"Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 369/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 қазанда № 21374 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН::

      1. "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін (бұдан әрі – Әкімші) шығыстар есебін ұсынудың басталу және аяқталу мерзімдері туралы алдын ала хабардар етуді, құжаттарды қабылдау, сараптама жүргізу туралы уақтылы хабардар етуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына қорытынды жіберуді қамтамасыз етеді.

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын жасау";

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технология саласында бірыңғай талаптарды сақтауды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) шығыстар есеп-қисабының Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) сәйкестігін қамтамасыз етеді;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бюджеттік инвестицияны жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың мөлшері бекітілген инвестициялық ұсыныс, қаржы-экономикалық негіздеме шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалар компоненттерінің құнынан аспайды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын ұсыну";

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бекітілген инвестициялық ұсыныстың, қаржы-экономикалық негіздемелердің, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырманың көшірмелері";";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын қарау";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның шығыстар есеп-қисабын қарауы құжаттар түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган күнтізбелік үш күн ішінде әкімшілер ұсынған шығыстар есеп-қисаптарын "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына (бұдан әрі – сервистік интегратор) сараптама жүргізу үшін жібереді не әкімшіге осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес дәлелді бас тартумен шығыстар есеп-қисабын қайтарады.

      Сервистік интегратор шығыстар есеп-қисаптарын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде оған сараптама жүргізеді.";

      18-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сервистік интегратор шығыстар есеп-қисабын қараған кезде мыналар ескеріледі";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) отандық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің басымдығы;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Уәкілетті орган шығыстар есеп-қисаптарын сервистік интегратордың сараптамалық қорытындысы негізінде мыналарға қатысты қарайды:

      1) негізсіз және артық шығыстарды жою;

      2) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, сипаттамаларын және құнын әкімшінің орын алатын қажеттілігіне және (немесе) әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығындарының нақты көлемдеріне, сапаттамалары мен құнына сәйкестендіру;

      3) балама шығыстардың болуын бағалау.

      Уәкілетті орган шығыстар есеп-қисаптарын қарау қорытындылары бойынша осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға шығыстар есеп-қисабына уәкілетті органның қорытындысын дайындайды.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезеңі үшін көзделген іс-шараларды өткізуге жоспарланған кезеңге арналған шығыстар қолдау таппайды.

      24. Әкімші уәкілетті органнан қорытынды алған күннен бастап, қажет болған жағдайда, сегіз күнтізбелік күн ішінде архитектуралық порталда шығыстар есеп-қисабын пысықтайды және электрондық құжат түрінде қайта қарау үшін уәкілетті органға ұсынады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Шығыстардың есеп-қисабын қайта қарауды уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган күнтізбелік екі күн ішінде әкімшілер ұсынған шығыстардың есептерін сараптама жүргізу үшін сервистік интеграторға жібереді не осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес шығыстардың есеп-қисабын әкімшіге қайтарады.

      Сервистік интегратор осы Нұсқаулықтың 18-тармағына сәйкес шығыстар есеп-қисаптарын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларға сараптама жүргізеді.

      Уәкілетті орган сервистік интегратордың сараптамалық қорытындысы негізінде әкімшіге қорытынды жібереді.";

      27, 28, 29, 30 және 31-тармақтар алып тасталсын;

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 2 қазаны
№ 369/НҚ бұйрығына
қосымша
  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуға
арналған шығыстардың есеп-
қисабын жасау, ұсыну және
қарау жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстарды есептеудің басымдығы

Шығындар атауы

Басымдық
(1 - жоғары,
2 - орташа,
3 - орташа,
4 - төмен)

1

2

3

1.

ақпараттық жүйе аудиті

орташа

2.

ақпараттық жүйені енгізу

1 және 2 сынып - орташа
3 сынып - орташа

3.

ақпараттық жүйелерді интеграциялау

жоғары

4.

ақпараттандыру объектілерін сынау

орташа

5.

пайдаланушыларды оқыту

қалыпты

6.

деректерді жүктеуге дайындау мен деректерді жүйеге енгізу (бастапқы, мұрағаттық деректерді)

жоғары

7.

ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді ұсыну

жоғары

8.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттеріне арналған қосалқы бөлшектер сатып алу

қалыпты

9.

шеткерідегі жабдықтар үшін картридждер сатып алу

қалыпты

10.

клиенттік бағдарламалық қамтылым сатып алу

қалыпты

11.

компьютерлік жабдық сатып алу

төмен

12.

шеткерідегі жабдықты сатып алу

төмен

13.

серверлік жабдық сатып алу

қалыпты

14.

серверлік бағдарламалық қамтылым сатып алу

1 және 2-сыныпты ақпараттық жүйелер үшін - жоғары
3-сыныпты ақпараттық жүйелер үшін - орташа

15.

телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу

қалыпты

16.

көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу

жоғары

17.

шеткерідегі жабдыққа арналған тонер сатып алу

төмен

18.

электр жабдығын және серверлік үй-жайларға арналған жабдық сатып алу

төмен

19.

өзге консалтингтік қызметтер

төмен

20.

ақпараттық жүйені дамыту

1 және 2 сынып - орташа
3 сынып - орташа

21.

серверлік жабдықты жалға алынатын серверлік үй-жайға орналастыру

орташа

22.

мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу немесе дамыту

орташа

23.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін жөндеу

қалыпты

24.

жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету

жоғары

25.

серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету

1 және 2 сынып - жоғары
3 сынып - орташа

26.

ақпараттық жүйені құру

1 және 2 сынып - жоғары
3 сынып - орташа

27.

ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу

1 және 2 сынып - жоғары
3 сынып - орташа

28.

бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау

1 және 2 сынып үшін - жоғары
3 сынып үшін - орташа

29.

жабдықты техникалық қолдау

1 және 2 сынып - жоғары
3 сынып - орташа

30.

ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару

1 және 2 сынып - жоғары
3 сынып - орташа

31.

ақпараттық жүйе мен электрондық ақпараттық ресурс хостингі

жоғары

32.

Ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырма әзірлеу бойынша қызметтерді сатып алу

жоғары