Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 сәуірде № 13631 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 118/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (Т.Б.Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2016 жылғы "___" _________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін
атқарушысының
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 274 бұйрығымен
бекітілген

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және
қарастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы ақпараттандыру саласындағы тауарларды жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) ақпараттандыру саласындағы тауарларды жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру (бұдан әрі – шығыстар есебі) процесін нақтылау мақсатында әзірленді.

      2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖ АЖ) арқылы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін (бұдан әрі – әкімші) шығыстар есебін ұсынудың басталу және аяқталу мерзімдері туралы хабардар етуді, құжаттарды қабылдау, сараптама жүргізу туралы хабардар етуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына қорытынды жіберуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.07.2024 № 448/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын жасау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарын жасау кезінде әкімші:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) шығыстар есебінің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен нормативтеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      3) ақпараттандырудың сервистік моделіне өту және ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді алу басымдығын қамтамасыз етеді;

      4) шығыстар есебінің "электрондық үкіметтің" архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      5) активтерді пайдалану кезеңіне, сондай-ақ енгізілетін немесе көбейтілетін ақпараттық жүйелердің талаптарына және мерзімдеріне сәйкес оларды жарақтандыруды және ауыстыруды жүзеге асырады;

      6) шығыстардың қайталануын болдырмайды;

      7) шығыстардың негізделген есебін жасау үшін тиісті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығындағы ұсыныстарды зерттейді;

      8) лицензиялық бағдарламалық қамтылымды пайдалану кезінде "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 118/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

      4. Бюджеттік инвестицияны жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың мөлшері бекітілген инвестициялық ұсыныс, қаржы-экономикалық негіздеме шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалар компоненттерінің құнынан аспайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 108/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын ұсыну

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әкімші жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 наурызына МЖ АЖ арқылы уәкілетті органның қарауына электрондық құжат нысанында кезекті жоспарлы кезеңге шығыстардың есебін осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесіне сәйкес енгізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.07.2024 № 448/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Құпия сипаттағы мәліметті құрайтын шығыстардың есебі уәкілетті органға қағаз тасығышта ұсынылады және "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіпте және режимді сақтай отырып қаралады.

      9. Шығыстардың есебін қарастырудан бас тарту:

      1) Шығыстар есебінің нысаны мен мазмұны Қазақстан Республкасының Заңы мен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес келмесе;

      2) Осы Нұсқаулықтың 12 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 108/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Ағымдағы қаржылық жылдың бюджетіне түзетуді немесе нақтылауды жүргізген кезде әкімші шығыстардың есебін бюджеттің түзетілуін немесе нақтылауын жүргізу туралы бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган хабарлаған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде электрондық құжат түрінде МЖ АЖ пайдалана отырып, немесе осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген қағаз тасығышта құпия сипаттағы мәліметті құрайтын уәкілетті органға енгізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.07.2024 № 448/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды есептеу мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының талаптарына сәйкес түсіндірме жазба;

      2) толық мәлімет көрсетілген екі әлеуетті өнім берушіден кем емес коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері:

      тауарлар (тауар бірлігінің саны, тауардың сипаттамасы, тауардың құны);

      жұмыстар және (немесе) қызметтер (жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялардың сипаттамасы), жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялардың саны, жұмыста және (немесе) көрсетілетін қызметте бір операцияны жүргізуге тартылған уақыт пен адамдардың саны, жұмыстағы және (немесе) қызмет көрсетілетін көрсетілетін қызметтегі адамдардың саны және операциялардың құны;

      3) әкімшінің байланыс тұлғасы туралы мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны, электрондық поштасы;

      4) бекітілген инвестициялық ұсыныстың, қаржы-экономикалық негіздемелердің, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырманың көшірмелері;

      5) әкімшінің бекітілген штат санының көшірмелері.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін, осы Нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) активтер және олардың ағымдағы баланстық құны бойынша көшірмесі, оның ішінде мемлекеттік орган активтерінің тозу тізілімі;

      2) теңгерімге алынбаған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың объектілерін (тауардың құны, тауардың атауы, техникалық ерекшеліктерінің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар бар болған жағдайда);

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің техникалық жағдайы, пайдаланудан алынуы және іске жарату туралы мәліметтер беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.07.2024 № 448/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      14. "Электрондық үкіметтің" ахитектуралық порталында (бұдан әрі – архитектуралық портал) ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер болмаған жағдайда жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін осы Нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар болған кезде);

      2) кезекті қаржы жылына ақпараттандыру саласында сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктердің көшірмелері;

      3) орындалған жұмыстардың нақты көлемін (олар болған кезде) көрсете отырып, ұқсас жұмыстар мен қызметтердің үш жылдық кезеңдегі орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілерінен мәліметтер ұсынылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.07.2024 № 448/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      15. Шығыстардың есебі МЖ АЖ арқылы уәкілетті органға өтінімді жолдаған кезеңнен бастап, осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген құпия сипаттағы мәліметті құрайтын шығыстардың есебі қағаз тасығышта ұсынылған күннен бастап деп есептеледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.07.2024 № 448/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын қарау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті органның шығыстар есеп-қисабын қарауы құжаттар түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган күнтізбелік үш күн ішінде әкімшілер ұсынған шығыстар есеп-қисаптарын "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына (бұдан әрі – сервистік интегратор) сараптама жүргізу үшін жібереді не әкімшіге осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес дәлелді бас тартумен шығыстар есеп-қисабын қайтарады.

      Сервистік интегратор шығыстар есеп-қисаптарын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде оған сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бюджетке түзету немесе нақтылау жүргізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар есебін уәкілетті орган күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      18. Сервистік интегратор шығыстар есебін қараған кезде мыналар ескеріледі:

      1) "электрондық үкіметтің" архитектурасының іске асырылу барысы туралы ақпарат;

      2) есепті қаржы жылы үшін бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуын, оның ішінде ақпараттандыру саласында тауарлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің мерзімдері, көлемі мен құны туралы мәліметтерді қамтиды;

      3) ағымдағы қаржы жылының бюджеттік инвестицияларын жүзеге асыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру барысы туралы ақпарат;

      4) кезекті қаржы жылы мен жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша күтілетін тиімділік пен нәтижелер туралы мәліметтер;

      5) мемлекеттік органның архитектуралық порталындағы ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтері;

      6) әкімшінің немесе басқа әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығыстарымен немесе іс-шараларымен салыстырғанда шығыстардың негізділігі және салыстырмалылығы (олар болған кезде);

      7) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың нарықтық бағалармен салыстырмалылық;

      8) әкімшінің ақпараттандыру объектілерінің техникалық жай-күйі, кәдеге жаратылуы және баланстық құны;

      9) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорында қамтылған бағаларға тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың салыстырмалылығы;

      10) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің басымдығы.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 108/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      19. Уәкілетті органның қарауына "электрондық үкіметтің" архитектурасында көрсетілген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстардың есебі жатады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 118/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      20. "Электрондық үкіметтің" архитектурасында мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 12-тармағындағы құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 108/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      21. Уәкілетті орган шығыстар есеп-қисаптарын сервистік интегратордың сараптамалық қорытындысы негізінде мыналарға қатысты қарайды:

      1) негізсіз және артық шығыстарды жою;

      2) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, сипаттамаларын және құнын әкімшінің орын алатын қажеттілігіне және (немесе) әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығындарының нақты көлемдеріне, сапаттамалары мен құнына сәйкестендіру;

      3) балама шығыстардың болуын бағалау.

      Уәкілетті орган шығыстар есеп-қисаптарын қарау қорытындылары бойынша осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға шығыстар есеп-қисабына уәкілетті органның қорытындысын дайындайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ақпараттандыру объектісін ағымдағы қаржылық жылда пайдалануды тоқтату немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасына көшіру қажеттілігі жағдайында жоспарлы кезеңде аталған ақпараттандыру объектісіне бюджет қаражатын бөлу қолданбайды.

      23. Архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезеңі үшін көзделген іс-шараларды өткізуге жоспарланған кезеңге арналған шығыстар қолдау таппайды.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Әкімші уәкілетті органнан қорытынды алған күннен бастап сегіз күнтізбелік күн ішінде МЖ АЖ шығыстар есеп-қисабын пысықтайды және электрондық құжат түрінде қайта қарау үшін уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.07.2024 № 448/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      25. Уәкілетті орган шығыстар есебін қайтадан қараған кезде әкімшінің шығыстар есебін анықталған ескертулердің жойылуына және ұсыныстардың іске асырылуына қатысты тексереді.

      26. Шығыстардың есеп-қисабын қайта қарауды уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган күнтізбелік екі күн ішінде әкімшілер ұсынған шығыстардың есептерін сараптама жүргізу үшін сервистік интеграторға жібереді не осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес шығыстардың есеп-қисабын әкімшіге қайтарады.

      Сервистік интегратор осы Нұсқаулықтың 18-тармағына сәйкес шығыстар есеп-қисаптарын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларға сараптама жүргізеді.

      Уәкілетті орган сервистік интегратордың сараптамалық қорытындысы негізінде әкімшіге қорытынды жібереді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      28. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      30. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      31. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. МЖ АЖ шығыстар есебі бойынша деректерді әкімші республикалық бюджет туралы заң немесе жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдері бекітілгеннен кейін, соның ішінде бюджетті түзету немесе нақтылау жүргізілгеннен соң жоспарлы кезеңге жаңартады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.07.2024 № 448/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығындардың жалпы атаулары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 118/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған жалпы шығындардың атаулары

Ағымдағы шығындар, қорларды сатып алу

1.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттеріне арналған қосалқы бөлшектер

2.

перифериялық жабдыққа арналған картридж

3.

перифериялық жабдыққа арналған тонер

Ағымдағы шығындар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу

4.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу

5.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау

6.

"электрондық үкімет" ақпараттандыру объектісіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету

7.

лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау

8.

бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау

9.

жабдықты техникалық қолдау

10.

серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру

11.

ақпараттық жүйенің аудиті

12.

пайдаланушыларды оқыту

13.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін жөндеу

14.

жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету

15.

серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету

16.

ақпараттық жүйенің және электрондық ақпараттық ресурстың хостингі

17.

Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері

18.

телекоммуникация қызметі

19.

картридждерді толтыру

20.

ақпараттандыру саласындағы консалтингтік қызметтер

Күрделі шығындар. Негізгі құралдарды сатып алу

21.

компьютерлік жабдық

22.

серверлік жабдық

23.

деректерді сақтау жүйесі

24.

сақтық көшірме жүйесі

25.

перифериялық жабдық

26.

телекоммуникациялық жабдық

27.

серверлік үй-жайларға арналған электр жабдықтары мен жабдықтар

28.

коммутатор

29.

желіаралық экран

30.

аппараттық қауіпсіздік модулі

Күрделі шығындар.
Материалдық емес активтерді сатып алу

31.

аппараттық-бағдарламалық кешен

32.

бағдарламалық қамтамасыз ету

33.

лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету

Дамытуға бағытталған күрделі шығындар

34.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру

35.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін енгізу

36.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту

37.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару

38.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау

39.

инвестициялық жобада көзделген серверлік жабдық

40.

инвестициялық жобада көзделген деректерді сақтау жүйесі

41.

инвестициялық жобада көзделген резервтік көшіру жүйесі

42.

инвестициялық жобада көзделген бағдарламалық қамтамасыз ету

43.

инвестициялық жобада көзделген лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету

  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізімі

      Ескерту. Нұсқаулық 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.05.2022 № 160/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 108/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізімі

Ерекшелік

Ағымдағы шығындар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу

1.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу

158

2.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау

158

3.

лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау

158

4.

бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау

158

5.

серверлік жабдықты және мәліметтерді сақтау жүйесін техникалық қолдау

158

6.

серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру

158

7.

ақпараттық жүйенің аудиті

158

8.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау

158

9.

серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету

158

10.

ақпараттық жүйенің және электрондық ақпараттық ресурстың хостингі

158

Негізгі құралдарды сатып алу

11.

серверлік жабдық

414

12.

деректерді сақтау жүйесі

414

13.

резервтік көшіру жүйесі

414

14.

аппараттық-бағдарламалық кешен

414

Материалдық емес активтерді сатып алу

15.

бағдарламалық қамтамасыз ету

416

16.

лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету

416

Дамытуға бағытталған күрделі шығындар

17.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру

434

18.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін енгізу

434

19.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту

434

20.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару

434

21.

инвестициялық жобада көзделген серверлік жабдық

434

22.

инвестициялық жобада көзделген деректерді сақтау және резервтік көшіру жүйелері

434

23.

инвестициялық жобада көзделген бағдарламалық қамтамасыз ету

434

24.

инвестициялық жобада көзделген лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету

434


  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебіне уәкілетті органның қорытындысы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшілік

Атауы

Жоспардағы 1-інші жылға бюджеттік өтінім
мың
теңге

Жоспардағы 1-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге

Жоспардағы 2-інші жылға бюджеттік өтінім мың теңге

Жоспардағы 2-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге

Жоспардағы 3-інші жылға бюджеттік өтінім мың теңге

Жоспардағы 3-інші жылға қолдау көрсетілген сома Мың теңге

Дәлелді қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13