"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
__________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген |
Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар (бұдан әрі – міндетті талаптар) тауар биржалары пайдаланатын электрондық сауда жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы міндетті талаптар тауар биржаларының бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуіне, ақпараттық қауіпсіздікке (бұдан әрі - АҚ), жабдықтарды орналастыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында сақталуы қажет өзге ұйымдастырушылық-техникалық талаптарды қамтиды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тауар биржаларының осы міндетті талаптарға жауап бермейтін электрондық сауда жүйелерiн пайдалануына жол берілмейді.
4. Осы міндетті талаптарда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағдарламалық құрал (бұдан әрі – БҚ) – бағдарламалардан, рәсімдерден, ережелерден, деректерді өңдеу жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты басқа ілеспе құжаттамалар мен деректерден тұратын объекті;
2) жұмыс станциясы (терминал) – тауар биржасының электрондық сауда жүйесiне қосылған биржа мүшесінде болатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар компьютер;
3) сервер – желі ресурстарының нақты түрін басқаратын есептеу машинасы (жүйесі);
4) тауар биржаның электрондық сауда жүйесi (бұдан әрі – ТБЭСЖ) – электрондық биржалық сауда-саттықты өткiзу үшін қажеттi және биржалық мәмiлелер жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесiн автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтамасыз етілуі, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешенi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 728 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне
қойылатын мiндеттi талаптар
5. ТБЭСЖ:
1) жергілікті есептеу желілер жағдайларында жұмыс істеуді;
2) корпоративті есептеу желілері жағдайларында жұмыс істеуді;
3) дерек қорлармен байланыс негізінде брокерлер, дилерлер және олардың клиенттері туралы ақпаратты ұйымдастыруды, сақтауды және көрсетуді;
4) дерек қорлармен байланыс негізінде өтінімдер, мәмілелер, сауда-саттық нәтижелері, хабарламалар бойынша ақпаратты сақтауды және көрсетуді;
5) дерек қорда ақпаратты сақтау мен көрсетуді;
6) қысқа нұсқаулықтармен, еске түсірулермен және түсіндірмелермен сүйемелденетін мәзір жүйесі арқылы бағдарламалық құралдар кешенінің жұмысын ұйымдастыруды;
7) нақты уақыт режимінде жүйенің қатысушылары арасында тұрақты ақпарат алмасуды (өзара орналасу орнынан тәуелсіз);
8) биржаның сауда залынан тыс жүйеде биржа мүшелерінің (брокерлер, дилерлер) жұмысын;
9) кез келген жұмыс станциясынан (терминалдан) енгізілген ақпараттың, тауар биржасының электрондық сауда жүйесiне қосылған барлық қатысушыларға шұғыл жалпыға қолжетімді болуын қамтамасыз ететін технологияны;
10) жүйеде айналымдағы ақпаратты біріздендіруді биржалар алдын ала белгілеген ережелер бойынша қалыптастырылған жағдайда ғана ақпараттың жүйеге түсуін (қандай да бір жұмыс станциясынан енгізілген);
11) сатылатын жекелеген активтер (қаржы құралдары, тауарлар және тағы басқалар) нарығының жағдайы, активтер тобы, айналым көлемі, сұраныс пен ұсыныс көлемі, баға белгілеулер, ашық мүдде көлемі (іске асырылмаған көлем), лоттар мөлшері, әр түрлі өлшемдер бойынша ақпарат іздеудің тез және оңай процестері бойынша қажетті талдау материалын іріктемені қалыптастыруды;
12) стандартты банкаралық алмасу хаттамаларының және биржалық ақпаратпен алмасу хаттамаларының көмегімен сыртқы жүйелермен ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
13) монополияға қарсы органды нақты уақыт режимінде тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қашықтан кіру арқылы қамтамасыз етуі тиіс;
13-1) тауар биржасының ішкі құжаттарына сәйкес мұндай құқығы жоқ тұлғалардың ТБЭСЖ пайдалана отырып мәмілелер жасасу мүмкіндігін шектеу;
13-2) клирингтік ұйым клирингтік қызмет көрсетуді, оны салыстырып тексеруді және түзетуді жүзеге асыратын ТБЭСЖ мәмілелер бойынша ақпаратты автоматтандырылған жинау, өңдеу және сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.07.2020 № 148-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.6. ТБЭСЖ құрамында мынадай оқиғалар мен деректер:
1) сауда-саттықтың ашылу уақыты;
2) сауда-саттықтың жабылу уақыты;
3) сауда-саттық қатысушысын сәйкестендіру;
4) сауда-саттық қатысушысының жүйеге кіру уақыты;
5) сауда-саттық қатысушысының жүйеден шығу уақыты;
6) сауда-саттық қатысушысының өтінімін ұсыну уақыты;
7) сауда-саттық қатысушысының өтінімін қайтарып алу уақыты;
8) сауда-саттық қатысушысының өтінімін өзгерту уақыты;
9) сауда-саттық қатысушысының мәміле жасау уақыты;
10) актив атауы;
11) өтінімдегі актив саны;
12) лот саны;
13) актив бағасы мазмұнын тіркейтін сауда-саттық сессиялары бойынша оқиғаларды есепке алудың автоматтандырылған есеп журналы (бұдан әрі – оқиғалар журналы) болуы тиіс.
Уақытты тіркеу форматы – жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд (минимум 0,001 секундқа дейінгі дәлдікпен).
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ТБЭСЖ өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша есептер деректерінің оқиғалар журналының мазмұнына қатаң сәйкестігін қамтамасыз етеді.
8. ТБЭСЖ оқиғалар журналында орындалатын операцияға автоматты түрде берілетін бірегей нөмірді жүргізуді қамтамасыз етеді.
9. ТБЭСЖ қол жеткізу шектелген ақпараттық ресурстарға жатады және жалпыға қолжетімді серверлерде орналастыруға жол берілмейді.
9-1. ТБЭСЖ пайдаланушының жекелендірілген есептік жазбаларын пайдаланады.
Бұл ретте, ТБЭСЖ тауар биржасының ішкі құжатымен айқындалатын есептік жазбалар мен парольдерді басқару, сондай-ақ пайдаланушылардың есептік жазбаларын бұғаттау жөніндегі функцияларды қолданады.
Пайдаланушыларды сәйкестендіру және аутентификациялау "есептік жазба (идентификатор) – пароль" жұбын енгізу және (немесе) биометриялық және (немесе) криптографиялық және (немесе) аппараттық аутентификация арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-2. АҚ оқиғаларын тіркеуге мыналар кіреді:
Әкімшілердің және пайдаланушылардың іс-әрекеттерін журналдау;
АҚ инциденттері мен оқиғаларының мониторингі жүйесін қолдану;
АҚ сыни оқиғасы немесе инцидентін автоматты түрде тануға негізделген ескертулер.
Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-3. Оқиғаларды тіркеу журналдары АҚ бойынша техникалық құжаттамада көрсетілген мерзім ішінде, бірақ кемінде үш жыл сақталады және кемінде екі ай жедел қолжетімділікте болады.
Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. ТБЭСЖ бағдарламалық қамтылымына мынадай талаптар қойылады:
1) ТБЭСЖ БҚ өзекті нұсқасының лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып әзірленеді және қолданылады;
2) ақпараттың толық немесе ішінара жоғалуының алдын алу және дерекқор тұтастығы бұзылуының алдын алу үшін ТБЭСЖ БҚ пайдаланушы қателіктерін, техникалық істен шығу кезінде туындайтын қателіктерін және пайдаланушыға кейінгі іс-қимылдар сипатталған хабарламаларды бере отырып, дерекқор қателіктерін өңдеуді қамтамасыз ететіндей болып құрылады;
3) ТБЭСЖ БҚ-да: пайдаланушыны сәйкестендіру (тану), бірдейлендіру (түпнұсқалылығын растау) и авторландыру (өкілдіктер беру); ТБЭСЖ ресурстарына қолжетімділікті бақылау; ТБЭСЖ болып жатқан оқиғаларды тіркеу және талдау; ТБЭСЖ ресурстарының тұтастығын бақылау сияқты функцияларды қамтамасыз ететін бағдарламалар жұмысына бақылау модулі болады;
4) ТБЭСЖ БҚ сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптастырылған шығару деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді;
5) ТБЭСЖ БҚ енгізілетін деректердің толықтығын және дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етеді;
6) ТБЭСЖ БҚ сауда жүйесі, ақпараттық-талдау жүйесі, деректер беру желісі (егер сауданың технологиялық процесі осындай жүйемен өзара іс-қимылды жасауды көздесе) бағдарламалық жүйелерді қамтуы (немесе қолданыстағы бағдарламалық жүйелермен электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді);
6-1) ТБЭСЖ БҚ биржалық қамтамасыз ету мөлшеріне сәйкес әрбір қойылған өтінім мен жасалған мәміле бойынша сауда-саттық барысында қатысушының ақшалай қаражатын бақылауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 728 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10-1. ТБЭСЖ БҚ ақпараттық жүйенің жүйелік уақытын time.windows.com эталондық сервер уақытының орталықтандырылған көзімен синхрондауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. ТБЭСЖ аппараттық қамтамасыз етілуіне мынадай талаптар қойылады:
1) сервер және коммуникациялық жабдық биржаларда қабылданған жұмыстар регламентін қамтамасыз ету үшiн жеткiлiкті, бірақ секундына кемінде жүз транзакция жасау өнiмдiлiгін;
2) ауқымдылық – ақпараттың өсіп отырған көлемін өңдеу мүмкiндігін қамтамасыз етеді;
3) сенiмдiлігі жоғары жүйелерді ұйымдастыру үшiн серверді дисктi жинақтағыштармен және "жедел алмастырылатын" қоректену көздерiмен (артық қоректенумен) жарақтандыру қажет;
4) сервердiң желдету жүйесі температураны бақылау мүмкiндiгiне ие болады;
5) сервердiң қоректенуi үздiксiз қоректендіру құрылғысы арқылы кiретiн кернеудi тұрақтандырумен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте, үздiксiз қоректендіру құрылғысының қуаты сервер тұтынатын қуатқа байланысты таңдалуы және батареялардан жұмыс істеу уақыты кемiнде отыз минут болуын қамтамасыз етуi және номиналды қуаты жетпіс бес пайыздан аспайтын жүктемеде болады;
6) дисктi жинақтағыштарда, сондай-ақ, деректер сақтаудың сыртқы құрылғыларында деректерді резервтеу қамтамасыз етіледі;
7) серверлер қателерді табу және түзету мамандандырылған жедел жадысымен жарақтандырылады;
8) желілік инфрақұрылым орнықты және ауқымды болады. Желiлердiң орнықтылығы желіні кез келген аппараттық бас тартулардан қорғайтын физикалық артықшылықтан (құралдарды "жедел" резервтеу), серверлiк құралдар үшiн қосылыстарды агрегаттау хаттамаларын пайдаланудан тұрады.
ТБЭСЖ-ге жалпы пайдалану каналдары арқылы алшақ қосылу кезінде кемінде екі тәуелсіз провайдер арқылы байланыс арналарын резервтеу көзделеді. Бұл ретте, резервтік байланыс арналарының кез келгенінен бас тартқан кезде автоматты арнааралық ауыстырып қосу күйіне келтіріледі.
11-1. ТБЭСЖ техникалық қолдаумен қамтамасыз етіледі, оның құрамына ТБЭСЖ және БҚ тиісті ақпараттық жүйесінің жаңартуларын, оның ішінде қауіпсіздік жаңартуларын ұсыну жөніндегі қызметтер кіреді.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-2. Резервтік орталық болған кезде тауар биржасының ішкі құжаттарында мыналар көрсетіледі:
1) резервтік орталықтың орналасқан жері;
2) резервтік орталықта қалпына келтіру жоспарланып отырған ақпараттық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ететін бизнес–процестердің, техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдардың тізбесі;
3) резервтік орталықта ТБЭСЖ жұмысын қалпына келтіру тәртібі;
4) резервтік орталықта жұмысты аяқтау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар, осындай шешім қабылдау тәртібі, сондай-ақ негізгі орталықта жұмыс істеудің штаттық режиміне қайтару тәртібі;
5) резервтік орталықтың жұмыс істеуін тестілеуді өткізу тәртібі, кезеңділігі және сценарийлері.
Ескерту. 11-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-3. ТБЭСЖ қызметін қалпына келтіру процестерінің дайындығын тексеру мақсатында жылына кемінде бір рет қалпына келтіру жоспарларына сәйкес ақпараттық жүйелерді қалпына келтіруді тестілеу (бұдан әрі – тестілік қалпына келтіру жоспары) жүргізіледі.
Тестілік қалпына келтіру жоспарларын тестілеу штаттан тыс жағдайдың туындау сценарийін, қалпына келтірілетін жұмыс процестері мен ақпараттық жүйелерді, қалпына келтіру тобының әрекеттерін, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орны бойынша талаптарды сипаттауды көздейтін тауар биржасының әзірленген және бекітілген ішкі құжаттары бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 11-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. ТБЭСЖ АҚ бойынша мынадай талаптар қойылады:
1) ТБЭСЖ ақпараттық қауiпсiздiгі ұйымдастырушылық-техникалық шаралар мен ақпарат қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдар кешенін қамтитын жүйемен қамтамасыз етiледi;
2) ТБЭСЖ деректерді рұқсат етiлмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтитын деректердi көп деңгейлi қорғауды қамтамасыз етуi тиіс – жүйеге кiрерде сәйкестендіру және бірдейлендіру рәсімдерін пайдалану, ақпаратты шифрлеу рәсімдерінің болуы, деректерге, пайдаланушылар өкiлеттiктерiне сәйкес олардың бiрнеше түрлерiнiң болуын, ТБЭСЖ деректеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін көп деңгейлi қолжетімділік;
3) тауар биржасының уәкілетті органы (директорлар кеңесі немесе басқарма) ТБЭСЖ ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты ТБЭСЖ құпия сөзбен қорғау және қолжетімділікті басқару; ТБЭСЖ физикалық қауiпсiздiгi; ТБЭСЖ деректерін резервтік көшiру және қалпына келтiру; қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерді және ТБЭСЖ қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуымен байланысты себептер мен шарттарды уақтылы анықтауға бағытталған қауіпсіздік саясаты мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды бекітеді;
4) биржа қатысушыларының ТБЭСЖ-да ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалану арқылы жұмысы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпарат алмасу үшін сауда-саттықтың технологиялық процесiнiң барлық қатысушылары үшiн бiрыңғай шифрлеу алгоритмі қолданылады.
5) ТБЭСЖ БҚ АҚ қамтамасыз ету жүйесі қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерді, сондай-ақ олардың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына байланысты себептер мен жағдайларды уақтылы анықтауды қамтамасыз ететін тиісті қауіпсіздік саясатымен жүзеге асырылады;
6) ТБЭСЖ-мен қосылу қорғалған не бөлінген байланыс арналары бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-1. Тауар биржасы ТБЭСЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі мақсатында мыналарды қамтамасыз етеді:
1) АҚ бөлімшесінің немесе АҚ қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамның болуын немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуын;
2) ақпараттық қауіпсіздіктің жеке жедел орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету немесе ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының қызметтерін сатып алуын;
3) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес АҚ талаптарына сәйкестігін сынаудың оң актісінің болуын;
4) АҚ техникалық құжаттамасының болуын.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-2. ТБЭСЖ ішкі деректерін қорғау үшін деректердің ағып кетуін болдырмау жүйелері (DLP) қолданылады.
Бұл ретте, ТБЭСЖ:
1) пайдаланушының іс-әрекетке жүргізілетін бақылау туралы көрнекі хабарламасы;
2) жергілікті желі шегінде деректердің ағып кетуін болдырмау жүйесінің басқару орталығы мен серверлерін орналастыру қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 12-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-3. ТБЭСЖ қорғау үшін серверде, жұмыс станцияларында, бағдарламалық ортаның тұтастығы мен өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін лицензияланған антивирустық бағдарламалық қамтамасыз ету немесе жүйелер қолданылады.
Қолданылатын антивирустық бағдарламалық жасақтама келесі талаптарға сәйкес келеді:
1) белгілі қолтаңбалар негізінде вирустарды анықтау;
2) эвристикалық талдау негізінде вирустарды анықтау (вирустарға тән командаларды іздеу және мінез-құлықты талдау);
3) қосылған кезде ауыстырылатын тасымалдағыштарды сканерлеу;
4) кесте бойынша антивирустық базаны сканерлеуді және жаңартуды іске қосу;
5) орталықтандырылған әкімшілендіру және мониторинг консолінің болуы;
6) пайдаланушы үшін антивирустық бағдарламалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ антивирустық бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту процестерінің және вирустардың жоқтығын жоспарлы тексерудің жұмыс істеуін тоқтату мүмкіндігін бұғаттау;
7) антивирустық қамтамасыз ету құралдарымен ішкі және сыртқы желілерді қорғау.
Ескерту. 12-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-4. ТБЭСЖ ақпаратты өзгертуден, жоюдан, тұтастықты бұзудан және рұқсатсыз қол жеткізуден қорғаудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен бағдарламалық-аппараттық құралдарының кешені қамтамасыз етіледі:
- пайдаланушылардың аутентификациясы және авторизациясы;
- ТБЭСЖ сақтайтын және беретін деректерді шифрлау;
- қол жеткізу құқықтарын басқаруды, пайдаланушылардың белсенділігін бақылауды, қол жеткізуді шектеуді және басқа әдістерді қамтитын ақпаратқа қол жеткізуді бақылау;
- антивирустық бағдарламаларды, желі аралық экрандарды, кіруді анықтау жүйесін және басқа шараларды қолдануды қоса алғанда, зиянды бағдарламалардан қорғау;
- деректер базасының ақпаратын, жүйе журналдарын, АҚ инциденттер журналдарын тұрақты резервтеу;
- қолданыстағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартылған нұсқаларға үнемі жаңартып отыру;
- тұрақты тексерулер мен осалдықтарды талдауды қоса алғанда, АҚ аудитімен;
- логиялау, мониторинг және хабарландыру жүйелерін пайдалануды қоса алғанда, оқиғаларды мониторингтеу және талдау;
- нұсқаларды басқаруды қоса алғанда, конфигурацияны басқару, бағдарламалық қамтамасыз етуді ТБЭСЖ жүйесінің дұрыс және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзекті нұсқалар мен шараларға жаңарту.
Ескерту. 12-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 31.05.2023 № 193-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. ТБЭСЖ жабдығын орналастыруға мынадай талаптар қойылады:
1) ТБЭСЖ жабдығы үздіксiз қоректену көзiнің болуы; кондиционерлеу жүйесінің болуы жөніндегі талаптарға жауап беретін серверлік үй-жайда орналасуы және құрастырылады; серверлер тұрғын емес бөлмеде болады; серверлік үй-жай жабдығы мөлшері кемінде 1,5 сантиметр ғимаратты кондуитті жерге тұйықтау жүйесінің бас электродымен қосылады; серверлік үй-жай төбесінің биіктігі кемінде 2,44 метр болады; автоматтандырылған хабардар ету және өрт сөндіру жүйесі; серверлік бөлмеге шектелген қолжетімділік, қолжетімділікті бақылау; серверлік үй-жайда өткізілетін жұмыстардың тігілген журналының болады;
2) серверлiк үй-жайды электрмен жабдықтау электр қондырғыларын орнату қағидаларын регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес I санатты электроқабылдағыштармен қамтамасыз етіледі.
14. ТБЭСЖ-ге ұйымдастырушылық-техникалық талаптар мынадай параметрлерді қамтиды:
1) ТБЭСЖ үздіксіз айналым негізінде тәулігіне жиырма төрт сағат iшiнде (жұмыс күндерiнде) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
2) биржалық сауда-саттыққа әрбiр қатысушы тауар биржасының электрондық сауда-саттық жүйесiне тең құқықтарға және қолжетімділікке ие. Қатысушылар саны ТБЭСЖ өнiмдiлiгімен немесе аппараттық – бағдарламалық сипаттамаларымен шектелмеді;
3) биржаның бөлінген жұмысын ұйымдастыру кезінде (қашықтағы филиалдардың, оқшауланған брокерлік орындардың, сауда-саттық алаңдарының және тағы сол сияқтылар істеуі) биржалық сауда-саттықтың электрондық жүйесіне қашықтан қол жеткізу нүктелерiнiң жұмыс істеуі үшiн сенiмдi байланыс арналарымен қамтамасыз етілуі және сауда-саттыққа қатысушылар үшiн сауда жасаудың тең шарттары қамтамасыз етілуі қажет. Бұл ретте биржа дербес таңдап алынған және сауда-саттық қатысушылары пайдаланатын техникалық сипаттамалары мен жиынтығы бар терминалдардың жұмыс қабілеттілігіне жауапты емес;
4) қашықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеген кезде биржа сауда-саттыққа қашықтағы қатысушыларды және монополияға қарсы органның лауазымды адамдарын қосу үшін порттардың қажетті санын қамтамасыз етеді;
5) тауар биржасының уәкілетті органы (Директорлар кеңесі немесе Басқармасы) тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қосылған және онда сауда-саттыққа қатысушылар мен монополияға қарсы органның лауазымды адамдары қашықтықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеген кезде шарттарды, талаптар мен техникалық сипаттамаларды айқындайтын нормативтік құжатты бекітеді;
6) ТБЭСЖ-ге аталған салада мамандар болып табылатын штаттық қызметкерлер қызмет көрсетеді;
7) тауар биржасының техникалық орталықтары сауда-саттық жүйлерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін резервті байланыс арналарымен және резервтік электрқоректенумен жабдықталады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.07.2020 № 148-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.