Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.04.2021 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.04.2021 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
11 ақпан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
11 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген |
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.04.2021 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу – атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыруға ұйымның құзыреттілігін ресми тану рәсімі.
3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді және Көрсетілетін қызметті берушінің, сондай-ақ оның ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылатын ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.
4. Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымның:
1) аккредиттеу немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласындағы кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
2) тиісті аккредиттеу саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті персоналы;
3) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері болуы тиіс.
2-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу тәртібі
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мынадай құжаттарды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі өтінішті;
аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;
тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, болған жағдайда сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер) электрондық көшірмелерін;
мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелерінің электрондық көшірмелерін ұсынады.
Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін талап етілетін нәтижелерді алу үшін бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы жағдайы көрсетіледі.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсыну ерекшеліктерін ескерумен басқа да мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қарауына береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарау үшін Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.
Құжаттардың толық топтамасы келіп түскен және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған күннен бастап 13 (он үш) жұмыс күні ішінде ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының жауапты орындаушысы және Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларына келісуге енгізеді.
1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы және ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының басшысы көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының жауапты орындаушыларының қорытындыларын келіседі.
Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларымен келісілген Көрсетілетін қызметті берушінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді;
осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және Портал арқылы Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) ұсынған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
4) есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
5) мәлімделген түр бойынша қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу нәтижесіне шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Өтініш
__________________________________ қауіпсіздіктің түрі (түрлері) бойынша
____________________________________________________________________
__________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
________________________________________ аккредиттеуді сұраймын
(заңды тұлғаның атауы)
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________________
Заңды тұлғаның басшысы____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Толтырылған күні 20__жылғы "____" ___________
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша |
"Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілі (мүмкіндік арнасы) | www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны. | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік не Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) |
7. | Жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден жұмаға дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тібесі |
1) электрондық түрдегі өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) ұсынған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
|
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
[УО атауы (мемлекеттік тілде)] |
[УО атауы (орыс тілінде)] |
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы КУӘЛІК
"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына
сәйкес ____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________ жүзеге асыру
үшін аккредиттеледі (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
______________________________________________________________
_______________________ қауіпсіздіктің түрі(-лері) бойынша
______________________________________________________________ пайдалану
(есеп айырысу әдістемесі(-лері) және (немесе) бағдарламалық - техникалық құралдары)
____________________________________________________________________
Куәлік 20__ жылғы "___"___________ дейін жарамды
Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы
немесе оның орынбасары
__________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Сериясы ______№ _______________
Берілген күні