Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10259 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 03.09.2019 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      31 желтоқсан 2014 жыл



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 171 бұйрығымен бекітілген

Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі


Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

тауар биржалары қызметіне

1

"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабы 3-2-тармағына сәйкес бекітілетін Тауар биржаларының электрондық сауда жүйелеріне, жалпы талаптарға сай келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесі

Ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:

қабылдау-беру және пайдалануға беру актісі туралы;

негізгі құралдардың үзінді көшірмесінің болуы туралы;

техникалық тапсырма туралы;

электрондық сауда жүйесінің сипаттамасы туралы (1-қосымшаға сәйкес)

2

Тауар биржасында құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімше

Құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрық және құпия ақпаратқа рұқсаты бар адамдарға рұқсат беру туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

3

"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабы 2-1-тармағына сәйкес бекітілетін Биржа саудасының үлгі қағидалары негізінде әзірленген биржа саудасы қағидалары

Биржа саудасы қағидаларын бекіту туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

4

Басшылық лауазымындағы тауар биржасы қызметкерлерінде:

жоғары білімі;

тауар биржалары саласында және/ (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

Басшылық лауазымындағы емес тауар биржасы қызметкерлерінде: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі

Ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:

Штаттық кестеге сәйкес басшылық лауазымындағы қызметкерлердің білімі және жұмыс өтілі туралы;

басшыны тағайындау туралы; штаттық кестеге сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымын атқармайтын қызметкерлердің білімі туралы (1-қосымшаға сәйкес)

5

Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелер

Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

6

Клирингтік орталық не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарт

Клирингтік орталықты құру туралы бұйрық не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

7

Кемінде жеті биржалық брокермен және/(немесе) биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары

Ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

8

Тауар биржасы туралы және оның сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсы

Интернет-ресурсты пайдалануға беру туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

9

Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің бекітілген мөлшерлері

Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

биржалық брокерлер (бұдан әрі - брокерлер) және (немесе) биржалық дилерлер (бұдан әрі - дилерлер) қызметіне

10

Ұйымның бірінші басшысында:

жоғары білімі;

биржа қызметі саласында және/(немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

Ұйым қызметкерлерінде (биржа саудасымен айналысатын):

жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі

Ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:

штаттық кестеге сәйкес бірінші басшының білімі және жұмыс өтілі туралы;

штаттық кестеге сәйкес, қызметкерлердің білімі туралы (2-қосымшаға сәйкес)

11

Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандары

Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттар нысандарын бекіту туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (2-қосымшаға сәйкес)

12

Клиенттерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламенті

Клиенттерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (2-қосымшаға сәйкес)

  Тауар биржаларының, биржалық
брокерлер мен биржалық дилерлердің
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымша

Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның шешімімен белгіленген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын жалпы талаптарға сай келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесі:

      қабылдау-беру актісінің нөмірі мен күні _____________________;

      пайдалануға енгізу туралы актінің нөмірі мен күні ___________.

      Мына құжаттардың болуы:

      Негізгі құралдардан үзінді көшірмелер _________;

      Техникалық тапсырма __________;

      Электрондық сауда жүйесінің сипаттамасы _______.

      2. Тауар биржасында құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімше:

      құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;

      құпия ақпаратқа рұқсаты бар тұлғаларға рұқсат беру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні ________________.

      3. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітілген биржа саудасының үлгі қағидасы негізінде әзірленген биржа саудасының қағидасы:

      биржа саудасы қағидасының бекітілген күні _____________.

      4. Штаттық кестеге сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымындағы қызметкерлері:

      Т.А.Ә. _________________________________;

      Жоғары білімі:

      диплом нөмірі __________________________;

      дипломның берілген күні ________________;

      дипломның берілген орны ________________;

      диплом берген оқу орнының атауы ________;

      басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және басшыны тағайындау туралы құрылтайшылар шешімінің (қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы) нөмірі мен күні ______;

      тауар биржалары саласында және/немесе қаржы ұйымдарындағы еңбек өтілі ____________________;

      Жұмыс орны _________;

      Кезеңі _____________;

      Жоғарыда аталған ұйым лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі (қаржылық қызмет/тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша);

      Лауазымдары __________________.

      5. Штаттық кестеге сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымын атқармайтын қызметкерлері:

      Т.А.Ә. _____________________;

      Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі:

      диплом нөмірі ______________;

      дипломның берілген күні _____________;

      дипломның берілген орны _____________;

      диплом берген оқу орнының атауы __________;

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, лауазымы ______.

      6. Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер:

      құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____________;

      құрылымдық бөлімшені құру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні.

      7. Клирингтік орталық не клирингтік орталықтың көрсетілетін қызметтерін пайдалану туралы шарт:

      клирингтік орталықты құру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні немесе клирингтік орталықтың көрсетілетін қызметтерін пайдалану туралы шарттың нөмірі мен күні ______________;

      клирингтік компанияның атауы _________________.

      8. Кемінде жеті биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары:

      ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шартын жасасқан заңды тұлғаның атауы;

      ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шартының нөмірі мен күні _______________________.

      9. Тауар биржасы туралы және олардың сауда-саттықты өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыруға арналған арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жеке интернет-ресурсы:

      пайдалануға берілген интернет-ресурстың мекенжайы _____________.

      10. Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшері:

      төлемдер мөлшерін бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні_____.

  Тауар биржаларының, биржалық
брокерлер мен биржалық дилерлердің
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
2-қосымша

Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      1. Штаттық кестеге сәйкес, ұйымның бірінші басшысының:

      Т.А.Ә. _______________;

      Жоғары білімі:

      диплом нөмірі __________________;

      дипломның берілген күні _________________;

      дипломның берілген орны _________________;

      диплом берген оқу орнының атауы __________;

      басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____;

      директорды тағайындау туралы құрылтайшылар шешімінің нөмірі мен күні ______;

      тауар биржалары саласында және/немесе қаржы ұйымдарындағы еңбек өтілі ______________;

      Жұмыс орны _________________.

      Жоғарыда аталған ұйым лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі (қаржылық қызмет/тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша) _______.

      Кезеңі ________________________.

      Атқаратын лауазымдары ______________.

      2. Штаттық кестеге сәйкес (биржалық саудамен айналысатын) ұйым қызметкерлерінің:

      Т.А.Ә._______________________________;

      Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі:

      диплом нөмірі ___________________________;

      дипломның берілген күні _________________;

      дипломның берілген орны _________________;

      диплом берген оқу орнының атауы _________;

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, лауазымы _________.

      3. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандары:

      шарттың/шарттардың нысандарын бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні ________________.

      4. Клиенттерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламенті:

      регламентті/регламенттерді бекіту туралы бұйрықтың нөмірі _______.