Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 сәуірде № 13584 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 471 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11807 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      _____________________ С. Айтпаева

      2016 жылғы 9 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) болмашы бұзушылықтар – тауар биржасының банктік шотында көрсетілген ақшалай қалдықтарды растайтын банктік үзінді көшірмені қоса бере отырып, есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілдік және сақтандыру қоры бойынша ай сайынғы есептің ұсынылмауына; басшылық лауазымындағы және басшылық лауазымдағы емес тауар биржасы қызметкерлерінің қажетті біліктілігінің болмауына; сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болмауына; мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болмауына байланысты бұзушылықтар;

      2) елеулі бұзушылықтар – тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындамауына; өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсан сайынғы есептілікті ұсынылмауына; тауар биржасы және оның сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттықтардың нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын өз интернет-ресурсының болмауына; клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болмауына; тауар биржасында биржалық төреліктің болмауына; тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындамауына; құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған екі және одан артық шағымдар мен өтініштердің болуына байланысты бұзушылықтар;

      3) өрескел бұзушылықтар – тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болмауына; құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болмауына; Биржалық сауда қағидаларының болмауына; кепілдік және сақтандыру қорларының болмауына; тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастыруға байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтамауына; тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануға тыйым салу туралы талапты сақтамауына; тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтамауына; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламасының болмауына; тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талапты сақтамауына байланысты бұзушылықтар;

      4) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, зиян келтіру ықтималдығы;

      5) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) бақылау субъектілері – тауар биржалары саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне тауар биржалары жатады.

      5. Бақылау субъектілерін жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, тауар биржасында коммерциялық құпияның сақталуын, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғауды және коммерциялық құпияны заңсыз таратуға және қалыпты баға белгілеудің бұзушылығына және тауар нарығының тұрақсыздығына алып келуі ықтимал олардың арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге байланысты бақылау субъектілері қызметінің нәтижесінде мемлекет мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығына байланысты жүзеге асырылады.

      6. Тауар биржаларына қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін, бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайларда белгіленеді;

      3) шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      8. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында айқындалған ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары айқындалады.

      9. Субъективті өлшемшарттар бұзушылықтар ауырлығының үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

      10. Бақылау субьектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – тәуекел дәрежесі 0-ден бастап 60-ты қоса алғандаға дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде жатады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі болмайды.

      12. Тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші неғұрлым көп бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Қазақстан Республикасының
тауар биржалары туралы
заңнамасының сақталуының
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Субъективті өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1. Мемлекеттік органдардың, мекемелердің және салалық ұйымдардың бақылау субъектісі ұсынатын есептілікке және мәліметтерге жүргізген мониторингілеу нәтижелері

1

Өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсан сайынғы есептілікті ұсынылмауына

Елеулі

2

Тауар биржасының банктік шотында көрсетілген ақшалай қалдықтарды растайтын банктік үзінді көшірмені қоса бере отырып, есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілдік және сақтандыру қоры бойынша ай сайынғы есептің ұсынылмауы

Болмашы

3

Тауар биржасы және оның
сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттықтардың нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын өз интернет-ресурсының болмауы

Елеулі

2. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде анықталады)

1

Тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындау

Елеулі

2

Тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы

Өрескел

3

Құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болуы

Өрескел

4

Биржалық сауда қағидаларының болуы

Өрескел

5

Тауар биржасының басшылық лауазымдағы қызметкерлерінде мыналардың:
жоғары білімнің;
тауар биржасы саласында және (немесе ) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің.
Тауар биржасының басшылық лауазымды атқармайтын қызметкерлерінде жоғары немесе ортадан кейінгі білімінің болуы

Болмашы

6

Сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болуы

Болмашы

7

Клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болуы

Елеулі

8

Тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талаптың болуы

Өрескел

9

Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы

Елеулі

10

Кепілдік және сақтандыру қорының болуы

Өрескел

11

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтау

Өрескел

12

Тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануына тыйым салу туралы талапты сақтау

Өрескел

13

Тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтау

Өрескел

14

Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындауы

Елеулі

15

Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау және оны жүзеге асыру қағидаларының болуы

Өрескел

16

Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы

Болмашы

3. Шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған екі және одан артық шағымдар мен өтініштердің болуы

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің

      _________________________________________________________ саласында/аясында

      138-бабына сәйкес

      _________________________________________________ тауар биржаларына қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт ______________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

Қойылатын талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындау





2

Тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы





3

Құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болуы





4

Биржалық сауда қағидаларының болуы





5

Тауар биржасының басшылық лауазымдағы қызметкерлерінде мыналардың:
жоғары білімнің;
тауар биржасы саласында және (немесе ) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің
Тауар биржасының басшылық лауазымды атқармайтын қызметкерлерінде жоғары немесе ортадан кейінгі білімінің болуы





6

Сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болуы





7

Клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болуы





8

Тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талаптың болуы





9

Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы





10

Кепілдік және сақтандыру қорының болуы





11

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтау





12

Тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануына тыйым салу туралы талапты сақтау





13

Тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтау





14

Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындауы





15

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламасының және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы





16

Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

      лауазымы                               қолы

      _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау

      субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                                     қолы

      _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)