Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14163 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тексеру парағы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне кіргізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму        Ұлттық экономика
      министрі                       министрі
      ______________Ж. Қасымбек      ____________ Қ. Бишімбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ________________ С. Айтпаева
      2016 жылғы 26 шілде

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі     
№ 575               
және Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің  
2016 жылғы 29 шілдедегі     
№ 351 бірлескен бұйрығына     
1-қосымша            

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және
басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежелерінің бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына сәйкес ішінара тексеру жүргізу үшін бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не оларсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;
      2) болмашы бұзушылықтар – зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарламалардың болуы;
      3) елеулі бұзушылықтар – меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарды зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі қоятын атаулы бедерінсіз, зергерлік және басқа да бұйымдарда көз ретінде асыл емес тасты пайдалану туралы затбелгідегі ақпаратсыз өткізу, атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда тіркеу бөлігінде зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында талаптарды бұзу, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында расталған бір шағымның немесе өтініштің болуы;
      4) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
      5) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер;
      6) өрескел бұзушылықтар – зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалау таңбасынсыз, Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген, сараптамалық қорытындысынсыз және мемлекеттік бақылау актісінсіз өткізу бөлігінде зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында талаптарды бұзу, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында расталған екі немесе одан көп шағымдар немесе өтініштердің болуы;
      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары.
      3. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы ішінара тексерулер ушін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2. Субъективті өлшемшарттар

      4. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
      1) деректер қорын қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
      5. Деректер қорын қалыптастыру және ақпарат жинау зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
      Ақпаратты талдау және субъективті өлшемшарттарды бағалау едәуір әлеуеттік тәуекелдермен бақылау субъектілеріне қатысты тексеруді шоғырландырады. Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде осы субъективті өлшемшарттардың бұрын ескерілген және нақты бақылау субъектісіне қатысты пайдаланылған деректер қолданылмайды.
      Субъективті өлшемшарттарды айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) алдыңғы бақылау субъектілерін тексеру нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылық дәрежесінің ауырлығы (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
      2) тәуелсіз ұйымдар аудитінің (сараптамасының) нәтижелері;
      3) мемлекеттік органдар және ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;
      4) өзге бақылау нысандарының нәтижелері;
      5) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
      6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы ресми хабарламаларды талдау.
      6. Ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар айқындалады, олар бойынша осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштері беріледі.
      7. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 3 ауырлық дәрежесі талабына бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
      Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы анықталады.
      Өрескел дәрежесінің орындалмаған бір талабы 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
      Егер өрескел дәрежесінің талаптары (индикаторлары) анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежесі талаптарының (индикаторлараның) қосынды көрсеткіші есептеледі.
      Елеулі дәреже бұзушылықтары көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
      Рз = (УР2 х 100/УР1) х 0,7
      мұнда:
      Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
      Рн = (УР2 х 100/УР1) х 0,3
      мұнда:
      Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
      Р = Рз + Рн
      мұнда:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
      8. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болғанда және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болғанда және оған қатысты тек қана жоспардан тыс тексерістер және өзге бақылау нысандары жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      9. Ішінара тексерулер жүргізудің еселігі жылына бір рет.
      10. Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен жүргізілетін талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға қалыптастырылатын ішінара тексерулердің тізімдері негізінде жүргізіледі және тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
      11. Ішінара тексерулер тізімдері мыналарды:
      1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші ең жоғары тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларына түсетін жүктемелері ескеріле отырып жасалады.

Бағалы металдар мен асыл тастардан
жасалған зергерлік және басқа да 
бұйымдарды өткізу саласында тәуекел
дәрежесінің бағалау        
өлшемшарттарына          
қосымша              

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және
басқа да бұйымдарды өткізу саласында субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда бұзушылық дәрежесінің ауырлығы (өрескел, елеулі, болмашы) белгіленеді)

1.

Сынамалау таңбасының болуы

өрескел

2.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын атаулы таңба бедерінің болуы

елеулі

3.

Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу

елеулі

4.

Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде асыл емес тасты пайдалану туралы затбелгіде ақпараттың болуы

елеулі

5.

Уәкілетті органның сараптама қорындысының болуы (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген жағдайларды қоспағанда)

өрескел

6.

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің болуы

өрескел

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуелсіз ұйымдар аудитінің (сараптамасының), мемлекеттік органдар және ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша

7.

Атаулы таңбаның уәкілетті ұйымда тіркеуінің болмауы

елеулі

8.

Уәкілетті органның сараптама қорытындысының болмауы (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген жағдайларды қоспағанда)

өрескел

9.

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің болмауы

өрескел

Расталған шағымдар, өтініштер және бұқаралық ақпарат құралдарындағы ресми хабарлар бойынша

10.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында расталған бір шағымның немесе өтініштің болуы

елеулі

11.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында расталған екі немесе одан көп шағымның немесе өтініштің болуы

өрескел

12.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарламалардың болуы

болмашы

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі     
№ 575 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің  
2016 жылғы 29 шілдедегі     
№ 351 бірлескен бұйрығына     
2-қосымша            

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және
басқа да бұйымдарды өткізу саласында тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

_____________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт _______________________________________
                                             (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________________

Орналасқан жерінің мекенжайы: _______________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Сынамалау таңбасының болуы





2

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын атаулы таңба бедерінің болуы





3

Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу





4

Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде асыл емес тасты пайдалану туралы затбелгіде ақпараттың болуы





5

Уәкілетті органның сараптама қорындысының болуы (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген жағдайларды қоспағанда)





6

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің болуы





Лауазымды тұлға (тұлғалар)________ ___________ ______________________
                         (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
                                            (бар болған жағдайда)
                          _______ ___________ _______________________
                          (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
                                            (бар болған жағдайда)

Тексерілетін субъектінің
басшысы                   _______________________________ ___________
                          (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
                                            (бар болған жағдайда)