"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-1-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің тәртібін айқындайды.
3. Оқу үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың білім беру бағдарламаларын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау – академиялық кезең ішінде кестеге сәйкес білім алушылардың білімін оқытушының аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарында өткізетін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
4) емтихан сессиясы – Академияда білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі;
5) кредит – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшеудің бірыңғайланған бірлігі;
6) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
7) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін анықтауға мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;
8) оқу үлгерімінің орташа балы – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарламасы бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
9) транскрипт – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат.
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау жүрізудің тәртібі
5. Академияда білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру бақылау мен аттестаттаудың келесі нысандарында жүзеге асырылады:
1) ағымдағы бақылау;
2) межелік бақылау;
3) аралық бақылау.
6. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіліп, білімді аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда бақылауды қамтиды. Ағымдағы бақылау бағасы (рұқсат ету рейтингісінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау бағасы (аудиториялық сабақтар) мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
Ағымдағы бақылау тиісті пән бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушымен іске асырылады.
Оқу сабақтарын өткізуге қатыспаған тұлғалардың ағымдағы бақылауға қатысуына Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – ЖОКБИ) директорының жазбаша рұқсатынсыз жіберілмейді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау кезінде әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, өзіндік жұмыс, межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Үлгерімнің ағымдағы бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағаларының орташа арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда қолданылады.
8. Межелік бақылау бір академиялық кезең ішінде бір оқу пәні шеңберінде кемінде екі рет өткізіледі. Межелік бақылау нәтижелерін оқу тобының білім алушыларының сабақтарын, үлгерімін және қатысуын тіркеу журналына межелік бақылау өткізілген күннен кешіктірмей қойылады және оқу процесінің сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеумен Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (бұдан әрі - ЖОКБИ) кафедра отырыстарында тұрақты қаралады.
Межелік бақылау ведомосі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Академиялық кезеңнің басында әр пән бойынша межелік бақылау өткізу нысаны ЖООКБИ кафедрасының шешімімен анықталады.
Межелік бақылауды аттестаттау пәні бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушы жүзеге асырады.
10. Академияда магистранттар мен докторанттарды аралық аттестаттау білім беру бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына және академиялық күнтізбелерге сәйкес емтихан тапсыру нысанында жүзеге асырылады.
11. Аралық аттестаттаудың кезеңділігі мен ұзақтылығы Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша Академия ректорымен бекітілген жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-1. Әрбір оқу пәні бір академиялық кезеңде оқытылады және қорытынды бақылаумен (емтиханмен) аяқталады.
Егер пәннің ұзақтығы екі және одан көп академиялық кезеңнен тұрса, әр академиялық кезең аяқталған соң емтихан түрінде аралық бақылау өткізіледі.
Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.12. Емтихандар Академияның ЖОКБИ оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесі жасайтын кестеге сәйкес тапсырылады. Емтихан кестесін ЖОКБИ директоры бекітеді және емтихан сессиясы басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Аралық бақылау мен емтихандардың өткізу кезінде Академия басшылығы, сонымен қатар ғылыми-білім қызметін мониторингтеу және сапасын бағалау бөлімшесінің қызметкерлерінен басқа, өзге тұлғалардың қатысуына ЖОКБИ директорының жазбаша рұқсатынсыз жол берілмейді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша рұқсат ету рейтингінің бағасы анықталатын нәтижелері бойынша үлгерімнің ағымдағы бақылау бағасының негізінде жүзеге асырылады.
Пән бойынша рұқсат ету рейтингісінің оң бағасын иеленбеген білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
16. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелерін басқаратын Академия проректоры кейбір жағдайларда (сырқатына, бала тууына, жақын туысқандарының қайтыс болуына, қызметтік жағдайларға байланысты) растайтын құжаттарды ұсынуымен білім алушыға жеке кесте бойынша емтихан сессиясын тапсыруға рұқсат береді.
17. Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Емтихандар жазбаша, ауызша, тестілеу немесе аралас түрде жүргізіледі.
Тестілеу түрінде екі және одан да көп пән бойынша олардың бейіндік және туыстық қағидасын сақтай отырып кешенді емтихан белгілеуге болады.
Оқытушы әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізу нысаны мен тәртібін кафедра отырысының шешімі негізінде дербес белгілейді және пәннің жұмыс оқу бағдарламасында айқындалады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Әрбір оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдағы бақылау бағасының (жіберілу рейтинг бағасы) орташа балы ескеріледі.
20. Қорытынды бақылауды өткізу үшін оқу-әдістемелік бөлімше емтихан алушыға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бақылаудың ведомосі береді.
21. Емтихандағы білім алушының үлгерімі халықаралық тәжірибеде қабылданған сандық баламасы бар әріптік жүйеге (оң бағалар, кему шамасына қарай, "А"-дан "D" – ге дейін, және "қанағаттанарлықсыз" - "FХ", "F",) және дәстүрлі жүйе бойынша бағаға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Емтихан нәтижелері емтихан ведомосына жазылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң, білім алушыға оның оқу жетістіктерінің көрсеткіші болып табылатын қорытынды баға қойылады.
23. Пәннің қорытынды бағасына рұқсат ету рейтингісінің және қорытынды бақылау бағалары кіреді.
Оқу үлгерімін ағымдық бақылаудың бағасы (рейтингі) пән бойынша білімінің қорытынды бағасының 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша білімінің қорытынды бағасының 40%-ын құрайды.
24. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша кредиттердің белгіленген санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып табылады және білім алушының транскриптіне жазылады.
Білім алушы қорытынды бақылау бойынша (емтихан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
25. Білім алушыға аралық аттестаттау кезінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды бір реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
"Қанағаттанарлықсыз" "FX" бағасын алған кезде, оқу пәні бағдарламасынан (модульді) қайта өтпей-ақ Академияның академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруға жол беріледі.
"F" бағаға сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда білім алушы академиялық кезең аяқталғаннан кейін өздігінен пәнді зерделейді, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады.
Екінші рет "қанағаттанарлықсыз" бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алған жағдайда білім алушы алған бағалардың санына қарамастан Академиядан академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Емтихан ведомосі барлық білім алушылар бойынша бүкіл оқыту кезеңінде кредиттер санын есепке алу және жинақтаумен айналысатын Академияның оқу-әдістемелік бөлімшесіне беріледі.
Емтихандық ведомостердің негізінде әр оқу пәні бойынша аралық аттестаттаудың жиынтық ведомосі жүргізіледі.
27. Білім алушылар барлық емтихандарды пәннің оқу жұмыс жоспарына, сондай-ақ оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестікте тапсырады.
Оқудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихан нәтижелері емтихан ведомосы мен транскриптке енгізіледі.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда, емтихандық ведомостегі тегінің тұсына "келген жоқ" деген белгі қойылады.
Сырқат болуы және басқа дәлелді себептері болған жағдайда ЖОКБИ директоры бекітетін жеке емтиханды тапсыру кестесі жасалады. Дәлелді себептері болмаған жағдайда емтиханға келмеу "қанағаттанарлықсыз" бағасына теңестіріледі. "Қанағаттанарлықсыз" бағасынан оң бағаға қайта тапсырудың тәртібі осы Қағидалардың 25-тармағында анықталған.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді.
30. Емтихандық сессиясы (аралық аттестаттау) кезеңіне Академия Ректорының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.
31. Апелляция нәтижелері хаттамамен рәсімделеді және оның шешімі негізінде негізгі емтихандық ведомосіне тіркелетін білім алушыға (докторантқа, магистрантқа) жеке емтихандық ведомосі әзірленеді.
32. Транскриптіге білім алушылардың барлық қорытынды бағалары жазылаы.
33. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессияларының қорытындысы негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру Академия Ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Көшіру балы Академияның Ғылыми кеңесі шешімімен белгіленеді.
34. Өту балын жинамаған білім алушы академиялық үлгірмегені үшін Академиядан шығарылады.
Академиядан шығарылған білім алушыға Академия ректоры қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт жазылады.
Транскриптке "қанағаттанарлықсыз" баламасына сәйкес келетін FX және F бағаларын қоса алғанда, қорытынды бақылау (емтихан) бойынша алған барлық бағаларын көрсете отырып, білім алушы оқыған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдері міндетті түрде жазылады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.35. Емтихандық сессиясы (аралық аттестаттау) аяқталған соң, емтихан нәтижелері және оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар Академияның кафедра және Оқу-әдістемелік кеңесінің отырыстарында қарастырылады.
3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі
36. Академиядағы магистрантты қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде, білім беру бағдарламасында және оқу жұмыс жоспарларында көзделген мерзімде кешенді мемлекеттік емтихан (бұдан әрі – кешенді емтихан) тапсыру және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нысанында өткізіледі.
Магистрантты қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген негізгі оқу нәтижелері мен басты құзыреттіліктерді бағалау болып табылады.
Докторанттың қорытынды аттестаттау докторлық диссертацияны жазу және қорғау түрінде жүргізіледі. Докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы Академияның Диссертациялық кеңесінің отырысында жүзеге асырылады.
Докторантты қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқарушылық құзыреттілігін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға дайындығын, оның дайындығының докторантураның білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған, сондай-ақ диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша алдын ала қорғаудан (кеңейтілген отырыс) өткен білім алушылар жіберіледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Білім беру бағдарламасының және (немесе) жұмыс оқу жоспарының және (немесе) жұмыс оқу бағдарламаларының және (немесе) білім алушының жеке жұмыс жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курстың білім алушысы академиялық үлгермегені үшін Академиядан шығарылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Магистратурада кешенді емтихан қабылдау үшін Академия білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша кемінде 5 адамнан тұратын мемлекеттік аттестаттау комиссиясын (бұдан әрі – МАК) құрады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Әрбір білім беру бағдарламасы бойынша МАК төрағалары Академияда жұмыс істемейтін және ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар сыртқы өкілдер болып табылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. МАК құрамына ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы және (немесе) (PhD) философия докторы, бейіні бойынша доктор және (немесе) магистр дәрежесі бар тұлғалар, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының мамандары енгізіледі.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. МАК-тың төрағасы мен құрамы Академияның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде оныншы қаңтардан кешіктірілмей Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы қызмет етеді.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу қорытынды аттестаттау басталғанға дейін академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде Академия ректорының бұйрығымен тізім бойынша ресімделеді және МАК-қа ұсынылады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Кешенді емтиханға магистратураның тиісті білім беру бағдарламасының базалық және бейіндік циклының пәндері кіреді.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Кешенді емтихан бекітілген бағдарлама көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу нысанында жүргізіледі.
46. Кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын, оны өткізу түрін және тапсырмалар мазмұнын осы кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОКБИ кафедралары әзірлейді.
Кешенді емтихан бағдарламасы Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. ЖООКБИ кафедралары тестілеу тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеу өткізудің технологиясын әзірлейді.
48. Кешенді емтихан магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғағанға дейінгі 1 айдан кешіктірілмей қабылданады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Кешенді емтиханның нәтижелері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МАК отырысының хаттамасымен ресімделеді, ол әрбір магистрантқа жеке толтырылады.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. МАК отырысының хаттамасын МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.
51. Кешенді емтиханды тестілеу нысанында өткізген жағдайда жеке хаттама ресімдеудің негізі емтихан ведомосі болады.
52. Кешенді емтихан және (немесе) магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нәтижесі бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар ЖОКБИ директорының ұсынысы негізінде Академия ректорының бұйрығымен транскрипт бере отырып, оқудан шығаруға жатады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Кешенді емтихан бойынша "оң баға" алған, бірақ диссертацияны қорғауға ұсынбаған білім алушылар ЖООКБИ директорының ұсынысы негізінде Академия Ректорының бұйрығымен оқудан шығарылады.
54. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді.
55. Апелляция өткізу үшін Академия ректорының бұйрығымен біліктілігі кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес келетін оқытушылар санынан апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляция қанағаттандырылған жағдайда МАК мәжілісі хаттамасы қайта ресімделеді. Бірінші хаттамадағы қорытынды "Баға 20__ жылғы "____" _____ 20_______№___хаттамамен қайта қаралды _____парақ" деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК мүшелерінің бәрі қол қояды.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Бағаны көтермелеу мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жол берілмейді.
"Қанағаттанарлықсыз" баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат етілмейді.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Кешенді емтихан тапсырған білім алушы диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертацияны қорғауға жіберу МАК Төрағасының ұсынымы негізінде Академия Ректорының бұйрығымен ресімделеді.
58. Диссертациялық жұмыстарды (магистранттар мен докторанттардың) плагиат мәніне тексеру МЖМБС талаптарына сәйкес Академия ректорының бұйрығымен айқындалатын тәртіпте жүзеге асырылады.
Докторлық диссертация авторға және дерек көзіне (диссертацияны плагиат мәніне тексеру) сілтеме жасамай көшіру алу мәніне тексеруден өтеді, ол Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығымен жүргізіледі.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Бір жұмыс күні қорғауға 8-ден аспайтын магистрант жіберіледі.
Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғау МАК-тың ашық отырысында оның 2/3 кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Бір магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау ұзақтылығы 50 минуттан кем болмауы қажет. Магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау үшін МАК-тың алдында кемінде 15 минут баяндамамен сөз сөйлейді.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау:
1) ғылыми жетекшінің оң пікірі;
2) жарияланымдар;
3) бітіртуші кафедраның (орталықтың) қорғауға ұсыну туралы шешімі (кафедра отырысының хаттамасынан көшірмесі);
4) диссертацияға (жобаға) жан-жақты сипаттама және тиісті білім беру бағдарламасы немесе кадрларды даярлау бағыттары бойынша магистр дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды берілетін біліктілігі (ғылыми дәрежесі немесе дәрежесі) қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін рецензенттің бір рецензиясы;
5) магистрлік диссертацияны (жобаны) онда сәйкестіктің болуы мәніне тексеру нәтижелері туралы Академияның анықтамасы мен есебі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Егер ғылыми жетекші және/немесе бітіртуші кафедра "қорғауға жіберілмейді" немесе "қорғауға ұсынылмайды" деген теріс қорытынды берсе, магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберілмейді.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нәтижелері магистрлік диссертацияны (жобаны) қарау жөніндегі МАК отырысының хаттамасымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір магистрантқа жеке ресімделеді.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламасын игергенін растаған және магистрлік диссертацияны (жобаны) көпшілік алдында қорғаған магистрантқа МАК шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесі беріледі және тегін негізде диплом және дипломға қосымша беріледі.
МАК шешімі әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау жөніндегі МАК отырысының хаттамасымен осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.64. Дипломға қосымшада (транскриптте) барлық оқу пәндері, ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика түрлері, қорытынды аттестаттау бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша соңғы бағалары академиялық кредиттер мен сағаттарда көрсетіледі.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.65. Мемлекеттік үлгідегі диплом мен қосымшаны беру академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде Академия ректорының шығару туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Шығару туралы Академия ректорының бұйрығы МАК төрағасының ұсынысы негізінде шығарылады.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.66. МАК төрағасы магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп дайындайды.
Қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер мен түсіндірме жазбадан тұрады.
Түсіндірме жазбада:
1) Академияда тиісті білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді даярлау деңгейі;
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушылардың біліміне сипаттама;
3) тиісті білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді даярлаудың сапасын талдау;
4) магистрлік диссертация (жоба) тақырыптарының құқықтық ғылым, құқық қолдану практикасының заманауи жай-күйіне және құқық қорғау органдарының сұраныстарына сәйкестігі;
5) магистрлік диссертацияларды (жобаларды) орындау сапасы;
6) магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау деңгейінің сараптау комиссиясының қорытындысына, ғылыми жетекшісінің пікіріне, ресми оппоненттің сын-пікіріне сәйкестігі;
7) магистрлерді даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Магистранттардың қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есебіне МАК төрағасы қол қояды, Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылады және бекітіледі.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.68. Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
69. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңестің отырыстарында жүзеге асырылады.
Диссертациялық кеңесті құру және докторанттарға дәреже беру тәртібі 2011 жылғы 31 наурыздағы Білім және ғылым министрлігінің № 126 "Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік теркеу реестрінде № 6929 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес анықталған.
70. Академия Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына шығарудан кейін жиырма жұмыс күні ішінде:
1) бітірушілердің жеке тізімін қоса бере отырып, білім беру бағдарламаларын, берілген дипломдардың нөмірі және қызмет орнын көрсете отырып магистратурадан шығару туралы;
2) бітірушілердің жеке тізімін қоса бере отырып, білім беру бағдарламаларын және қызмет орнын көрсете отырып докторантурадан шығару туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.71. Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Межелік бақылау ведомосі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Институт ________________
Білім беру бағдарламасы ______________
Пән ______________________ _______семестр _____оқу жылы
Межелік бақылау өткізілген күн: (Р1) 20___ ж. "____"_________
(Р2) 20___ ж. "____"_________
№ р/н | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Межелік бақылау қорытындысы (пайызбен) | Орташа рейтингі (пайызбен) | Жіберілу рейтингі | |
Р1(7 апта) | Р2 (15 апта) | ||||
Оқытушы ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Институт директоры _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясында білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылау, оларға
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қорытынды бақылау ведомосі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Институт __________________
Білім беру бағдарламасы ______________
Пән ___________________ Кредиттер саны ______
_______семестр _____оқу жылы
Емтихан өткізілген күн: 20___ ж. "____"_________
Оқытушы ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
№ | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Жіберу рейтингі | Емтихандық баға | Қорытынды баға | Қолы | ||
пайызбен | балмен | бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі |
Институт директоры ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Нысан
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының №___ ХАТТАМАСЫ
(әрбір білім алушыға толтырылады)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ж. "___"_________ сағат ____ минуттан ____сағат ____минутқа дейін
Қатысқандар:
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________________________
__________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру туралы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Білім алушы______________________________________________емтихан тапсырады
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
Сұрақтар: (пәндер блогі бойынша емтихан нәтижелері)
1)________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2)________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3)________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
1. Білім алушы ___________________________________ кешенді емтиханды_________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
______________________________________________ бағамен тапсырды деп танылсын
(балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша баға)
2. Білім алушы __________________________________________________ белгіленсін.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
3. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің пікірлері (бар болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Төраға _____________________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері __________________________ (қолы)
____________________________________________
Хатшы _____________________________________ (қолы)
Нысан
Магистранттың магистрлік диссертациясын (жобасын) қарау бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысының № ____ХАТТАМАСЫ
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ж. "___"_______ сағат _____ минуттан ____сағат _____минутқа дейін
Магистрант________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы)
__________________________________________________________________________
тақырыбындағы магистерлік диссертациясын (жобасын) қарау бойынша
Қатысқандар:
Төраға____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мүшелері:_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Магистрлік диссертация (жоба)________________ғылыми басшылығымен орындалды
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі немесе дәрежесі
Кеңес берді ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі
__________________________________________________________________________
немесе дәрежесі жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы)
Рецензент_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, немесе дәрежесі,
__________________________________________________________________________
жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы)
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына мынадай материалдар ұсынылды:
1) магистрлік диссертация (жоба) ______ парақта;
2) магистрлік диссертацияға (жобаға) ғылыми жетекшісінің қорытындысы бар пікірі
_________________________________________________________________________;
("қорғауға жіберіледі" немесе "қорғауға жіберілмейді" деп көрсетілген)
3) бітіртуші кафедраның шешімі______________________________________________
__________________________________________________________________________
(кафедра атауы, диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылады немесе
ұсынылмайды_____________________________________________________________;
деп көрсетілген)
4) магистрлік диссертацияға (жобаға) бағасы қойылған пікір______________________
_________________________________________________________________________;
(пікір берушінің бағасы көрсетіледі)
5) ресми емес пікірлер _______________________________________________________
Магистрлік диссертацияның (жобаның) орындалғаны туралы хабарламадан кейін
_________ минут ішінде магистрантқа мынадай сұрақтар қойылды:
1.________________________________________________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қойылған сұрақтар)
2.________________________________________________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қойылған сұрақтар)
Магистранттың қойылған сұрақтарға берген жауабының жалпы сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау барысында магистрант
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(білім деңгейін бағалау)
___________________________________________________________________көрсетті
Магистрант магистерлік диссертацияны (жобаны) орындады және бағамен
__________________________________________________________________________
(білімді бағалаудың баллдық-рейтінгілік әріптік жүйесі бойынша бағасы)
қорғады деп танылсын.
Комиссия мүшелерінің маңызды пікірлері
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Төраға _____________________________________(қолы)
Комиссия мүшелері __________________________(қолы)
____________________________________________(қолы)
____________________________________________(қолы)
Хатшы _____________________________________(қолы
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясында білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылау, оларға
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізу
қағидаларына
5-қосымша
Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының № ____ХАТТАМАСЫ
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20___ж. "_____"_______ _____сағат._____мин. ____сағатқа дейін_____мин.
"Магистр" дәрежесін тағайындау туралы
Қатысқандар:
Төраға
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мүшелері:
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Магистрант________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы)
Кешенді емтиханды тапсырды және магистерлік диссертацияны (жобаны)
__________________________________________________________________________
(кешенді емтихан, магистерлік диссертация (жоба), білімді бағалаудың рейтингілік әріптік жүйесі,
__________________________________________________________________________
тапсыру күні)
___________________________________________________________бағамен қорғады.
Магистрант кешенді емтиханды тапсырды және магистерлік диссертацияны
(жобаны) қорғады деп танылсын.
Магистрантқа _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
білім беру бағдарламасы бойынша
_________________________________________________________________________
(код және білім беру бағдарламасының атауы)
"Магистр" дәрежесі тағайындалды.
Комиссия мүшелерінің маңызды пікірлері
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы диплом берілсін.
Төраға _____________________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері __________________________ (қолы)
____________________________________________ (қолы)
____________________________________________ (қолы)
Хатшы _____________________________________ (қолы)
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________ жылы кешенді емтиханның тапсыру қорытындысы
білім беру бағдарламасы ____________________________________
ЖОО атауы ________________________________________________
Қорытынды аттестатау нысаны | Қорытынды аттестаттауға жіберілген білім алушылардың саны | Қорытынды аттестаттауды тапсырған білім алушылардың саны | Оның ішінде бағаға тапсырды | Орташа балл | Келмегендер | Сапасы % | Тапсырғандардың үлгерімі, % | |||
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |||||||
Кешенді емтихан |
2-кесте |
______жылы магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғаудың қорытындысы
білім беру бағдарламасы ____________________________________
ЖОО атауы ________________________________________________
Қорытынды аттестатау нысаны | Қорытынды аттестаттауға жіберілген білім алушылардың саны | Қорытынды аттестаттауды тапсырған білім алушылардың саны | Оның ішінде бағаға тапсырды | Орташа балл | Келмегендер | Сапасы, % | Тапсырғандардың үлгерімі, % | |||
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |||||||
Диссертацияны (жобаны) қорғау |
3-кесте |
____жылы бітірушілердің қорытынды аттестаттауларының бағалары
ЖОО атауы ________________________________________________
білім беру бағдарламасы ____________________________________
Қорытынды аттестаттауға жіберілген білім алушылардың саны | Қорытынды аттестаттауға келмегендердің саны | Қорытынды аттестаттауды тапсырғандардың саны | Оның ішінде бағаға тапсырды | Орташа балл | ||||
Тек өте жақсы | Тек өте жақсы және жақсы | Аралас бағалар | Тек қанағаттанарлық баға алғандар | Тек қанағаттанарлықсыз баға алғандар |
4-кесте |
Шығарудың салыстырмалы талдауы
Көрсеткіштері | Алдыңғы кезең | Есеп беру кезеңі |
Сапасы % | ||
Үлгерімінің % | ||
Орташа балл |