Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14163 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.11.2018 № 829 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.11.2018 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне кіргізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
______________Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
____________ Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      ________________ С. Айтпаева

      2016 жылғы 26 шілде


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 25 шілдедегі
№ 575 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 29 шілдедегі
№ 351 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.11.2018 № 829 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.11.2018 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі –Өлшемшарттар) 2018 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не оларсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

      2) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы болмашы бұзушылықтар – бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарламалардың болуы;

      3) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы елеулі бұзушылықтар – қымбат бағалы емес тасты зергерлік және басқа да бұйымдарда көз ретінде пайдалану туралы затзатбелгідегі ақпаратсыз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түріндегі талаптарды бұзу, атаулы таңбаның уәкілетті ұйымда тіркеуінің болмауы, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында расталған бір шағымның немесе өтініштің болуы;

      4) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы өрескел бұзушылықтар – Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген сараптамалық қорытындысынсыз, мемлекеттік бақылау актісінсіз, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі қоятын сынамалау таңбасының, атаулы таңба бедерінің болуынсыз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу бөлігінде талаптарды бұзу, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы;

      5) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекел – бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      6) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тексерілетін субъектілер (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) – Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;

      7) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) - белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке тексерілетін бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;

      8) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2- тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер (объектілер) жатады:

      1) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;

      2) Қазақстан Республикасының отандық өндірушісінің өнімдерін қоспағанда, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге бағалы металдар мен асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізіліміне сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектілер жатады.

      6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер және субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерде қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      8. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі, аталған талаптарды сақтамаған кезде белгіленеді);

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      4) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, бар болған жағдайда бұзушылар рейтингтерін, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізбесін талдау;

      5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      9. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері берілетін бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында субъективті өлшемшарттар қалыптастырылады.

      10. Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      11. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бұзушылықтың 3 дәрежесіне болып бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

      12. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SР3 = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х100/SР1)х0,3

      мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулсіз бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші ( SР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SР3 + SРн

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      13. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъекті (объекті) мыналарға жатады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 61-ден 100-ге дейін қоса алғанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға 0 – ден 60-қа дейін қоса алғанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

4 - тарау. Қорытынды ережелер

      14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу еселігі жүргізілетін талдау және тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша айқындалады, жылына бір рет.

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодексінің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімі субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Бағалы металдар мен асыл
тастардан жасалған зергерлік
және басқа да бұйымдарды
өткізу саласындағы бақылау
субъектілерін (объектілерін)
іріктеу үшін тәуекел
дәрежелерін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы субъективті өлшемшарттар

р/с №

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1. бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

1

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау

өрескел

2. Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі, аталған талаптарды сақтамаған кезде белгіленеді)

2.

Сынама таңбаның болуы

өрескел

3.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын атаулы таңба бедерінің болуы

өрескел

4.

Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде асыл емес тасты пайдалану туралы затбелгіде ақпараттың болуы

елеулі

5.

Атаулы таңбаның уәкілетті ұйымда тіркеуінің жоқтығы туралы мәліметтердің болуы

өрескел

6.

Уәкілетті органның сараптамалық қорытындысының жоқтығы туралы мәліметтердің болуы

өрескел

7.

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің жоқтығы туралы мәліметтердің болуы

өрескел

3. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

8.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы расталған бір шағымның немесе өтініштің болуы

елеулі

9.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

4. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, бар болған жағдайда "бұзушылар" рейтингтерін, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізбесін талдау;

10.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бұзушылықтар туралы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, бар болған жағдайда "бұзушылар" рейтингтерінде, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізбесінде ресми хабарламалардың болуы

болмашы

5. Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерді талдау нәтижелері

11.

Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңнамасының талаптарын бұзу туралы мәліметтердің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 25 шілдедегі
№ 575 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 29 шілдедегі
№ 351 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.11.2018 № 829 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.11.2018 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектіге (объектіге) қатысты

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі) бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Сынама таңбаның болуы





2

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын атаулы таңба бедерінің болуы





3

Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде асыл емес тасты пайдалану туралы затбелгіде ақпараттың болуы





4

Атаулы таңбаның уәкілетті ұйымда тіркеуінің жоқтығы туралы мәліметтердің болуы





5

Уәкілетті органның сараптамалық қорытындысының жоқтығы туралы мәліметтердің болуы





6

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің жоқтығы туралы мәліметтердің болуы





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) _______________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің

      басшысы                  ________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)