Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 сәуірде № 13631 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (Т.Б.Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2016 жылғы "___" _________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін
атқарушысының
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 274 бұйрығымен
бекітілген

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және
қарастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы ақпараттандыру саласындағы тауарларды жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) ақпараттандыру саласындағы тауарларды жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру (бұдан әрі – шығыстар есебі) процесін нақтылау мақсатында әзірленді.

      2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін (бұдан әрі – Әкімші) шығыстар есебін ұсынудың басталу және аяқталу мерзімдері туралы алдын ала хабардар етуді, құжаттарды қабылдау, сараптама жүргізу туралы уақтылы хабардар етуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына қорытынды жіберуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын жасау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарын жасау кезінде әкімші:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) шығыстар есебінің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен нормативтеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      3) ақпараттандырудың сервистік моделіне өту және ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді алу басымдығын қамтамасыз етеді;

      4) шығыстар есебінің "электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      5) активтерді пайдалану кезеңіне, сондай-ақ енгізілетін немесе көбейтілетін ақпараттық жүйелердің талаптарына және мерзімдеріне сәйкес оларды жарақтандыруды және ауыстыруды жүзеге асырады;

      6) шығыстардың қайталануын болдырмайды;

      7) шығыстардың негізделген есебін жасау үшін тиісті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығындағы ұсыныстарды зерттейді;

      8) лицензиялық бағдарламалық қамтылымды пайдалану кезінде "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бюджеттік инвестицияны жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың мөлшері бекітілген инвестициялық ұсыныс, қаржы-экономикалық негіздеме шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалар компоненттерінің құнынан аспайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Шығыстарының есебін жасау кезінде әкімші ақпараттандыру бойынша шығыстар басымдықтарына сай осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстар есебінің басымдылыға сәйкес (бұдан әрі – Шығыстар есебінің басымдылығы) басым іс-шараларды қаржыландыруды қарастырады.

      Шығыстар есебінің басымдылығы тиісті жылға арналған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құнынан аспауға тиіс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның міндеті келісуін көздемейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.05.2022 № 160/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын ұсыну

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әкімші жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 наурызына дейін архитектуралық портал арқылы уәкілетті органның қарауына электрондық құжат нысанында кезекті жоспарлы кезеңге шығыстардың есебін осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесіне сәйкес енгізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.05.2022 № 160/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Құпия сипаттағы мәліметті құрайтын шығыстардың есебі уәкілетті органға қағаз тасығышта ұсынылады және "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіпте және режимді сақтай отырып қаралады.

      9. Шығыстардың есебін қарастырудан бас тарту:

      1) Шығыстар есебінің нысаны мен мазмұны Қазақстан Республкасының Заңы мен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес келмесе;

      2) Осы Нұсқаулықтың 11 және 12 тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      10. Ағымдағы қаржылық жылдың бюджетіне түзетуді немесе нақтылауды жүргізген кезде әкімші шығыстардың есебін бюджеттің түзетілуін немесе нақтылауын жүргізу туралы бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган хабарлаған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде электрондық құжат түрінде архитектуралық порталды пайдалана отырып, немесе осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген қағаз тасығышта құпия сипаттағы мәліметті құрайтын уәкілетті органға енгізеді.

      11. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды есептеу мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының талаптарына сәйкес түсіндірме жазба;

      2) толық мәлімет көрсетілген екі әлеуетті өнім берушіден кем емес коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері:

      тауарлар (тауар бірлігінің саны, тауардың сипаттамасы, тауардың құны);

      жұмыстар және (немесе) қызметтер (жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялардың сипаттамасы), жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялардың саны, жұмыста және (немесе) көрсетілетін қызметте бір операцияны жүргізуге тартылған уақыт пен адамдардың саны, жұмыстағы және (немесе) қызмет көрсетілетін көрсетілетін қызметтегі адамдардың саны және операциялардың құны;

      3) әкімшінің байланыс тұлғасы туралы мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны, электрондық поштасы;

      4) бекітілген инвестициялық ұсыныстың, қаржы-экономикалық негіздемелердің, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырманың көшірмелері;

      5) әкімшінің бекітілген штат санының көшірмелері.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін архитектуралық порталда болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) активтер және олардың ағымдағы баланстық құны бойынша көшірмесі, оның ішінде мемлекеттік орган активтерінің тозу тізілімі;

      2) теңгерімге алынбаған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың объектілерін (тауардың құны, тауардың атауы, техникалық ерекшеліктерінің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар бар болған жағдайда);

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің техникалық жағдайы, пайдаланудан алынуы және іске жарату туралы мәліметтер беріледі.

      14. Архитектуралық порталда болмаған жағдайда жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар болған кезде);

      2) кезекті қаржы жылына ақпараттандыру саласында сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктердің көшірмелері;

      3) орындалған жұмыстардың нақты көлемін (олар болған кезде) көрсете отырып, ұқсас жұмыстар мен қызметтердің үш жылдық кезеңдегі орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілерінен мәліметтер ұсынылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Шығыстардың есебі архитектуралық порталда мәліметтер жарияланған күннен бастап, осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген құпия сипаттағы мәліметті құрайтын шығыстардың есебі қағаз тасығышта ұсынылған күннен бастап деп есептеледі.

4-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабын қарау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті органның шығыстар есеп-қисабын қарауы құжаттар түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган күнтізбелік үш күн ішінде әкімшілер ұсынған шығыстар есеп-қисаптарын "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына (бұдан әрі – сервистік интегратор) сараптама жүргізу үшін жібереді не әкімшіге осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес дәлелді бас тартумен шығыстар есеп-қисабын қайтарады.

      Сервистік интегратор шығыстар есеп-қисаптарын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде оған сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бюджетке түзету немесе нақтылау жүргізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар есебін уәкілетті орган күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      18. Сервистік интегратор шығыстар есебін қараған кезде мыналар ескеріледі:

      1) "электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасының іске асырылу барысы туралы ақпарат;

      2) есепті қаржы жылы үшін бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуын, оның ішінде ақпараттандыру саласында тауарлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің мерзімдері, көлемі мен құны туралы мәліметтерді қамтиды;

      3) ағымдағы қаржы жылының бюджеттік инвестицияларын жүзеге асыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру барысы туралы ақпарат;

      4) кезекті қаржы жылы мен жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша күтілетін тиімділік пен нәтижелер туралы мәліметтер;

      5) мемлекеттік органның архитектуралық порталындағы ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтері;

      6) әкімшінің немесе басқа әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығыстарымен немесе іс-шараларымен салыстырғанда шығыстардың негізділігі және салыстырмалылығы (олар болған кезде);

      7) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың нарықтық бағалармен салыстырмалылық;

      8) әкімшінің ақпараттандыру объектілерінің техникалық жай-күйі, кәдеге жаратылуы және баланстық құны;

      9) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорында қамтылған бағаларға тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың салыстырмалылығы;

      10) ақпараттандыру саласындағы шығыстарды есептеу басымдығы;

      11) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің басымдығы.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Уәкілетті органның қарауына "электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасында көрсетілген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстардың есебі жатады;

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. "Электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасы болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Уәкілетті орган шығыстар есеп-қисаптарын сервистік интегратордың сараптамалық қорытындысы негізінде мыналарға қатысты қарайды:

      1) негізсіз және артық шығыстарды жою;

      2) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, сипаттамаларын және құнын әкімшінің орын алатын қажеттілігіне және (немесе) әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығындарының нақты көлемдеріне, сапаттамалары мен құнына сәйкестендіру;

      3) балама шығыстардың болуын бағалау.

      Уәкілетті орган шығыстар есеп-қисаптарын қарау қорытындылары бойынша осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға шығыстар есеп-қисабына уәкілетті органның қорытындысын дайындайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ақпараттандыру объектісін ағымдағы қаржылық жылда пайдалануды тоқтату немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасына көшіру қажеттілігі жағдайында жоспарлы кезеңде аталған ақпараттандыру объектісіне бюджет қаражатын бөлу қолданбайды.

      23. Архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезеңі үшін көзделген іс-шараларды өткізуге жоспарланған кезеңге арналған шығыстар қолдау таппайды.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Әкімші уәкілетті органнан қорытынды алған күннен бастап, қажет болған жағдайда, сегіз күнтізбелік күн ішінде архитектуралық порталда шығыстар есеп-қисабын пысықтайды және электрондық құжат түрінде қайта қарау үшін уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Уәкілетті орган шығыстар есебін қайтадан қараған кезде әкімшінің шығыстар есебін анықталған ескертулердің жойылуына және ұсыныстардың іске асырылуына қатысты тексереді.

      26. Шығыстардың есеп-қисабын қайта қарауды уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган күнтізбелік екі күн ішінде әкімшілер ұсынған шығыстардың есептерін сараптама жүргізу үшін сервистік интеграторға жібереді не осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес шығыстардың есеп-қисабын әкімшіге қайтарады.

      Сервистік интегратор осы Нұсқаулықтың 18-тармағына сәйкес шығыстар есеп-қисаптарын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларға сараптама жүргізеді.

      Уәкілетті орган сервистік интегратордың сараптамалық қорытындысы негізінде әкімшіге қорытынды жібереді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      28. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      30. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      31. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.10.2020 № 369/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Архитектуралық порталдағы шығыстар есебі бойынша деректерді әкімші республикалық бюджет туралы заң немесе жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдері бекітілгеннен кейін, соның ішінде бюджетті түзету немесе нақтылау жүргізілгеннен соң жаңартады.

  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
  алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарын есептеу басымдығы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шығындардың атауы

Басымдық (1 – жоғары , 2 – орташа, 3 – біркелкі , 4 – төмен)

1

2

3

1.

Ақпараттық жүйе аудиті

орташа

2.

пайдаланушыларды оқыту

біркелкі

3.

деректерді жүктеуге дайындау және жүйеге деректерді енгізу (бастапқы, архивті деректер)

жоғары

4.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның құрауыштары үшін қосалқы бөлшектер сатып алу

біркелкі

5.

клиенттік бағдарламалық қамтылымды сатып алу

біркелкі

6.

телекоммуникациялық жабдықтарды сатып алу

біркелкі

7.

серверлік үй-жайлар үшін электр жабдығын және жабдықты сатып алу

төмен

8.

басқа да консалтингтік қызметтер

төмен

9.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін жөндеу

біркелкі

10.

көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу

жоғары

11.

ақпараттық жүйе мен электрондық ақпараттық ресурс хостингі

жоғары

12.

Ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырма әзірлеу бойынша қызметтерді сатып алу

жоғары

  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Нұсқаулық 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.05.2022 № 160/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы

Мысалдар

1

Ақпараттық жүйені әзірлеу

ақпараттық жүйені енгізу;
ақпараттық жүйелерді интеграциялау;
ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді ұсыну;
ақпараттық жүйені дамыту;
ақпараттық жүйені құру;
ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару

2

Ақпараттық жүйені сүйемелдеу

ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу

3

Лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау

жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау;
жабдықты техникалық қолдау

4

Серверлік жабдық

серверлік жабдық сатып алу; серверлік бағдарламалық қамтылым сатып алу; серверлік жабдықты жалға алынатын серверлік үй-жайға орналастыру

5

"Электрондық үкімет" архитектурасын әзірлеу немесе дамыту

"Электрондық үкімет" архитектурасын әзірлеу немесе дамыту

  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебіне уәкілетті органның қорытындысы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 369/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшілік

Атауы

Жоспардағы 1-інші жылға бюджеттік өтінім
мың
теңге

Жоспардағы 1-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге

Жоспардағы 2-інші жылға бюджеттік өтінім мың теңге

Жоспардағы 2-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге

Жоспардағы 3-інші жылға бюджеттік өтінім мың теңге

Жоспардағы 3-інші жылға қолдау көрсетілген сома Мың теңге

Дәлелді қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13