Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14163 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 22.12.2022 № 494-нқ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2022 № 134 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектіге (объектіге) қатысты бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 22.12.2022 № 494-нқ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2022 № 134 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне кіргізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
______________Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
____________ Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      ________________ С. Айтпаева

      2016 жылғы 26 шілде


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 575 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 351 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 22.12.2022 № 494-нқ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2022 № 134 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143 быптың 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастырудың қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не оларсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалаларда өлшенген мәндерді шартты жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      4) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекел-бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      5) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілері – (бұдан әрі - бақылау субъектілері) - Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер;

      6) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы елеулі бұзушылықтар – зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде бағалы емес тасты пайдалану туралы заттаңбаларда ақпаратсыз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түріндегі талаптардың бұзылуы, атаулы таңбаның уәкілетті ұйымда тіркелмеуі;

      7) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы елеусіз бұзушылықтар – елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар;

      8) зергерлік бұйымдарды және өзге де бұйымдарды өткізу саласындағы өрескел бұзушылықтар - Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі қоятын сынама таңбасы, есім белгісінің бедері, сараптамалық қорытынды, тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі болмай, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу бөлігінде талаптарды бұзушылықтар;

      9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға ықпал ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және бақылаудың жеке субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – бақылаудың нақты субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең аз ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолдарының қолайсыз факторларының туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі қызметтің тиісті салаларында, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейіне енгізілген өзгерістерді және (немесе) осындай бақылау және бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуды жүзеге асыру;

      13) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптардың тізбесі;

      14) іріктеме жиынтығы (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 13.06.2023 № 225-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.06.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2- тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттарды анықтау тәуекелді анықтау арқылы жүзеге асырылады.

      5. Тәуекелді айқындау мынадай өлшемшарттардың бірін ескере отырып, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын саланың ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) реттелетін салаға (облысқа) ықтимал теріс салдарлардың, зиянның ауырлық ауқымы;

      3) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі.

      6. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің үш дәрежесіне (жоғары, орташа және төмен) бөлінеді.

      Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне мыналар жатады:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыратын субъектілер (жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар);

      2) Қазақстан Республикасының отандық өндірушісінің өнімін қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектілер (жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар).

      Орташа тәуекел дәрежесіне:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыратын субъектілер (жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар);

      2) Қазақстан Республикасының отандық өндірушісінің бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын, ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері (заңды тұлғалар) болып табылады.

      Төмен тәуекел дәрежесіне Қазақстан Республикасының отандық өндірушісінен бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері (жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) жатады.

      7. Жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісінің (объектілерінің) қатынастарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар).

      Қолда бар ақпарат көздері негізінде реттеуші мемлекеттік органдар бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты барынша ықтимал тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде бақылаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Өткен профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты кезекті мемлекеттік бақылау кезеңіне тізімдерді қалыптастыру барысында оларды енгізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 13.06.2023 № 225-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.06.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      10. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бұзушылықтардың маңыздылық дәрежесі бойынша бөле отырып, субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 1-қосымшада келтірілген.

      Салалық тәуекелдерді айқындау үшін ақпарат көздері бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға 2-қосымшада келтірілген.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 13.06.2023 № 225-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.06.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      11. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығына сүйене отырып, 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) :

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31 – ден 70-ке дейін қоса алғанда –тәуекел дәрежесінің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0 – ден 30-ға дейін қоса алғанда –төмен тәуекел дәрежесіне дейін.

      12. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ЅР) 0 – ден 100 – ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу жолымен айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.

      12-1. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу (R) алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) (SP) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және кейіннен деректер мәндерін 0-ден бастап 100 ұпайға дейін қорытындылау жолымен автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC, қайда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтықты (іріктемені) құрайды.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0 ден 100 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi – субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы,

      n – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Субъектілер (объектілер) бойынша есептелген көрсеткіштер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау мен қадағалаудың жекелеген субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша ең жоғары ықтимал мән (шкаланың жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша мүмкін болатын ең төменгі мән (шкаланың төменгі шекарасы),

      Rарал - субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      Ескерту. Өлшемшарттар 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 13.06.2023 № 225-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.06.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

4-тарау. Тәуекелдерді басқару

      13. Бақылаудың адал субъектілерін көтермелеу және бақылауды бұзушыларға шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне), профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      14. Бақылау субъектілері (объектілері) тәуекел дәрежесі жоғары ақпараттық жүйені қолдана отырып, тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасса;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалса;

      3) Егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған "өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса.

      15. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі белгілі бір саладағы осындай бақылау субъектілері жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс мемлекеттік бақылау.

  Бағалы металдар мен асыл
тастардан жасалған зергерлік
және басқа да бұйымдарды
өткізу саласындағы бақылау
субъектілерін (объектілерін)
іріктеу үшін тәуекел
дәрежелерін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша 1

Бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 13.06.2023 № 225-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.06.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Субъективті өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Сынамалық таңбаның болуы

өрескел

2.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарына қоятын атаулы таңба бедерінің болуы

өрескел

3.

Зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде бағалы емес тасты пайдалану туралы жапсырмаларда ақпараттың болуы

елеулі

4.

Атаулы таңбаның уәкілетті ұйымда тіркелген болуы

елеулі

5.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операциялар жасалғанға дейін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде сараптамалық қорытындының болуы

өрескел

6.

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің болуы

өрескел

  Бағалы металдар мен асыл
тастардан жасалған зергерлік
және басқа да бұйымдарды
өткізу саласындағы бақылау
субъектілерін (объектілерін)
іріктеу үшін тәуекел
дәрежелерін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды сату саласындағы субъективті өлшемшаттар

      Ескерту. Өлшемшарттар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 13.06.2023 № 225-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.06.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектіге (объектіге) қатысты бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында

№ р/с

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi

1-шарт / мәні

2-шарт / мәні

1

2

3

4

5

Барумен профилактикалық бақылау үшін

1

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай-ақ жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымның орындалуы бойынша ақпарат ұсынбау

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

100 балл

0

Жоқ болу фактісі


0%

100%

      1) Субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4) 4-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы балдарда көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың сомасы 100 балдан аспауға тиіс.

      5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 575 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 351 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектіге (объектіге) қатысты тексерү парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 22.12.2022 № 494-нқ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2022 № 134 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт

      __________________________________________________________________________

                              (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы

      __________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі) бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы:

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Сынамалық таңбаның болуы



2

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарына қоятын атаулы таңба бедерінің болуы



3

Зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде бағалы емес тасты пайдалану туралы жапсырмаларда ақпараттың болуы



4

Атаулы таңбаның уәкілетті ұйымда тіркелген болуы



5

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операциялар жасалғанға дейін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде сараптамалық қорытындының болуы



6

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің болуы



      Лауазымды тұлға (тұлғалар)

      _____________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      ___________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)