2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тексеру парағы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 471 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11807 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________________ С. Айтпаева
2016 жылғы 9 наурыз
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын
сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарына сәйкес «тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауда тәуекелдер деңгейлеріне тексерілетін субъектілерін енгізу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) болмашы бұзушылықтар – тауар биржасында құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімшелердің болмауы; басшылық лауазымын атқаратын және басшылық лауазымын атқармайтын тауар биржасы қызметкерлерінде қажетті біліктіліктің болмауы; сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің болмауы; мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болмауы; ішкі бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламасының болмауы; құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан екіге дейін расталған шағымдар мен өтініштердің болмауымен байланыстырылған бұзушылықтар;
2) елеулі бұзушылықтар – жүргізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсандық есептіліктің толық нысанын ұсынбау; тауар биржаларының күнделікті электрондық нысандағы есептілігін ұсынбауы (тоқсанның 50% күнінен артық есептілікті ұсынбауы); биржа саудасы Қағидаларының болмауы; клирингтік орталығының не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шартының болмауы; кемінде жеті биржалық брокермен және (немесе) биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының болмауы; тауар биржасында биржалық төреліктің болмауы; тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтамауы; биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және оның есебінен жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтамауы; биржалық тауарларға күн сайынғы түзетулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша міндетті тауар биржасының орындамауы; құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан үш және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болмауы; тауар биржасы туралы және онымен сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсының болмауы; әр сауда күнінің қорытындылары бойынша биржалық сауда-саттық нәтижелері туралы ақпараттың тауар биржасының интернет-ресурсында жарияланбауы (тоқсанның 50% астам күнінде биржалық сауда нәтижелерінің жарияланбауы);
3) өрескел бұзушылықтар – жүргізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсандық есептілікті ұсынбауы; eсептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілді және сақтандыру қорларының мөлшері туралы есепті оған тауар биржасының банк шотындағы қаражат қалдықтарын растайтын банктік көшірмені қоса отырып ай сайынғы есепті ұсынбау; кепілді және сақтандыру қорларының болмауы; тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талаптарды орындамауы; тауар биржаларының электрондық сауда жүйелерiнің жалпы талаптарына жауап беретін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болмауы;
4) тәуекел – тауар биржалары саласындағы қызмет нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
5) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу және өткізу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені; 1) тексерілетін субъектілері – тауар биржасы саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
7) тексерілетін субъектілері – тауар биржасы саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
3. Объективті критерийлер бойынша барлық бақылау субъектілері (объектілері) жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.
4. Субъективті критерийлер мынадай ақпараттық көздер негізінде айқындалады:
1) мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін, тексерілетін субъект ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
2) алдыңғы тексеру нәтижелері (бұзушылықтар ауырлығының дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны;
4) тауар биржаларының электрондық сауда жүйелерін талдау;
5. Осы Критерийлердің 4-тармағында айқындалған ақпараттық көздер негізінде осы Критерийлерге қосымшада жазылған субъективті критерийлер айқындалады.
Субъективті критерийлер бұзушылықтардың салмағынан үш деңгейіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
6. Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы айқындалады.
Бір өрескел дәреженің орындалмаған бір талабы 100 көрсеткішке теңестіріледі.
Егер өрескел дәреже талаптары (индикаторлары) анықталмаған жағдайда онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәреже талаптарының (индикаторларының) жиынтық көрсеткіші есептеледі.
Елеулі дәреже бұзушылықтарының көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
Ре = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
мұнда:
Ре – елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеруге (талдауға) ұсынған елеулі дәреже индикаторларының жалпы саны;
Р2 – елеулі дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.
Болмашы дәреже бұзушылықтарының көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
Рб = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
мұнда:
Рб – болмашы дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеруге (талдауға) ұсынған болмашы дәреже индикаторларының жалпы саны;
Р2 – болмашы дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша көрсеткіштерді қосу арқылы айқындалады:
Р = Ре + Рб
мұнда:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Ре – елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
Рб – болмашы дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға:
1) тәуекел дережесі 60-тан 100-ге дейін көрсеткіш кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілетін жоғары тәуекел дәрежесіне;
2) тәуекел дережесі 0-ден 60-қа дейін көрсеткіш кезінде және оған қатысты жоспардан тыс тексерулер мен өзге бақылау нысандары жүргізілетін тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған субъектілерге (объектілерге) жатады.
7. Талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
8. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және өзге бақылау нысандары қолданылады.
9. Болмашы тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер және өзге бақылау нысандары қолданылады.
10. Жоғары тәуекел дәрежесінің тексерілетін субъектілеріне (объектілеріне) қатысты іріктеп тексерулер жылына бір реттен көп емес өткізіледі
11. Іріктеп тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға қалыптастырылатын іріктеп тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі және бақылаушы органның интернет-ресурсында жарияланады.
12. Іріктеп тексерулердің тізімдері:
1) субъективті критерийлері бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.
Қазақстан Республикасының
тауар биржалары туралы заңнамасын
сақтауда тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлерге
қосымша
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын
сақтауда тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері
Субъективті критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
|
1. Мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін, тексерілетін субъект ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері |
||
1. |
Жүргізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсандық есептілікті ұсынбау |
Өрескел |
2. |
Жүргізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсандық есептіліктің толық нысанын ұсынбау |
Елеулі |
3. |
Есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілді және сақтандыру қорының мөлшері туралы есепті оған тауар биржасының банк шотындағы қаражат қалдықтарын растайтын банктік көшірмені қоса отырып ай сайынғы есепті ұсынбау |
Өрескел |
4. |
Тауар биржаларының күнделікті электрондық нысандағы есептілігін ұсынбау (тоқсанның 50% күнінен артық есептілікті ұсынбау) |
Елеулі |
2. Алдыңғы тексеру нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) |
||
1. |
Тауар биржасында құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімшелердің болуы |
Болмашы |
2. |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10993 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының «Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген биржа саудасының үлгі қағидалары негізінде әзірленген биржа саудасы Қағидаларының болуы |
Елеулі |
3. |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10259 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес басшылық лауазымын атқаратын тауар биржасы қызметкерлерінде: |
Болмашы |
4. |
Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің болуы |
Болмашы |
5. |
Клирингтік орталығының не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шартының болуы |
Елеулі |
6. |
Кемінде жеті биржалық брокермен және (немесе) биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының болуы |
Елеулі |
7. |
Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы |
Болмашы |
8. |
Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы |
Елеулі |
9. |
Кепілді және сақтандыру қорының болуы |
Өрескел |
10. |
Тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талаптарды сақтау |
Өрескел |
11. |
Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтау |
Елеулі |
12. |
Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және оның есебінен жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтау |
Елеулі |
13. |
Биржалық тауарларға күн сайынғы түзетулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша міндетті тауар биржасының орындауы |
Елеулі |
14. |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9964 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 532 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қарашадағы № 119 бірлескен бұйрығымен бекітілген Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар негізінде әзірленген ішкі бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы |
Болмашы |
3. Шағымдар мен өтініштердің болуы және саны |
||
1. |
Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан үш және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы |
Елеулі |
2. |
Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан екіге дейін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы |
Болмашы |
4. Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесін талдау |
||
1. |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10695 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен белгіленген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiнің жалпы талаптарына жауап беретін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болмауы |
Өрескел |
2. |
Тауар биржасы туралы және онымен сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсының болмауы |
Елеулі |
3. |
Әр сауда күнінің қорытындылары бойынша биржалық сауда-саттық нәтижелері туралы ақпараттың тауар биржасының интернет-ресурсында жарияланбауы (тоқсанның 50% астам күнінде биржалық сауда нәтижелерінің жарияланбауы) |
Елеулі |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы
заңнамасын сақтауды тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
«Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiнің жалпы талаптарына жауап беретін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10259 болып тіркелген «Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығын (бұдан әрі – Бұйрық) 1-тармағына сәйкес) |
||||
2. |
Тауар биржасында құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімшелердің болуы (Бұйрығының 2-тармағына сәйкес) |
||||
3. |
«Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген биржа саудасының үлгі ережесі негізінде әзірленген биржа саудасы Қағидаларының болуы (Бұйрығының 3-тармағына сәйкес) |
||||
4. |
Басшылық лауазымын атқаратын тауар биржасы қызметкерлерінде: |
||||
5. |
Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің болуы (Бұйрығының 5-тармағына сәйкес) |
||||
6. |
Клирингтік орталығының не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шартының болуы (Бұйрығының 6-тармағына сәйкес) |
||||
7. |
Кемінде жеті биржалық брокермен және (немесе) биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының болуы (Бұйрығының 7-тармағына сәйкес) |
||||
8. |
Тауар биржасы туралы және онымен сауда-саттықтар өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсының болуы (Бұйрығының 8-тармағына сәйкес) |
||||
9. |
Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы (Бұйрығының 9-тармағына сәйкес) |
||||
10. |
Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес) |
||||
11. |
Кепілді және сақтандыру қорларының болуы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10259 болып тіркелген «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 16-1-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 251 бұйрығымен бекітілген, кепілді және сақтандыру қорларының мөлшерін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес) |
||||
12. |
Тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талаптарды сақтау («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес) |
||||
13. |
Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтау («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағына сәйкес) |
||||
14. |
Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және оның есебінен жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтау («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағына сәйкес) |
||||
15. |
Биржалық тауарларға күн сайынғы түзетулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша міндетті тауар биржасының орындауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағына сәйкес) |
||||
16. |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мақсатында әзірленген ішкі бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 11-бабына сәйкес) |
Лауазымдық тұлға (тұлғалар):
_______________ _________ ___________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты-жөні (егер болса)
_______________ _________ ___________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты-жөні (егер болса)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі:
______________________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты-жөні (егер болса), лауазымы) (қолы)