Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 наурызда № 13538 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ә. Исекешев

      11 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      11 ақпан 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу (бұдан әрі – аккредиттеу) – атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыруға ұйымның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

      2) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Уәкілетті орган ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылатын ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізеді.

2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      4. Аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органның кеңсесіне немесе "электронды үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының көшірмелері және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтамалар;

      3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттар;

      4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттар;

      5) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.

      5. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте, уәкілетті орган пайдаланушы ұйымнан немесе жеке тұлғадан жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде құжаттарды қараусыз жазбаша қайтарады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымды аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – Аккредиттеу туралы куәлік) немесе электронды және қағаз түрінде жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      7. Мыналар:

      1) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;

      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) ұйымның персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

      4) есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдардың мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

      5) мәлімделген түрі бойынша қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы ұйымды аккредиттеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      8. Аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды немесе қағаз нысанда үш жыл мерзімге беріледі.

      Ескертпе:

      * - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

  Ядролық, радиациялық және
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Кімге: _____________________________

      (уәкілетті орган басшысының

      __________________________________

      Т.А.Ә., лауазымы (бар болса))

      Кімнен:__________________________

      (ұйым басшысының

      __________________________________

      Т.А.Ә., лауазымы (бар болса))

      Деректемелер:____________________

      (ЖСН (жеке тұлға үшін), ЖБН (ұйым

      __________________________________

      үшін), мекенжайы, байланыс телефоны)

      Өтініш

      __________________________________________________________________

      (ұйымының атауы)

      ________________________________________________ қызметі саласында

      __________________________________________ сараптаманы жүзеге асыру

      аккредиттеу жүргізуді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      5. ____________________________________________________________

      6. ____________________________________________________________

      Ұйымның басшысы __________________________ _____________

      (Т.А.Ә.) қолы

      Мөрдің орны Толтырылған күні 20__жылғы "_____" _____________

  Ядролық, радиациялық және
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Елтаңба

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыру құқығына ұйымды аккредиттеу туралы
КУӘЛІК

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 26-бабына сәйкес ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ___________________________________________________ қызметі саласында

      ____________________________ сараптаманы жүзеге асыру аккредиттеледі.

      Куәлік 20__ жылғы "___"___________ дейін жарамды

      Уәкілетті органның басшысы

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      М. О.

      Сериясы ______№ _______________

      Берілген күні: