Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 наурызда № 13538 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.04.2021 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.04.2021 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ә. Исекешев

      11 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      11 ақпан 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген

Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.04.2021 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу – атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыруға ұйымның құзыреттілігін ресми тану рәсімі.

      3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді және Көрсетілетін қызметті берушінің, сондай-ақ оның ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылатын ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.

      4. Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымның:

      1) аккредиттеу немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласындағы кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;

      2) тиісті аккредиттеу саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті персоналы;

      3) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері болады.

      Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін талап етілетін нәтижелерді алу үшін бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу тәртібі

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген "Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы ұсынады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қарауына береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын және қолданылу мерзімін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарау үшін Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.

      15 (он бес) жұмыс күні ішінде ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының жұмыскері және Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, содан кейін Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларына келісуге енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы ұсынылған қорытындылар негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      барлық ұсынылған қорытындыларда ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы тұжырым болған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді;

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және Көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушыға шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік берілсін;

      2) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылсын.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында "Энергетика министрлігі" деген бөлімде орналастырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу нәтижесіне шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Ядролық қауіпсіздік және
(немесе) радиациялық
қауіпсіздік, және (немесе)
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамаcын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Ядролық қауіпсіздікті және
(немесе) радиациялық
қауіпсіздікті және (немесе)
ядролық физикалық қауіпсіздікті
тексеруді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша

"Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту . Ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті сараптауды және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі өтініш;
2) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласына тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (аккредиттеу саласына сәйкес мамандық бойынша дипломдар, бар болған жағдайда, біліктілігін растайтын сертификаттар, сертификаттар, тиісті салада теориялық және практикалық даярлықтан өткендігі туралы сертификаттар). аккредиттеу);
4) мәлімделген жұмыс түрлерін орындауға арналған бағдарламалық-техникалық құралдардың және (немесе) есептеу әдістерінің электрондық көшірмелері.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген) Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 5-тармағының 3) тармақшасының талабына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу көлеміне сәйкес келмеуі;
4) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 5-тармағының 4) тармақшасының талабына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласының есептеу әдістері мен бағдарламалық құралдары арасындағы сәйкессіздік;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
7) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер

1) мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында – www.egov.kz, "Энергетика министрлігі" бөлімінде "Көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
Портал орналастырылған;
2) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар;
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар;
4) Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқасы қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.egov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөлімнің "Көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Ядролық қауіпсіздік және
(немесе) радиациялық
қауіпсіздік, және (немесе)
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамаcын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне
қосымша
  Нысан
  Кімге: ______________________
(Көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
__________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Кімнен: _____________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда)/заңды
тұлғаның атауы)
Деректемелер: _____________
(бизнес сәйкестендіру
______________________
нөмірі, мекенжайы,
_____________________
байланыс телефоны)

Өтініш

      _______________________________________________қауіпсіздіктің түрі

      (түрлері) бойынша

      _____________________________________________________________________

      (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)

      жүзеге асыру үшін

      ________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын.

      (заңды тұлғаның атауы)

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1.____________________________________________________________________

      2.____________________________________________________________________

      3.____________________________________________________________________

      4.____________________________________________________________________

      Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі

      талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен

      ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және

      өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.

      Заңды тұлғаның басшысы

      _______________________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Толтырылған күні 20__жылғы "____" __________

  Ядролық қауіпсіздік және
(немесе) радиациялық
қауіпсіздік, және (немесе)
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамаcын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-1-қосымша

      Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

  Ядролық қауіпсіздік және
(немесе) радиациялық
қауіпсіздік, және (немесе)
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамаcын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
УО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[УО атауы (орыс тілінде)]
УО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

[УО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарастырып,. ______________________________________ хабарлайды. [Бас тарту себебі].

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]


 

  Ядролық қауіпсіздік және
(немесе) радиациялық
қауіпсіздік, және (немесе)
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамаcын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
УО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[УО атауы (орыс тілінде)]
УО реквизиттері орыс тілінде

Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы КУӘЛІК

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына

      сәйкес ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________ жүзеге асыру

      үшін аккредиттеледі (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)

      ______________________________________________________________

      _______________________ қауіпсіздіктің түрі(-лері) бойынша

      ______________________________________________________________ пайдалану

      (есеп айырысу әдістемесі(-лері) және (немесе) бағдарламалық - техникалық құралдары)

      ____________________________________________________________________

      Куәлік 20__ жылғы "___"___________ дейін жарамды

      Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы

      немесе оның орынбасары

      __________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Сериясы ______№ _______________

      Берілген күні