Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13653 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия) қызмет қағидалары бекітілсін.
      2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                     А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы  
Бас Прокурорының    
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 65 бұйрығымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының қызмет қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, оқу орны) қызметінің тәртібін айқындайды.
      3. Академияның негізгі міндеттері:
      1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарында Президенттік резервте тұрған басшылардың кәсіби деңгейін арттыру;
      2) құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;
      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру.
      4. Академия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру және ғылым қызметін реттейтін «Білім туралы», «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ осы Қағидалар мен Академия жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
      5. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

2. Академия қызметінің тәртібі

      6. Академияны басқару осы Қағидаларға және Академия жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Академияны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен қызметке тағайындалатын Ректор жүзеге асырады.
      8. Академия Ректорының Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясаты мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Комиссияның келісімімен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындайтын орынбасарлары: бірінші проректор және проректорлары болады.
      9. Ректор Академия атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық мемлекеттік органдарда және мекемелерде, басқа ұйымдарда оның мүддесіне өкілдік етеді.
      10. Академияда алқалық басқару органдары құрылады:
      1) Академияның ғылыми-әдістемелік кеңесі;
      2) Академияның ғылыми кеңесі;
      3) Академияның оқу-әдістемелік кеңесі;
      4) Академияның ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа кеңесі.
      11. Академия Ректорының бұйрығымен өзге де алқалық және консультативті-кеңестік органдар құруға мүмкіндік беріледі.
      12. Ғылыми-әдістемелік кеңесті қоспағанда, алқалық басқару органдарының қызметін, құрамы мен мүшелерінің санын Академия өзі анықтайды.
      13. Академия құрылымын және штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бекітеді.
      14. Академия өзінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың қызметінің негізгі бағыттары айқындалады.
      15. Академия жұмыскерлерінің (қызметкерлердің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің және еңбек шарты бойынша жұмыскерлердің) лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалады.
      Академияда лауазымға тағайындау және босату, лауазымдарға орналастыру, жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату және еңбек шартын  бұзу Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      16. Академия құрамына: Кәсіби деңгейді арттыру институты (бұдан әрі - КДАИ), Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі - ВҒЗИ), Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі - ЖООКБИ) және дербес құрылымдық бөлімшелер кіреді.
      17. Институт қызметін басқаруды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімі бойынша Ректордың бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын директор жүзеге асырады.
      18. Кафедралар, орталықтар, басқармалар Академия институттарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
      Кафедра бір немесе бірнеше мәндес пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын Академияның оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
      Кафедра штаты оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып айқындалады.
      Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, оқу-көмекші персонал кіреді.
      Кафедраны кандидатурасы белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс меңгеруші «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 27 бұйрығына сәйкес басқарады. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13510 тіркеген).
      19. Академияның институттары және дербес құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру Академия жарғысына, осы Қағидалар және Академия жұмыс жоспарларына, сондай-ақ жұмыскерлердің қызметтік міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады.
      20. Академияның институттары және дербес құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері өзара алмасу, есеп беру, жоспарлау, жедел-қызметтік қызметтері мәселелерін шешудегі бірізді үйлесім, олардың алдына қойылған міндеттерді орындауындағы жұмыскерлердің жеке жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылады.
      21. Академиялық лек және топтың толықтығы жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысымен айқындалады.
      22. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Академия жарғысымен белгіленеді.
      23. Білім алушылардың тәртібін қамтамасыз ету және нығайту мақсатында Академия Ректорымен тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.

3. Академияның білім беру қызметін ұйымдастыру:

      24. Академияның білім беру қызметінің түрлері:
      1) қосымша білім;
      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
      25. КДАИ-да қосымша білім беру қызметінің келесі түрлері іске асырылады:
      1) Президенттік резервте тұрған Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының басшылығы қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру;
      2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру;
      3) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби даярлау.
      Академиядағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген.
      26. Кәсіби даярлық, қайта даярлау және біліктілікті арттыру кезінде КДАИ білім алушылары (тыңдаушылар) Академия жатақханасында тұрады және оның аумағы шегінде болады.
      Оқу орнының аумағы шегінен шығу және Академия жатақханасынан тыс жерде тұру Академия Ректорының жазбаша рұқсатымен беріледі.
      27. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді орындауға, қызметтік жұмысты есепке ала отырып, қажетті білім, икем мен дағдыларын бойына сіңіру, тереңдету және кеңейтуді көздейтін ұйымдастырушылық, оқу іс-шараларының жүйесін қамтиды.
      28. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру оқу процесінің мазмұны құқық қорғау органдарымен келісілген тиісті оқу жоспарларымен және оқу бағдарламаларымен айқындалады.
      29. КДАИ-дың оқу-әдістемелік жұмысына:
      1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы алғашқы оқыту курстары, біліктілікті арттыру және қайта даярлау, құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервін даярлаудағы оқу процесі нәтижесін жинақтау және талдау;
      2) КДАИ қызметі тәжірибесін жинақтау, жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, ұйымдастырушылық-аналитикалық және оқу-әдістемелік жұмыстың инновациялық формалары мен әдістерін енгізу;
      3) КДАИ-дың штаттық қызметкерлерімен қатар, жетекші ғалымдар, сарапшыларды, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының, соның қатар шетелдік практика қызметшілерін оқу сабақтарын өткізуге тарту;
      4) оқу процесін ұйымдастыру, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
      5) жұмыс жоспарларына сәйкес оқу сабақтарын өткізуді үйлестіру;
      6) білім алушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
      7) құқық қорғау органдары қызметкерлеріне оқыту іс-шараларын (семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер», тренингтер) ұйымдастыру және өткізу;
      8) білім беру және оқу-әдістемелік қызметін іске асыруда ғылыми, білім беру, мамандандырылған ұйымдар және мекемелермен жасалған келісімдердің аясында мемлекеттік және құқық қорғау, соның ішінде халықаралық органдармен ынтымақтастық және өзара әрекет ету кіреді.
      30. КДАИ-да оқытудың қашықтықтан білім беру технологияларын қосымша білім беру кезінде пайдалануға рұқсат етіледі.
      31. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау ЖООКБИ-да оқытудың күндізгі нысаны бойынша жүзеге асырылады.
      32. Академияға оқуға қабылдау «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 12000 тіркеген).
      33. ЖООКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмысы жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларымен оқу процесін іске асыратын және үйлестіретін кафедралармен жүзеге асырылады.
      34. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін кредиттік оқыту технологиясы қолданылады.
      35. Академияда оқу жұмысының мынадай түрлері белгіленеді: дәрістер, семинар (практикалық) сабақтар, консультациялар, оқытушының басшылығымен өткізілетін білім алушылардың өзіндік жұмысы, практикумдар, кәсіптік практикалар және тағылымдама, магистранттар және докторанттардың диссертациялық зерттеулеріне ғылыми жетекші, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауаралық және қорытынды аттестаттау жүргізу және дайындау.
      36. Дәріс сабақтарын өткізуге, магистранттар және докторанттардың диссертациялық зерттеулеріне ғылыми жетекшілік етуге Ректор, проректор, институт директоры, институт директорының орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы лауазымдарын атқаратын қызметкерлер жіберіледі.
      Сонымен қатар, дәрістер және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жылдан кем емес практикалық жұмыс өтілі бар мамандарды тартуға жол беріледі.
      37. Білім алушылардың білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, Академия оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес анықтайды.
      38. Академияның ЖООКБИ ПОҚ және КДАИ қызметкерлері оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.
      39. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламалары пәндердің екі циклын қамтиды: базалық пәндер циклы және бейіндік пәндер циклы, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлері және қорытынды аттестаттау.
      Әр цикл тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында және типтік оқу бағдарламаларында анықталатын міндетті компонент пәндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында айқындалатын пәндерден тұрады.
      Әрбір пән бір академиялық кезең ішінде оқытылады.
      40. Академия білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды.
      41. Оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруға жауапты құрылым білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді іске асырады, академиялық топтар мен ағымдарды қалыптастырады, меңгерілген кредиттерді есепке алуды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастырып, өткізеді, білім алушылардың транскриптісін есепке алады, Академиядағы білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізеді.
      42. КДАИ-да оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында оқу зертханалары құрылады.
      43. Білім алушылардың білімін бағалау үшін Академияда білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі жұмыс істейді.
      Академияда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: кіріс және шығыс бақылау, үлгерімнің ағымдағы бақылауы, аралық аттестаттау және қорытынды аттестаттау.
      44. КДАИ-дағы кіріс бақылау білім алушылардың курстан өту алдындағы, шығыс–курсты аяқтаған соң кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.
      45. Академияның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және тұлғаның отаншылдық, адамгершілік, әлеуметтік, зияткерлік, кәсіби, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
      46. Академияның тәрбие жұмысы мыналарды қамтиды:
      1) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру;
      2) білім алушылардың бойында өз бетінше және білікті түрде шешімдер қабылдау мен біліктілікті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру;
      3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру;
      4) білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, өзінің мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;
      5) білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;
      6) білім алушылардың бойында құқықтық сана және құқықтық мәдениетті дамыту.

4. Академияның ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметі

      47. Академияда құқық қорғау органдарының қызметіндегі іргелі және қолданбалы ведомствоаралық ғылыми-зерттеу мәселелерін ұйымдастыру, үйлестіру және жүргізу бойынша, сондай-ақ ведомстволық ғылыми мекемелермен және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында өткізілетін ғылыми зерттеулердің мониторингін белгіленген өкілеттіктер шегінде және өзіне жүктелген қызметтерін жүзеге асыратын, Академияның дербес ғылыми-зерттеу құрылымдық бөлімшесі өз бетінше жұмыс істейді – ВҒЗИ.
      48. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін, бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде дамытуға бағытталған.
      49. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми зерттеулер) және құқық қорғаумен басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне және нормашығармашылыққа олардың нәтижелерін енгізу Академияның ВҒЗИ жүзеге асырылады.
      50. Академияның халықаралық қызметі жетекші шетелдік университеттермен және ұйымдармен ынтымақтастық жасау бағдарламасының, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, ғылыми-оқытушылық кадрлармен алмасу және білім алушылармен ұтқырлықты дамыту шеңберінде жүзеге асырылады.

5. Академия қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      51. Академияның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
      52. Академияның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, әртүрлі деректерді, олардың жинау әдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді.
      53. Ақпараттық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік) толық мәтіндік, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-іздестіру жүйелерін; оның ішінде дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды; білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.
      54. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.
      55. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына, еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.
      56. Академия кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды.
      Ғылыми қорға сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді.
      57. Академияның оқу әдебиеті басылымдарын: оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды және оқу пәндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша басқа да оқу басылымдары қамтиды.
      58. Академиядағы оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері Академияда өздігінен жүзеге асырылады.
      59. Академияда оқу сабақтарын жүргізу және басқа білім беру шаралары үшін қажетті аудиториялық базалар, оқу кабинеттері, спорт залдары, полигондар мен басқа да үй-жайлар орналасады.