"Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20322 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 122 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган - атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу - атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыруға ұйымның құзыреттілігін ресми тану рәсімі.

      3. Уәкілетті орган ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді және уәкілетті орган, сондай-ақ оның ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылатын ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.

      4. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымның:

      1) аккредиттеу немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласындағы кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;

      2) тиісті аккредиттеу саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті персонал;

      3) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері болуы қажет.

2-тарау. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу тәртібі

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті органға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы, е-лицензиялау www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттар ұсынады:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар;

      тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттар (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер болған жағдайда);

      ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.

      2) порталға:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер болған жағдайда) электрондық көшірмелері;

      ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бағдарламалық-техникалық құралдардың және (немесе) есептеу әдістемесінің электрондық көшірмелері.

      Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін талап етілетін нәтижелерді алу үшін бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтамасыз етуі жатады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы жағдайы көрсетіледі.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қарауына береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға еркін нысан түрінде жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.

      14 (он төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының қызметкері және ядролық және радиациялық қауіпсіздік жауапты орындаушысы кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларына келісуге енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы ұсынылған қорытындылар негізінде 4 (төрт) жұмыс күні ішінде:

      ұсынылған барлық қорытындыларда ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы қорытынды болған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді;

      осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады.

      Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электронды сандық қолтаңбасы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға еркін нысан түрінде жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) ұсынған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;

      2) ұсынған құжаттардың осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушының есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

      5) мәлімделген түр бойынша көрсетілетін қызметті алушының қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу нәтижесіне шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

  Ядролық, радиациялық
және ядролық физикалық
қауіпсіздік сараптамасын
жүзеге асыратын ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге:______________________
(уәкілетті орган
_________________________
басшысының тегі, аты,
___________________________
әкесінің аты (болған жағдайда),
__________________________
лауазымы)
Кімнен:_____________________
(заңды тұлға басшысының тегі,
___________________________
аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
________________________
лауазымы (болған жағдайда)
Деректемелер:_______________
бизнес сәйкестендіру
___________________________
нөмірі, мекенжайы,
_____________________
байланыс телефоны)

Өтініш

      ________________________________________________ қауіпсіздіктің түрі (түрлері) бойынша

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________ жүзеге асыру үшін

      (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)

      ___________________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын

      (заңды тұлғаның

      атауы)

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      4. ________________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның басшысы____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Толтырылған күні 20__жылғы "____" ___________

  Ядролық, радиациялық
және ядролық физикалық
қауіпсіздік сараптамасын
жүзеге асыратын ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

"Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілі (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден жұмаға дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініш пен құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
өтініш;
аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар;
тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттар (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер болған жағдайда);
ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.
2) порталға:
электрондық құжат нысанындағы өтініш;
аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер болған жағдайда) электрондық көшірмелері;
ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бағдарламалық-техникалық құралдардың және (немесе) есептеу әдістемесінің электрондық көшірмелері.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ұсынған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;
2) ұсынған құжаттардың Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
5) мәлімделген түр бойынша көрсетілетін қызметті алушының қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөліміндегі "Қызметтер" деге бөлімшесінде;
порталда орналасқан;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөлімдегі "Қызметтер" деген бөлімшесінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Ядролық, радиациялық
және ядролық физикалық
қауіпсіздік сараптамасын
жүзеге асыратын ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)]
МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарастырып,. ______________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі].

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]


 

  Ядролық, радиациялық
және ядролық физикалық
қауіпсіздік сараптамасын
жүзеге асыратын ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Елтаңба Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы КУӘЛІК

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан

      Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес _____________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      жүзеге асыру үшін аккредиттеледі (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________ қауіпсіздіктің түрі(-лері) бойынша

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      пайдалану (есеп айырысу әдістемесі(-лері) және (немесе) бағдарламалық - техникалық құралдары)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Куәлік 20__ жылғы "___"___________ дейін жарамды

      Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы немесе оның орынбасары

      ________________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      Сериясы ______ № _______________

      Берілген күні