Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 сәуірде № 13631 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (Т.Б.Қазанғап):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2016 жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін  
атқарушысының      
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 274 бұйрығымен    
бекітілген       

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және
қарастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ақпараттандыру саласындағы тауарларды жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) ақпараттандыру саласындағы тауарларды жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру (бұдан әрі – шығыстар есебі) процесін нақтылау мақсатында әзірленді.
      2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін (бұдан әрі - әкімші) шығыстардың есебін беру мерзімінің басталуы және аяқталуы туралы алдын ала ескертуді, құжаттарды қабылдау туралы уақытылы хабарлауды, шығындардың есебін пысықтау бойынша ескертулер мен ұсыныстарды, қорытындыларды, шығындардың есебін жасау, ұсыну және қарастыру кезінде ақпараттандыру саласындағы сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) отырыстарының хаттамаларын жіберуді қамтамасыз етеді.

2. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау

      3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарын жасау кезінде әкімші:
      1) Заңның 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық технология саласында бірыңғай талаптарды сақтауды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      2) ақпараттандырудың сервистік моделіне өту басымдығын және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді алуды қамтамасыз етеді;
      3) шығыстардың есебін мемлекеттік орган архитектурасында – әкімшіде бекітілген есепке сәйкестігін қамтамасыз етеді;
      4) активтерді пайдаланудың кезеңіне, сондай-ақ енгізілетін және таралатын ақпараттық жүйелердің талаптарына және мерзімдеріне сәйкес оларды қайта жабдықтауды және ауыстыруды жүзеге асрады;
      5) шығыстардың қосарлануын болдырмайды;
      6) шығыстардың негізделген есебін жасау үшін тиісті тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің нарықтағы ұсыныстарын зерттейді;
      7) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану кезінде «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;
      8) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар компоненттерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      4. Бюджеттік инвестицияны жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың мөлшері бекітілген техника-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалар компоненттерінің құнынан аспайды.
      5. Шығыстарының есебін жасау кезінде әкімші ақпараттандыру бойынша шығыстар басымдықтарына сай осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстар есебінің басымдылыға сәйкес (бұдан әрі – Шығыстар есебінің басымдылығы) басым іс-шараларды қаржыландыруды қарастырады.
      6. Әкімші шығыстарды Заңның 7-бабына 29) қосымшаға сәйкес бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық қызмет Каталогіндегі (бұдан әрі – Каталог) мәліметтер бойынша ақпараттық-коммуникациялық шығыстардың сәйкестігін тексереді.

3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін ұсыну

      7. Әкімші жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 наурызына дейін архитектуралық портал арқылы уәкілетті органның қарауына электрондық құжат нысанында кезекті жоспарлы кезеңге шығыстардың есебін енгізеді.
      8. Құпия сипаттағы мәліметті құрайтын шығыстардың есебі уәкілетті органға қағаз тасығышта ұсынылады және «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіпте және режимді сақтай отырып қаралады.
      9. Шығыстардың есебін қарастырудан бас тарту:
      1) Шығыстар есебінің нысаны мен мазмұны Қазақстан Республкасының Заңы мен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес келмесе;
      2) Осы Нұсқаулықтың 11 және 12 тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      10. Ағымдағы қаржылық жылдың бюджетіне түзетуді немесе нақтылауды жүргізген кезде әкімші шығыстардың есебін бюджеттің түзетілуін немесе нақтылауын жүргізу туралы бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган хабарлаған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде электрондық құжат түрінде архитектуралық порталды пайдалана отырып, немесе осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген қағаз тасығышта құпия сипаттағы мәліметті құрайтын уәкілетті органға енгізеді.
      11. Каталогте ақпараттық-коммуникациялық қызметтер бар болған жағдайда әкімші келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 тіркелген) (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары) бекітілген түсіндірмелік жазба;
      2) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақрылым опереторының коммерциялық ұсынысының көшірмесі.
      12. Каталогке енгізілмеген, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі шығыстар есебіне келесі құжаттар жатады:
      1) Бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну қағидаларының талаптарына сәйкес түсіндірмелік жазба;
      2) нақтылай отырып, кем дегенде екі әлеуетті жеткізушіден коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері;
      тауарлар (тауарлар бірлігінің саны, тауардың сипаттамасы, тауарлың құны);
      жұмыстар мен қызметтер (жұмыстағы және (немесе) қызметтегі операциялардың сипаттамасы), жұмыстағы және (немесе) қызметтегі оперцияларың саны, жұмыстағы және (немесе) қызметтегі бір операцияны өткізуге тартылған адамдарың саны мен уақыты), жұмыстағы және (немесе қызметтегі оперцияларың құны мен қызмет көрсеткен адамдардың саны).
      3) әкімшінің байланыс тұлғасы туралы мәліметтері, (бар болған жағдайда тегі, аты, әкесінің аты) лауазымы, телефоны, электрондық поштасы;
      4) бекітілген инвестициялық ұсыныстардың, техникалық-экономикалық негіздемелердің, қаржы-экономикалық негіздемелердің, мемлекеттік инвестициялық жобаларды әзірлеген және архитектуралық порталда жоқ болған жағдайда мемлекеттік-жеке серіктестік тұжырымдамасының көшірмелері;
      5) әкімшінің бекітілген штат санының көшірмелері.
      13. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін архитектуралық порталда болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:
      1) активтер және олардың ағымдағы баланстық құны бойынша көшірмесі, оның ішінде мемлекеттік орган активтерінің тозу тізілімі;
      2) теңгерімге алынбаған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың объектілерін (тауардың құны, тауардың атауы, техникалық ерекшеліктерінің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар бар болған жағдайда);
      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің техникалық жағдайы, пайдаланудан алынуы және іске жарату туралы мәліметтер беріледі.
      14. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін архитектуралық порталда болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:
      1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстарды және қызметтерді (жұмыстар мен қызметтердің көлемі, жұмыстар мен қызметтердің құны, жұмыстар мен қызметтердің атаулары, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар бар болған жағдайда);
      2) кезекті қаржы жылына ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жоспарланған техникалық ерекшеліктердің көшірмелері;
      3) орындалған жұмыстардың нақты көлемін көрсете отырып, үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстар мен қызметтердің орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) актілеріндегі мәліметтер (олар бар болған жағдайда) беріледі.
      15. Шығыстардың есебі архитектуралық порталда мәліметтер жарияланған күннен бастап, осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген құпия сипаттағы мәліметті құрайтын шығыстардың есебі қағаз тасығышта ұсынылған күннен бастап деп есептеледі.

4. Ақпараттандыру саласында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін қарау

      16. Уәкілетті органның шығыстар есебін қарауы құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      Шығыстар есебін осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес қараудан бас тартылған жағдайда, мәліметтер архитектуралық порталға орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде уәкілетті орган шығыстар есебін дәлелді себептермен бас тартып, әкімшіге қайтарады.
      Шығыстар есебін қарау нәтижесінде ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган шығыстар есебін пысықтау үшін әкімшіге жібереді.
      Ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда уәкілетті орган ұсынылған шығыстар есебіне, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебіне қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) дайындап, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде шығыстар есебімен Сараптау кеңесінің қарауына жолдайды.
      17. Бюджетке түзету немесе нақтылау жүргізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар есебін уәкілетті орган күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      18. Уәкілетті орган шығыстар есебін қараған кезде мыналар ескеріледі:
      1) әкімші мемлекеттік органның – әкімшіның бекітілген архитектураны іске асыру барысы туралы ақпараты;
      2) ақпараттандыру саласында орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің мерзімдері, көлемдері мен құны туралы мәліметтерді қоса алғанда, есепті қаржы жылындағы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы;
      3) ағымдағы қаржы жылының бюджеттік инвестицияларын жүзеге асыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру барысы туралы ақпарат;
      4) кезекті қаржы жылы мен жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша күтілетін тиімділік пен нәтижелер туралы мәліметтер;
      5) мемлекеттік органның архитектуралық порталдағы ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтері;
      6) әкімшінің немесе басқа әкімшілер шығыстарының негізділігі және есептік қаржы жылындағы ұқсас шығыстарымен немесе іс-шаралармын салыстырмалылығы (болған кезде);
      7) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы бағаларының нарық бағаларымен салыстырымдығы;
      8) әкімші ақпараттандыру объектілерінің техникалық жай-күйі, іске жаратылуы және баланстық құны;
      9) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарлы бағаларының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңында көзделген тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің бағалары дерекқорында қамтылғандарға салыстырмалылығы;
      10) ақпараттандыру саласындағы шығыстар есебінің басымдылығы.
      19. Мемлекеттік органның – әкімшісінің бекітілген архитектурасында көрсетілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шығыстар есебі уәкілетті органның қарауына жатады.
      20. Мемлекеттік органның – әкімшінің бекітілген архитектурасы болмаған жағдайда уәкілетті орган шығыстар есебін қарауды осы Нұсқаулықтың 11 және 12 тармақтарында тізімделген мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.
      21. Уәкілетті орган шығыстар есебін мыналарға қатысты қарайды:
      1) негізсіз және артық шығыстарды жою;
      2) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, сипаттамаларын және құнын әкімшінің орын алатын қажеттілігіне және(немесе) әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығындарының нақты көлемдеріне, сапаттамалары мен құнына сәйкестендіру;
      3) балама шығыстардың болуын бағалау.
      22. Ақпараттандыру объектісін ағымдағы қаржылық жылда пайдалануды тоқтату немесе «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасына көшіру қажеттілігі жағдайында жоспарлы кезеңде аталған ақпараттандыру объектісіне бюджет қаражатын бөлу қолданбайды.
      23. Архитектуралық порталда ақпараттық жүйе тіркелмеген жағдайда ақпараттық жүйе мен ілеспе жүйесінің есептеу техникалары мен негізгі құралдарын ұстау, техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы кезеңге шығыстары қолданбайды.
      24. Уәкілетті органнан шығыстар есебі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды алған күнінен бастап әкімші күнтізбелік сегіз күннің ішінде архитектуралық порталдағы шығыстар есебін пысықтайды және электрондық құжат түрінде уәкілетті органға қайтадан қарау үшін ұсынады.
      Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетті түзетуді немесе нақтылауды жүргізген жағдайларда әкімші шығыстар есебін күнтізбелік сегіз күн ішінде пысықтайды.
      Бұл ретте әкімші шығыстар есебін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бастапқы ұсынылған тізбесіне және шығыстар сомасына түзетулер мен толықтырулар енгізбей, уәкілетті органның ескертулерін және ұсыныстарын ескере отырып, пысықтайды.
      25. Уәкілетті орган шығыстар есебін қайтадан қараған кезде әкімшінің шығыстар есебін анықталған ескертулердің жойылуына және ұсыныстардың іске асырылуына қатысты тексереді.
      26. Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетті түзетуді немесе нақтылауды жүргізуді қоса алғанда, шығыстар есебін қайта қарауды уәкілетті орган күнтізбелік сегіз күн ішінде жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган Қорытынды дайындайды және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде әкімшінің шығыстар есебімен қоса Сараптау кеңесінің қарауына жолдайды.
      27. Шығыстар есебі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда әкімшінің шығыстар есебі Сараптау кеңесінің қарауына шығарылмайды.
      28. Уәкілетті органның ескертулері жойылмаған шығыстар есебі Сараптау кеңесінің қарауына шығарылмайды, кейін осы Нұсқаулықтың 26-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде әкімшіге хабарланады.
      29. Сараптау кеңесі уәкілетті органның қорытындысы берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде әкімшінің шығыстар есебін қарайды және Шығыстар есебінің басымдылығы сәйкес шығыстар есебінің қорытындысын ескере отырып, ұсыныстар әзірлейді.
      Сараптау кеңесінің ұсыныстары әкімшілер бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің шығыстар сомасы және Шығыстар есебінің басымдылығы, мәлімделген және қолдау көрсетілген тізбесі туралы ақпарат көрсетіле отырып, Сараптау кеңесі отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді.
      30. Сараптау кеңесі отырысының хаттамасы қол қойылған соң күнтізбелік бес күн ішінде әкімшіге және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.
      31. Сараптау кеңесі отырысының хаттамасы қол қойылған соң Әкімшілердің шығыстар есебін қарау нәтижелері бойынша Сараптау кеңесі отырысының хаттамасын уәкілетті орган күнтізбелік бес күннің ішінде архитектуралық порталға орналастырады.
      32. Архитектуралық порталдағы шығыстар есебі бойынша деректерді әкімші республикалық бюджет туралы заң немесе жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдері бекітілгеннен кейін, соның ішінде бюджетті түзету немесе нақтылау жүргізілгеннен соң жаңартады.

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды,
жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік 
сатып алудың шығыстарын есептеу, ұсыну
және қарау жөніндегі нұсқаулыққа  
1-қосымша              

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстар есебінің басымдылығы

р/с

Шығыс атаулары

Басымдылығы
(1-жоғары,
2-орташа,
3-қалыпты,
4-төмен)

1.

ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау

қалыпты

2.

ақпараттық жүйе аудиті

орташа

3.

ақпараттық жүйені енгізу

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – орташа
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін - қалыпты

4.

ақпараттық жүйелерді интеграциялау

жоғары

5.

бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық кодтарды сынақтан өткізу және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау

орташа

6.

пайдаланушыларды оқыту

қалыпты

7

деректерді жүктеуге дайындау мен деректерді жүйеге енгізу (бастапқы, мұрағаттық деректерді)

жоғары

8

ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету

жоғары

9

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттеріне арналған қосалқы бөлшектер сатып алу

қалыпты

10

шеткерідегі жабдықтар үшін картридждер сатып алу

қалыпты

11

клиенттік бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу

қалыпты

12

компьютерлік жабдық сатып алу

төмен

13

шеткерідегі жабдықты сатып алу

төмен

14

серверлік жабдық сатып алу

қалыпты

15

серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – жоғары
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – орташа

16

телекоммуникациялық жабдықтарды сатып алу

қалыпты

17

көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу

жоғары

18

шеткерідегі жабдыққа арналған тонер сатып алу

төмен

19

электр жабдығын және серверлік үй-жайларға арналған жабдықты сатып алу

төмен

20

өзге консалтинг қызметтері

төмен

21

ақпараттандыру объектісін пайдалануды тоқтатуды қамтамасыз ету

қалыпты

22

ақпараттық жүйені дамыту

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – орташа
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – қалыпты

23

серверлік жабдықты жалға алынатын серверлік үй-жайға орналастыру

орташа

24

мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу немесе дамыту

орташа

25

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін жөндеу

қалыпты

26

жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету

жоғары

27

серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – жоғары
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – орташа

28

ақпараттық жүйені құру

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – жоғары
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – орташа

29

ақпараттық жүйені және электрондық ақпараттық ресурсты сүйемелдеу

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – орташа
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – қалыпты

30

бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – жоғары
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – қалыпты

31

жабдықты техникалық қолдау

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – жоғары
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – қалыпты

32

жобаны басқару

1 және 2 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – жоғары
3 топтағы ақпараттық жүйелер үшін – орташа

33

ақпараттық жүйе мен электрондық ақпараттық ресурс хостингі

жоғары

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды,
жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік 
сатып алудың шығыстарын есептеу, ұсыну
және қарау жөніндегі нұсқаулыққа  
2-қосымша              

Нысан

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебіне уәкілетті органның
қорытындысы

Бюджеттік бағдарламалардың әкімші

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшілік

Атауы

1 жоспардағы жылға бюджеттік өтінім
мың теңге

1 жоспардағы жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге

2 жоспардағы жылға бюджеттік өтінім мың теңге

2 жоспардағы жылға қолдау көрсетілген сома Мың теңге

3 жоспардағы жылға бюджеттік өтінім Мың теңге

3 жоспардағы жылға қолдау көрсетілген сома Мың теңге

Негізделген қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13