"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-1-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің тәртібін айқындайды.
3. Оқу үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың білім беру бағдарламаларын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау – академиялық кезең ішінде кестеге сәйкес білім алушылардың білімін оқытушының аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарында өткізетін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
4) емтихан сессиясы – Академияда білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі;
5) кредит – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшеудің бірыңғайланған бірлігі;
6) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
7) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін анықтауға мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;
8) оқу үлгерімінің орташа балы – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарламасы бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
9) транскрипт – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат.
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау жүрізудің тәртібі
5. Академияда білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру бақылау мен аттестаттаудың келесі нысандарында жүзеге асырылады:
1) ағымдағы бақылау;
2) межелік бақылау;
3) аралық бақылау.
6. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіліп, білімді аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда бақылауды қамтиды. Ағымдағы бақылау бағасы (рұқсат ету рейтингісінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау бағасы (аудиториялық сабақтар) мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
Ағымдағы бақылау тиісті пән бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушымен іске асырылады.
Оқу сабақтарын өткізуге қатыспаған тұлғалардың ағымдағы бақылауға қатысуына Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – ЖОКБИ) директорының жазбаша рұқсатынсыз жіберілмейді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау кезінде әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, өзіндік жұмыс, межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Үлгерімнің ағымдағы бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағаларының орташа арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда қолданылады.
8. Межелік бақылау бір академиялық кезең ішінде бір оқу пәні шеңберінде кемінде екі рет өткізіледі. Межелік бақылау нәтижелерін оқытушы оқу журналына межелік бақылау өткізілген күннен кешіктірмей қояды және оқу процесінің сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және олар Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (бұдан әрі - ЖООКБИ) кафедра отырыстарында тұрақты қаралып отырады.
Межелік бақылау ведомосі осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысан бойынша жасалады.
9. Академиялық кезеңнің басында әр пән бойынша межелік бақылау өткізу нысаны ЖООКБИ кафедрасының шешімімен анықталады.
Межелік бақылауды аттестаттау пәні бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушы жүзеге асырады.
10. Академияда магистранттар мен докторанттарды аралық аттестаттау білім беру бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына және академиялық күнтізбелерге сәйкес емтихан тапсыру нысанында жүзеге асырылады.
11. Аралық аттестаттаудың кезеңділігі мен ұзақтылығы Академияның Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша Академия Ректорымен бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады.
11-1. Әрбір оқу пәні бір академиялық кезеңде оқытылады және қорытынды бақылаумен (емтиханмен) аяқталады.
Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Емтихандар Академияның ЖОКБИ оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесі жасайтын кестеге сәйкес тапсырылады. Емтихан кестесін ЖОКБИ директоры бекітеді және емтихан сессиясы басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Емтиханды қабылдау тапсырылатын пән бойынша дәріс сабақтарын өткізген оқытушымен жүзеге асырылады.
14. Аралық бақылау мен емтихандардың өткізу кезінде Академия басшылығы, сонымен қатар ғылыми-білім қызметін мониторингтеу және сапасын бағалау бөлімшесінің қызметкерлерінен басқа, өзге тұлғалардың қатысуына ЖОКБИ директорының жазбаша рұқсатынсыз жол берілмейді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша рұқсат ету рейтингінің бағасы анықталатын нәтижелері бойынша үлгерімнің ағымдағы бақылау бағасының негізінде жүзеге асырылады.
Пән бойынша рұқсат ету рейтингісінің оң бағасын иеленбеген білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
16. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелерін басқаратын Академия проректоры кейбір жағдайларда (сырқатына, бала тууына, жақын туысқандарының қайтыс болуына, қызметтік жағдайларға байланысты) растайтын құжаттарды ұсынуымен білім алушыға жеке кесте бойынша емтихан сессиясын тапсыруға рұқсат береді.
17. Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Емтихандар жазбаша, ауызша, тестілеу немесе аралас түрде жүргізіледі.
Тестілеу түрінде екі және одан да көп пән бойынша олардың бейіндік және туыстық қағидасын сақтай отырып кешенді емтихан белгілеуге болады.
Оқытушы әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізу нысаны мен тәртібін кафедра және Академияның оқу-әдістемелік кеңесі отырысының шешімі негізінде емтихан өткізуден бір ай бұрын мерзімінен кешіктірмей дербес белгілейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Әрбір оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдағы бақылау бағасының (жіберілу рейтинг бағасы) орташа балы ескеріледі.
20. Қорытынды бақылауды өткізу үшін оқу-әдістемелік бөлімше емтихан алушыға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бақылаудың ведомосі береді.
21. Емтихандағы білім алушының үлгерімі халықаралық тәжірибеде қабылданған сандық баламасы бар әріптік жүйеге (оң бағалар, кему шамасына қарай, "А"-дан "D" – ге дейін, және "қанағаттанарлықсыз" - "FХ", "F",) және дәстүрлі жүйе бойынша бағаға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Емтихан нәтижелері емтихан ведомосына жазылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң, білім алушыға оның оқу жетістіктерінің көрсеткіші болып табылатын қорытынды баға қойылады.
23. Пәннің қорытынды бағасына рұқсат ету рейтингісінің және қорытынды бақылау бағалары кіреді.
Оқу үлгерімін ағымдық бақылаудың бағасы (рейтингі) пән бойынша білімінің қорытынды бағасының 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша білімінің қорытынды бағасының 40%-ын құрайды.
24. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша кредиттердің белгіленген санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып табылады және білім алушының транскриптіне жазылады.
Білім алушы қорытынды бақылау бойынша (емтихан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
25. Білім алушыға аралық аттестаттау кезінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
"Қанағаттанарлықсыз" бағасынан оң бағаға емтиханды қайта тапсыру үшін білім алушы академиялық кезең аяқталысымен пәнді өздігінен оқып, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады.
Үшінші рет "қанағаттанарлықсыз" бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты "қанағаттанарлықсыз" бағасын алуына қарамастан Академиядан академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Емтихан ведомосі барлық білім алушылар бойынша бүкіл оқыту кезеңінде кредиттер санын есепке алу және жинақтаумен айналысатын Академияның оқу-әдістемелік бөлімшесіне беріледі.
Емтихандық ведомостердің негізінде әр оқу пәні бойынша аралық аттестаттаудың жиынтық ведомосі жүргізіледі.
27. Білім алушылар барлық емтихандарды пәннің оқу жұмыс жоспарына, сондай-ақ оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестікте тапсырады.
Оқудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихан нәтижелері емтихан ведомосы мен транскриптке енгізіледі.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда, емтихандық ведомостегі тегінің тұсына "келген жоқ" деген белгі қойылады.
Сырқат болуы және басқа дәлелді себептері болған жағдайда ЖОКБИ директоры бекітетін жеке емтиханды тапсыру кестесі жасалады. Дәлелді себептері болмаған жағдайда емтиханға келмеу "қанағаттанарлықсыз" бағасына теңестіріледі. "Қанағаттанарлықсыз" бағасынан оң бағаға қайта тапсырудың тәртібі осы Қағидалардың 25-тармағында анықталған.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді.
30. Емтихандық сессиясы (аралық аттестаттау) кезеңіне Академия Ректорының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.
31. Апелляция нәтижелері хаттамамен рәсімделеді және оның шешімі негізінде негізгі емтихандық ведомосіне тіркелетін білім алушыға (докторантқа, магистрантқа) жеке емтихандық ведомосі әзірленеді.
32. Транскриптіге білім алушылардың барлық қорытынды бағалары жазылаы.
33. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессияларының қорытындысы негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру Академия Ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Көшіру балы Академияның Ғылыми кеңесі шешімімен белгіленеді.
34. Өту балын жинамаған білім алушы академиялық үлгірмегені үшін Академиядан шығарылады.
"Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес Академиядан шығарылған адамға анықтама жазылады.
Академиядан шығарылған білім алушыға Академия ректоры қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт жазылады.
Транскриптке "қанағаттанарлықсыз" баламасына сәйкес келетін FX және F бағаларын қоса алғанда, қорытынды бақылау (емтихан) бойынша алған барлық бағаларын көрсете отырып, білім алушы оқыған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдері міндетті түрде жазылады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Емтихандық сессиясы (аралық аттестаттау) аяқталған соң, емтихан нәтижелері және оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар Академияның кафедра және Оқу-әдістемелік кеңесінің отырыстарында қарастырылады.
3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі
36. Академиядағы магистрантты қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде, білім беру бағдарламаларында және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларында көзделген мерзімде кешенді мемлекеттік емтихан (бұдан әрі – кешенді емтихан) тапсыру және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нысанында өткізіледі.
Магистрантты қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген негізгі оқу нәтижелері мен басты құзыреттіліктерді бағалау болып табылады.
Докторанттың қорытынды аттестациясы докторлық диссертацияны жазу және қорғау түрінде жүргізіледі.
Докторантты қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқарушылық құзыреттілігін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға дайындығын, оның дайындығының докторантураның білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған, сондай-ақ диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша алдын ала қорғаудан (кеңейтілген отырыс) өткен білім алушылар жіберіледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарын орындамаған бітіруші курстың білім алушылары академиялық үлгермегені үшін Академиядан шығарылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Магистратурада кешенді емтихан қабылдау үшін Академия білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша кемінде 5 адамнан тұратын мемлекеттік аттестаттау комиссиясын (бұдан әрі – МАК) құрады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Әрбір білім беру бағдарламасы бойынша МАК төрағалары Академияда жұмыс істемейтін және ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар сыртқы өкілдер болып табылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. МАК құрамына ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жоғары білікті қызметкерлері енгізіледі.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. МАК-тың төрағасы мен құрамы Академияның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде оныншы қаңтардан кешіктірілмей Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы қызмет етеді.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу Академия Ректорының бұйрығымен тізім бойынша ресімделіп, қорытынды аттестаттау басталуынан 2 апта бұрын МАК-қа тапсырылады.
44. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының базалық (міндетті компонент) және бейіндік циклының пәндері кіреді.
45. Кешенді емтихан бекітілген бағдарлама көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу нысанында жүргізіледі.
46. Кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын, оны өткізу түрін және тапсырмалар мазмұнын осы кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОКБИ кафедралары әзірлейді.
Кешенді емтихан бағдарламасы Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. ЖООКБИ кафедралары тестілеу тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеу өткізудің технологиясын әзірлейді.
48. Кешенді емтихан магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғағанға дейінгі 1 айдан кешіктірілмей қабылданады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Кешенді емтиханның нәтижелері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МАК отырысының хаттамасымен ресімделеді, ол әрбір магистрантқа жеке толтырылады.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. МАК отырысының хаттамасын МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.
51. Кешенді емтиханды тестілеу нысанында өткізген жағдайда жеке хаттама ресімдеудің негізі емтихан ведомосі болады.
52. Кешенді емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы ЖООКБИ директорының ұсынысы негізінде Академия Ректорының бұйрығымен Академиядан шығарылған адамға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5717 тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысанда оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі.
53. Кешенді емтихан бойынша "оң баға" алған, бірақ диссертацияны қорғауға ұсынбаған білім алушылар ЖООКБИ директорының ұсынысы негізінде Академия Ректорының бұйрығымен оқудан шығарылады.
54. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді.
55. Апелляция өткізу үшін Академия Ректорының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар санынан апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляция қанағаттандырылған жағдайда МАК мәжілісі хаттамасы қайта ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды "Баға __________ №_______ хаттамамен қайта қаралды _____бет" деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК мүшелерінің бәрі қол қояды.
56. Бағаны көтермелеу мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жол берілмейді.
"Қанағаттанарлықсыз" баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат етілмейді.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Кешенді емтихан тапсырған білім алушы диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертацияны қорғауға жіберу МАК Төрағасының ұсынымы негізінде Академия Ректорының бұйрығымен ресімделеді.
58. Диссертациялық жұмыстарды (магистранттар мен докторанттардың) плагиат мәніне тексеру МЖМБС талаптарына сәйкес Академия ректорының бұйрығымен айқындалатын тәртіпте жүзеге асырылады.
Докторлық диссертация авторға және дерек көзіне (диссертацияны плагиат мәніне тексеру) сілтеме жасамай көшіру алу мәніне тексеруден өтеді, ол Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығымен жүргізіледі.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Осыған сәйкес қорғауға күніне 6-8 аспайтын магистрант жіберіледі.
Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық отырысында оның 2/3 кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
60. Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақтылығы 50 минуттан аспауы қажет. Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында кемінде 15 минут баяндамамен сөз сөйлейді.
Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК отырысында, докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестің отырыстарында жүзеге асырылады.
61. Магистрлік диссертацияны қорғау:
1) ғылыми жетекшінің оң пікірі;
2) жарияланымдар;
3) бітіртуші кафедраның (орталықтың) қорғауға ұсыну туралы шешімі (кафедра отырысының хаттамасынан көшірмесі);
4) диссертацияға жан-жақты сипаттама және тиісті білім беру бағдарламасы немесе даярлық бағыттары бойынша магистр академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды берілетін біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін рецензенттің бір рецензиясы;
5) магистрлік диссертацияны (жобаны) онда сәйкестіктің болуы мәніне тексеру нәтижелері туралы Академияның анықтамасы мен есебі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Егер ғылыми жетекші және/немесе бітіртуші кафедра "қорғауға жіберілмейді" немесе "қорғауға ұсынылмайды" деген теріс қорытынды берсе, магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберілмейді.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нәтижелері магистрлік диссертацияны (жобаны) қарау жөніндегі МАК отырысының хаттамасымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір магистрантқа жеке ресімделеді.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламасын игергенін растаған және магистрлік диссертацияны (жобаны) көпшілік алдында қорғаған магистрантқа МАК шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесі беріледі және бітірту туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымшасымен қоса тегін негізде диплом беріледі.
МАК шешімі әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғау жөніндегі МАК отырысының хаттамасымен осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.64. Дипломға қосымшада (транскриптте) барлық оқу пәндері, ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика түрлері, қорытынды аттестаттау бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша соңғы бағалары академиялық кредиттер мен сағаттарда көрсетіледі.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.65. Мемлекеттік үлгідегі диплом мен қосымшаны тапсыру магистрлік диссертацияны қорғаған соң, отыз күнтізбелік күн ішінде Академия Ректорының бітірушілердің шығарылымы туралы бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Академия Ректорының бітірушілер шығарылымы туралы бұйрығы магистранттардың қорытынды аттестаттауынан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей МАК Төрағасының ұсынысы негізінде шығарылады.
66. МАК Төрағасы магистранттарды қорытынды аттестаттаудан кейін он жұмыс күні ішінде магистранттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижелері туралы есепті дайындап, Академия Ректорына ұсынады.
Қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп осы Қағидалардың
6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кестелер мен түсіндірме жазбадан тұрады.
Түсіндірме жазбада:
1) жоғары оқу орнында аталған мамандық бойынша магистрлерді даярлау деңгейі;
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушылардың біліміне сипаттама;
3) аталған мамандық бойынша магистрлерді даярлаудың сапасын талдау;
4) магистрлерді даярлаудағы кемшіліктер;
5) магистрлік диссертация тақырыптарының ғылым, техника, мәдениет және өндіріс сұраныстарының қазіргі жай-күйіне сәйкестілігі;
6) магистрлік диссертацияларды орындау сапасы;
7) магистрлік диссертацияны қорғау деңгейінің сараптау комиссиясының қорытындысына, ғылыми жетекшісінің пікіріне, ресми оппоненттің сын-пікіріне сәйкестілігі;
8) магистрлерді даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер көрсетіледі.
67. Магистранттардың қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есебіне МАК Төрағасы қол қояды, Академияның Ғылыми кеңесінде қарастырылады және бекітіледі.
68. Академия магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есебін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсынады.
Есепке бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы, берілген дипломның нөмірі және қызмет орны көрсетілген тізім тіркеледі.
69. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңестің отырыстарында жүзеге асырылады.
Диссертациялық кеңесті құру және докторанттарға дәреже беру тәртібі 2011 жылғы 31 наурыздағы Білім және ғылым министрлігінің № 126 "Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік теркеу реестрінде № 6929 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес анықталған.
70. Академия магистранттар мен докторанттар бітіргеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына бітірушілердің дербес тізімін қоса беріп және білім беру бағдарламасы, берілген дипломның нөмірі және қызмет орнын көрсете отырып есеп ұсынады.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.71. Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Межелік бақылау ведомосі
№_____ рейтинг парағы
Институт __________________ Мамандық ______________
Пән курс__________
_______семестр _____оқу жылы
Күні Р1 "____"_________20___ ж. Күні Р2 "____"_________20___ ж.
№ р/с | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Межелік бақылау % | Орташа рейтингі % | Жіберілу рейтингі | |
Р1 | Р1 | ||||
7 апта | 7 апта | ||||
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
4. | |||||
5. | |||||
6. | |||||
7. | |||||
8. | |||||
9. | |||||
10. | |||||
11. |
Тьютор ________________________________ ___________ (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Институт директоры_______________________ ___________ (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Нысан
Қорытынды бақылау ведомосі
Институт_________ семестр ___________
Мамандығы: "________________" _________ оқу жылы
Пән: ________________________ _________ оқу тобы
Кредиттің саны: _____________ "______"________________
Емтиханды өткізу күні
____________________________________
Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
р/с | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Сынақ кітапшасының нөмірі | Рұқсаттама беру рейтингі | Емтихандық баға | Қорытынды баға | Қолы | ||
пайызбен | балмен | әріппен | ||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
3. | ||||||||
4. | ||||||||
5. | ||||||||
6. | ||||||||
… |
Институт директоры ____________________________ ___________ (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Нысан
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының
№___ хаттамасы
(әрбір білім алушыға толтырылады)
20__ж. "___"_________ сағат ____ минуттан ____сағат ____минутқа дейін
Қатысқандар:
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________________
Комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру туралы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Білім алушы_________________________________________ емтихан тапсыруы
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
Сұрақтар: (пәндер блогі бойынша тест нәтижелері)
1)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
1. Білім алушы __________________________ кешенді емтиханды__________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
_______________________________________ бағамен тапсырды деп танылсын
(балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша рейтингі көрсетілсін)
2. Білім алушы _________________________________________ белгіленсін.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
3. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің пікірлері (бар
болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төраға __________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері __________________________ (қолы)
__________________________ (қолы)
Хатшы __________________________ (қолы)
Нысан
Магистранттың магистрлік диссертациясын қарау бойынша
мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысының
№ ____хаттамасы
20__ж. "___"_______ сағат _____ минуттан ____сағат _____минутқа дейін
магистрант___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы
_____________________________________________________________________
тақырыбындағы магистерлік диссертациясын қарау бойынша
Қатысқандар:
Төраға_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мүшелері: ___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Магистрлік диссертация ______________________ ғылыми басшылығымен
орындалды
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі,
немесе дәрежесі
Консультация кезінде ________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі
_____________________________________________________________________
немесе дәрежесі жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы
Оппонент ____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми
дәрежесі, немесе дәрежесі
_____________________________________________________________________
жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына мынадай материалдар ұсынылды:
1) магистрлік диссертация ______ парақта;
2) диплом жұмысына (жобаның) кестелер, сызбалар _____ парақта;
3) магистрлік диссертацияға ғылыми жетекшісісінің қорытындысы
бар пікірі
____________________________________________________________________;
"қорғауға жіберіледі" деп көрсетілсін
4) __________________________________________________________________
кафедра атауы және диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылады
_____________________________________________________________________
немесе ұсынылмайды деп көрсетілсін
__________________________________туралы бітіртуші кафедраның шешімі;
5) магистрлік диссертацияға бағасы қойылған пікір ___________________
____________________________________________________________________;
пікір берушінің бағасы көрсетіледі
6) ресми емес пікірлер ______________________________________________
Магистрлік диссертацияның орындалғаны туралы хабарламадан кейін
_________ минут ішінде магистрантқа мынадай сұрақтар қойылды:
1._____________________________________________________________
комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және қойылған сұрақтар
2. ____________________________________________________________
комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және қойылған сұрақтар
Магистранттың қойылған сұрақтарға берген жауабының жалпы сипаттамасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Магистрлік диссертацияны қорғау барысында магистрант ________________
_____________________________________________________________________
жалпы теориялық және арнайы дайындық бойынша білім деңгейі қандай
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________көрсетті
Магистрант магистерлік диссертацияны орындады
_____________________________________________________________________
білімді бағалаудың баллдық-рейтінгілік әріптік жүйесі бойынша бағасы
бағамен қорғады деп танылсын.
Комиссия мүшелерінің маңызды пікірлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төраға __________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері __________________________ (қолы)
__________________________ (қолы)
Хатшы __________________________ (қолы)
Нысан
Магистрлік диссертацияны қорғау бойынша
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының
№ ____хаттамасы
"_____"_______20___ж. _____сағат._____мин. ____сағатқа дейін_____мин.
"Магистр" дәрежесін тағайындау туралы
Қатысқандар:
Төраға
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мүшелері:
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Магистрант___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы
Кешенді емтиханды тапсырды және магистерлік диссертацияны
_____________________________________________________________________
кешенді емтихан, магистерлік диссертация, балл бойынша бағасы-
______________________________________________________бағамен қорғады
білімді бағалаудың рейтингілік әріптік жүйесі, тапсыру күні
Магистрант кешенді емтиханды тапсырды және магистерлік диссертацияны
қорғады деп танылсын.
Магистрантқа __________________________________________ тағайындалды.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мамандығы бойынша ___________________________________________________
(код және мамандық атауы)
"Магистр" дәрежесі __________________________________________________
Комиссия мүшелерінің маңызды пікірлері
_____________________________________________________________________
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы дипломды беру.
Төраға _________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері _________________________ (қолы)
_________________________ (қолы)
_________________________ (қолы)
Хатшы _________________________ (қолы)
Нысан
№ 1 Кесте
Кешенді емтиханның тапсыру қорытындысы__________________жыл
ЖОО атауы ____________________________________
мамандығы ____________________________________
Қорытынды аттестацияның | Қорытынды аттестацияға жіберілгендердің саны | Тапсырғандардың саны | Үздік | Жақсы | Қанағат | Қанағаттандырмау | Орташа балл | Келмегендер | % сапасы | % тапсырғандардың үлгерімі |
Кешенді емтихан |
№ 2 Кесте
Диссертацияны қорғаудың _____________________ қорытындысы
(магистерлық)
__________________ жылға
ЖОО атауы ___________________________
мамандығы ___________________________
Қорытынды аттестацияның | Қорытынды аттестацияға жіберілгендердің саны | Тапсырғандардың саны | Үздік | Жақсы | Қанағат | Қанағаттандырмау | Орташа балл | Келмегендер | % сапасы | % тапсырғандардың үлгерімі |
Диссретацияның қорғау |
№ 3 Кесте
Бітірушілердің қорытынды аттестацияларының бағалары
________ жылға
ЖОО атауы __________________________________________
мамандығы __________________________________________
ҚА жіберілгендердің саны | ҚА келмегендердің саны | ҚА тапсырғандардың саны | Оның ішінде тапсырғандар | Қанағаттанарлықсыз баға алғандар | Орташа балл | |||
Тек өте жақсы | Тек өте жақсы және жақсы | Аралас бағалар | Тек қанағаттанарлық | |||||
№ 4 Кесте
Салыстырмалы анализ шығарылымы
Көрсеткіштері | Алдыңғы кезең | Есеп беру кезеңі |
Сапасы % | ||
Үлгерімінің % | ||
Орташа балл |