Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қыркүйекте № 14208 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі және "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7555 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармағымен толықтырылсын:

      "24-1. Клиринг ұйымы клиринг ұйымының қағидалары бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға растау құжаттарын қоса бере отырып хабарлайды.".

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 8 шілде


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрлігі

      Министр ______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 29 шілде



  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2016 жылғы 30 мамырдағы
  № 146 қаулысына 1-қосымша
  Кредиттік бюролардың, ақпарат
  жеткізушілердің және кредиттік есептерді
  алушылардың қызметін ұйымдастыру
  кезінде ақпараттық-коммуникациялық
  технологияларды пайдалануға және
  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
  қойылатын талаптарға 1-қосымша

Нысан

_______________________________________
(қатысушының атауы)
кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің
қатысушыларына (кредиттік тарих субъектісін қоспағанда) қойылатын
талаптарға сәйкес келуі туралы
Акт

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2016 жылғы 30 мамырдағы
  № 146 қаулысына 2-қосымша
  Кредиттік бюролардың, ақпарат
  жеткізушілердің және кредиттік есептерді
  алушылардың қызметін ұйымдастыру
  кезінде ақпараттық-коммуникациялық
  технологияларды пайдалануға және
  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
  қойылатын талаптарға 2-қосымша

Нысан

____________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымының немесе табиғи монополия субъектісінің атауы)
микроқаржы ұйымына немесе табиғи монополия субъектісіне қойылатын
талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.