс орны Талаптардың 30-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келеді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуді және өндірістік пайдалануға енгізу (дайын өнімді әзірлеу немесе бейімдеу) кредиттік бюро оның бірінші басшысы бекіткен техникалық тапсырмасы негізінде орындайды, бұл ретте қауіпсіздік тетіктеріне арналған тиісті сертификаттар болуы қажет. Кредиттік бюроның бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеушілердің осындай жүйелерді әзірлеу бойынша екі жылдан кем емес тәжірибесі болады.";
40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Ұйым (микроқаржы ұйымын, табиғи монополия субъектісін қоспағанда) ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мынадай талаптарын сақтайды:
1) аппараттық шектес маршрутизаторлардың көмегімен трафикті шифрлау арқылы деректер берудің қорғалған арнасының болуы;
2) интернет желісінен ұйымның компьютер желісіне жасалатын шабуылдарды желіаралық экранның көмегімен анықтау (болдырмау) жүйесінің болуы;
3) криптокілттер мен пайдаланушыны сәйкестендіру жүйесінің көмегімен компьютерлерді криптографиялық қорғау жүйесінің болуы;
4) пайдаланушылардың желілік карталарын тасымалдағышына кіруді басқаруды сәйкестендіргіші бойынша трафикті аппараттық желілік талдаушының болуы;
5) сыртқы және (немесе) ажыратып алынатын ақпарат тасымалдағыштарына резервтік көшірме жасау жүйесінің болуы.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды іске асыру үшін кредиттік бюро ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді, осалдықтар мен қауіп-қатерлерді талдауды және бағалауды жүргізеді.
Микроқаржы ұйымына осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 5) тармақшаларында көзделген ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар қолданылады.
Табиғи монополия субъектісіне осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талап қолданылады.
41. Ұйым (микроқаржы ұйымын, табиғи монополия субъектісін қоспағанда) өз қызметі барысында мынадай талаптарды орындайды:
1) ақпарат қауіпсіздігі қызметінің болуы;
2) кредиттік тарихтар бойынша жауапты тұлғалардың болуы;
3) ақпараттық қауіпсіздік саясатының болуы;
4) парольдерді қалыптастыру және пайдалану саясатының болуы;
5) резервтік көшірме жасау (мұрағаттау) саясатының болуы;
6) пайдаланушылардың, қауіпсіздік әкімшілерінің, жүйелік әкімшілердің кіруін шектеу және олардың міндеттері жөніндегі рәсімдерді сипаттайтын құжаттаманың болуы.
Микроқаржы ұйымы, табиғи монополия субъектісі өз қызметі барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талапты орындайды.
42. Ұйым (микроқаржы ұйымын, табиғи монополия субъектісін қоспағанда) ақпараттық жүйемен жұмыс тәртібін айқындайтын ішкі құжатты қабылдайды, онда мыналар қамтылады:
1) жауапты тұлғалардың міндеттері жүктелетін қызметкерлерді тағайындау тәртібі;
2) жұмыс режимі;
3) лауазымдық нұсқаулықтарды қоса алғанда, жауапты тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
4) оператордың жұмыс орнына кіруге рұқсат берілген қызметкерлердің тізімі;
5) айырықша жағдайларда (дағдарыс жағдайларында, сондай-ақ қызметкердің орнын ауыстырған жағдайларда) оператордың жұмыс орнына кіруге рұқсат берілген қызметкерлердің тізімі.
Микроқаржы ұйымына, табиғи монополия субъектісіне осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар қолданылады.
43. Жауапты тұлғалар:
1) ақпараттық жүйелер ресурстарына кіру үшін сәйкестендіру және бірдейлендіру рәсімдерінің міндеттілігін қамтамасыз етеді;
2) авторизацияланбаған пайдаланушылардың ақпараттық ресурстарға кіру құқығын алуына жол бермейді;
3) ақпараттың, оның ішінде ақпараттық жүйеде өңделетін ақпараттың резервтік көшірмесін жасаудың жүйелі болуын бақылайды;
4) жүйе ресурстарының қорғалу сенімділігін жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүргізеді;
5) корпоративтік желінің жабдықтарын, оның ішінде арнайы желіаралық бағдарламалық құралдарды қорғауды қамтамасыз етеді;
6) қауіп-қатерді көрсету және бұзушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдайды;
7) оқиғалар журналын жүйелі түрде қарап отырады, ақпаратқа рұқсат етілмеген кіру әрекеттері болған жазбаларға талдау жүргізеді.
Табиғи монополия субъектілеріне осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптар қолданылады.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк |
Д. Ақышев |
КЕЛІСІЛДІ |
|
"КЕЛІСІЛДІ" |
|
Қазақстан Республикасы |
|
Кредиттік бюролардың, ақпарат |
|
Нысан |
_______________________________________
(қатысушының атауы)
кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің
қатысушыларына (кредиттік тарих субъектісін қоспағанда) қойылатын
талаптарға сәйкес келуі туралы
Акт
________________________ _________________
жасалған орны күні
Осы кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушының (кредиттік тарих субъектісін қоспағанда) кредиттік бюролардың, ақпарат жеткізушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы актті мынадай құрамдағы комиссия жасады:
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілдері:
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Комиссияның жұмысына кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысының мынадай өкілдері қатысады:
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Комиссия зерттеген объектілердің және зерделеген құжаттардың толық сипаттамасы:
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушының өкілдері түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Комиссияның _________________ кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушысының техникалық және өзге де құжаттарын тексеруі, оның кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіндегі жұмыстарға арналған техникалық үй-жайын, электрондық-компьютерлік жабдығын, байланыс жүйелерін және қорғаныш құрылғыларын және өзге де объектілерін тексеруі кезінде
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ анықталды
(қойылған талаптарға сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) және ақпараттық қызмет көрсету нарығында ұйымның қызметін бастау (жалғастыру) үшін жеткілікті (жеткіліксіз).
Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушы комиссияның актісіне қоса берілген мынадай техникалық құжаттаманы және өзге де құжаттарды ұсынды:
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Комиссия мүшелері:
____________ __________________________________________ _________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) келісілген (келісілмеген)
____________ __________________________________________ _________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) келісілген (келісілмеген)
____________ __________________________________________ _________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) келісілген (келісілмеген)
Комиссия басшысы:
_________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба)
Қазақстан Республикасы |
|
Кредиттік бюролардың, ақпарат |
|
Нысан |
____________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымының немесе табиғи монополия субъектісінің атауы)
микроқаржы ұйымына немесе табиғи монополия субъектісіне қойылатын
талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды
___________________________ _________________
жасалған орны күні
Микроқаржы ұйымының немесе табиғи монополия субъектісінің ақпараттық қызмет көрсету нарығындағы өз қызметін бастауға және оның кредиттік бюролардың, ақпарат жеткізушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды орындауға дайындығы туралы қорытындыны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның мынадай құрамдағы өкілдері жасады:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
Зерттелген объектілердің және зерделенген құжаттардың толық сипаттамасы:
_____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________.
Микроқаржы ұйымының немесе табиғи монополия субъектісінің техникалық және өзге де құжаттарын тексеру, оның кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіндегі жұмыстарға арналған техникалық үй-жайын, электрондық-компьютерлік жабдығын, байланыс жүйесін және қорғау құрылғыларын және өзге де объектілерін зерттеу кезінде
_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________ анықталды
(қойылған талаптарға сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) және ақпарат қызметін көрсету нарығында ұйымның қызметін бастау (жалғастыру) үшін жеткілікті (жеткіліксіз).
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________.