"Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (Д.Н. Бекманов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ақпарат және коммуникациялар | |
министрі | Д. Абаев |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдеде № 71 бұйрығымен бекітілген |
Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) электрондық абоненттік пошта жәшіктерін жасау, жұмыс істеу мен дамыту тәртібін және пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыруды анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) гибридтік жөнелтілім – пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа хат (пошта карточкасы) түрінде жеткізілетін электрондық хат (хабар) не пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық хат (хабар) нысанында жеткізілетін хат;
2) пошта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылауды, қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) пошта операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
4) пошта операторының қызметтерін пайдаланушы – пошта операторы ұсынатын, оның ішінде пошта операторымен жасалатын шарттар негізінде ұсынылатын қызметті тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
5) Ұлттық пошта операторы – "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;
6) электрондық абоненттік пошта жәшігі – электрондық пошта мекенжайы болып табылатын және электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпараттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының домендік атауы;
7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі – пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда, оның ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық құжат айналымы шеңберінде жіберілуін қамтамасыз ететін, Ұлттық пошта операторының баршаға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2022 № 344/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-бөлім. Электрондық абоненттік пошта жәшігін құру, қызмет етуі және дамыту тәртібі
3. Ұлттық пошта операторы электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін сүйемелдейді және электрондық абоненттік пошта жәшігінің құрылуын, қызмет етуі және дамуын осы Қағида бойынша қамтамасыз етеді.
Ұлттық пошта операторы пошта операторының кез келген пайдаланушысына жеке электрондық абоненттік пошта жәшігін тегін құрады және оның тиісті түрде қызмет етуін, пайдаланушының жеке хат алмасуының құпиялығын қамтамасыз етеді.
Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда жіберілуін, электрондық құжат айналымы шеңберінде Ұлттық пошта операторының жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.
4. Электрондық абоненттік пошта жәшігі электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпаратты және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді жіберу және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бірегей және қайталанбайтын электрондық пошта мекенжайы болып табылады.
Электрондық абоненттік пошта жәшігінің домендік атын Ұлттық пошта операторы анықтайды және ол пайдаланушы мен Ұлттық пошта операторы арасындағы пайдаланушы келісімінде сипатталады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2022 № 344/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пайдаланушыларға Ұлттық пошта операторы құратын электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушы келісімімен пайдаланушының келісуі негізінде беріледі.
Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында қажетті ақпарат электрондық абоненттік пошта жәшігін құру, қызмет ету және пайдалану шарттары бойынша электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушы келісім орналастырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2022 № 344/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Пайдаланушылар Ұлттық пошта операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда өтініш береді.
Өтінішті беру мынадай жолмен:
1) Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында нақты уақыт режимінде тіркелгенін растайтын құжат, бұл ретте сәйкестендіру және қауіпсіздік мақсатында электрондық цифрлық қолтаңба қолданылады;
2) Ұлттық пошта операторының өндірістік объектісінде;
Пайдаланушы өтінішін қағаз жеткізгіште ұсынған кезде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектісінде өндірістік объектінің жұмыскері оны тіркеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2022 № 344/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Ұлттық пошта операторы пайдаланушының өтініші қабылданған бастап электрондық абоненттік пошта жәшігін жасайды.
8. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің тиісті қызмет етуін Ұлттық пошта операторы мынадай жолмен қамтамасыз етеді:
1) пайдаланушылардың электрондық абоненттік пошта жәшігіне тұрақты, үздіксіз қол жеткізуі және оны пайдалану;
2) электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпаратты және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беруді және оларды сақтауды қамтамасыз ету;
3) ақпараттық жүйені қолдауын және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2022 № 344/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерін дамыту мақсатында Ұлттық пошта операторы өндірістік пайдалануға енгізілген ақпараттық жүйенің жаңартуын және қосымша қызметтік талаптарды іске асыру бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады.
10. Ұлттық пошта операторы электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай базасының ақпараттық жүйесі жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ұсынылатын сервистердің авторландырған пайдаланушысына тұтастық, құпиялылық және қолжетімділік жөнінде кепілдік береді.
3-бөлім. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру тәртібі
11. Пайдаланушыларды нақты уақыт режимінде авторландыруды Ұлттық пошта операторы пайдаланушының өзі таңдайтын логин және құпиясөз бойынша жүргізеді. Бұл ретте, пайдаланушы таңдаған логин басқа пайдаланушылардың басқа тіркелген логиндерімен қайталанбаған жағдайда, логин мен құпиясөзді тіркеу жүргізіледі.
12. Пайдаланушы электрондық абоненттік электрондық пошта жәшігін электрондық құжат айналымы шеңберінде мемлекеттік органдардан ресми электрондық хаттарды (хабарларды) және құжаттарды алу және жіберу үшін пайдаланған жағдайда, пайдаланушы тіркелгеннен кейін жеке кабинеттегі мәліметтерін электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.
13. Ұлттық пошта операторы пайдаланушыны авторландырғаннан кейін жасалған электрондық абоненттік пошта жәшігін электрондық абоненттік пошта жәшігінің бірыңғай базасына енгізеді.
Пайдаланушыларды сәйкестендіру олардың дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі) сәйкес, заңды тұлғалар – бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша жүргізіледі. Пайдаланушылардың деректерін растау мақсатында Ұлттық пошта операторы мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік дерекқорына қолжетімділік алады.
Ұлттық пошта операторы мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциясы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2022 № 344/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш (жеке тұлға үшін)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2022 № 344/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш беруші __________________________________________________________
(жеке тұлғаның ТАӘ)
ЖСН_________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: _________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы__________________________________________________
Телефондары: үй___________________ мобильді_____________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________
(пайдаланушының атауы)
__________________________________электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеуді сұраймын.
Осы Өтінішке қол қоя және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
389-бабын басшылыққа ала отырып, Ұлттық пошта операторының ақпараттық
ресурстарында www.post.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан
электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған
пайдаланушының келісіміне қосыламын.
Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш (заңды тұлға үшін)
Өтініш беруші _______________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
БСН_____________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін):
№ ___________________ "__" ___________20__ж.___________берілген.
Заңды мекенжайы және заңды тұлғаның нақты орналасқан жерінің
мекенжайы__________________________________________________________
Телефондары: үй___________________ мобильді__________________________
____________________________________________________
(пайдаланушының атауы)
_____________________________________электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеуді сұраймын.
Осы Өтінішке қол қоя және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
389-бабын басшылыққа ала отырып, Ұлттық пошта операторының ақпараттық
ресурстарында www.post.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан
электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған
пайдаланушының келісіміне қосыламын.