"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. "Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 шілдедегі № 447 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 тамызда № 11861 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым | |
Министрі | А. Сәрінжіпов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген |
Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2017 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын (бұдан әрі – Курстар) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік – тиісті кәсіби қызмет шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажет кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;
2) курстан кейінгі мониторинг – бұл педагогика практикасының нақты жай-күйін білім беру ұйымдарында оқыту процесінің күтілетін нәтижелерімен салыстыру мақсатында арнайы ұйымдастырылған, ғылыми негізделген, үздіксіз, мақсатты түрде білім беру процесінің және сертификатталған педагогтердің курстан кейінгі қызметінің сапасын диагностикалау, болжамды қадағалау, бағалау және басқару жүйесі;
3) қорытынды бағалау – нәтижесінде сертификаттау туралы шешім қабылданатын, үміткердің біліктілікті беру схемасының талаптарына сәйкестігін белгілеуге көмектесетін процесс;
4) педагог кадрлар – біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде оқудан өтуші педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар;
5) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – сабақ беру мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңадан және бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;
6) педагог кадрларды курстан кейінгі қолдау – педагог кадрлардың білім беру қызметіне әдістемелік, консультациялық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешені, педагог кадрлардың кәсіби тапшылықтарын еңсеруге және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған, курстан кейінгі кезеңде олардың педагогикалық қызметін қадағалау;
7) сертификат – маман біліктілігінің біліктілік талаптарына, сондай-ақ нақты салаға арналған стандартқа сәйкестігін және кәсіби қызмет деңгейін растайтын құжат;
8) сертификаттау – маманның біліктілікке сәйкестігін растау және оған біліктілікті беру рәсімі. Сертификаттау тұлғаның біліктілік және құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді;
9) сертификатталған педагог кадрларды курстан кейінгі қолдау – білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың табысты оқуына ықпал ететін сертификатталған педагог кадрлардың мектептегі практикасының оңтайлы кәсіби дамуы және өзгеруі үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететін ресурстар, нысандар мен әдістер жүйесі;
10) сертификатталған тренер – тренерлерді даярлау бағдарламасы бойынша сертификатталатын оқудан өткен маман немесе педагогикалық қызметкер.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.06.2018 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Курстар білім беру деңгейлері бойынша құрылымдалады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
5) орта білімнен кейінгі білім беру;
6) жоғары білім беру;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
2-тарау. Курстарды ұйымдастыру тәртібі
4. Курстар:
1) еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны бойынша);
2) еңбек қызметінен қол үзу немесе жартылай қол үзу арқылы;
3) жеке білім беру бағдарламалары бойынша;
4) шетелде 1 жылға дейін мерзімге еңбек қызметінен қол үзу арқылы ұйымдастырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Курстарды педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын мынадай білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Ұйым) өткізеді: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы, "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы" акционерлік қоғамы, "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы", меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары, білім беру орталықтары, біліктілікті арттыру институттары мен заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әдістемелік кабинеттері және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері.
Шетелдегі курстарды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық) ұйымдастырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Курстарға тыңдаушыларды іріктеу білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен өткізіледі.
7. Курстарда оқуға үміткер педагог кадрларға мынадай талаптар белгіленеді:
1) жоғары білім және білім беру ұйымында кемінде 1 жыл педагогикалық жұмыс өтілінің болуы немесе техникалық және кәсіптік білім, білім беру ұйымында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
2) білім беру жүйесі қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу;
3) ағылшын тілінің базалық білімін игеруі (тілдік құзыреттілік бойынша курстар үшін).
8. "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы", "Мектептегі мұғалім көшбасшылығы", "Тиімді оқыту", "Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар", "Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар", "Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар", тілдік құзыреттілік, білім беру ұйымдарының басшылары білім беру бағдарламалары бойынша Курстарда оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
9. Курстарда оқуға үміткер педагогикалық қызметкер педагогикалық кеңестің қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 2 немесе 2-1-қосымшаларына сәйкес нысанда жазылған өтініш;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары тыңдаушысының сауалнамасы;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жұмыс орнынан лауазымы мен жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;
5) сертификаттар көшірмелері (бар болса);
6) шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік хат.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Жыл сайын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі:
1) 20 қыркүйекке дейін Курстарда оқуға үміткер педагогикалық қызметкерлердің құжаттарын қарайды;
2) 1 қазанға дейін:
аудандық (қалалық) білім бөліміне (бұдан әрі – Білім бөлімі) педагогика кадрларының Курстарға жіберілгені туралы еркін нысандағы өтінімді;
облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларына (бұдан әрі – Білім басқармасы) педагогика кадрларының курстарға жіберілгені туралы еркін нысандағы өтінімді келісуге ұсынады
11. Білім бөлімі жыл сайын 30 қарашаға дейін ұсынылған өтінімдерді қарайды және келісілген тыңдаушылардың тізімдерін Білім басқармасына бекітуге жолдайды.
12. Білім басқармасы жыл сайын 20 желтоқсанға дейін:
1) қысқа мерзімді Курстардың тыңдаушыларының тізімін Ұйымға;
2) ұзақ мерзімді Курстардың тыңдаушыларының тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік);
3) шетелдегі Курстардың тыңдаушыларының тізімін Министрлікке жолдайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жыл сайын 25 желтоқсанға дейін Курстарға оқуға үміткер педагогика кадрларының тізімдерін:
1) қысқа мерзімді Курстарға Ұйымдар;
2) ұзақ мерзімді Курстарға Министрлік жасайды.
Министрлік жыл сайын 25 желтоқсанға дейін шетелдегі Курстарда оқуға үміттенуші педагог кадрлардың тізімін Орталыққа жолдайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Курсқа тапсырыс беруші мен Ұйым арасында біліктілікті арттыру бойынша қызмет көрсету туралы жасалған шарт негізінде Курстарды өткізу Кестесі (бұдан әрі – Кесте) жасалады және Министрлікпен келісіледі.
14-1. Шетелдегі Курстарды педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік білім беру ұйымдары, халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары (бұдан әрі – Шетелдік ұйым) өткізеді.
Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14-2. Орталық пен Шетелдік ұйым арасында жасалған біліктілікті арттыру бойынша қызметтерді көрсету шартының негізінде Орталық Министрлікпен келісілетін Шетелдегі Курстарды өткізу кестесін әзірлейді.
Ескерту. 2-тарау 14-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Ұйым біліктілікті арттыру курстарын өткізуді Кестеге сәйкес келесі күнтізбелік жылдың басынан бастайды.
16. Тыңдаушыларды Курстарына қабылдау тыңдаушылар тізімінің негізінде Ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді
17. Білім басқармалары жыл сайын (жылына 2 рет – қаңтар, маусым) Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру курстары тыңдаушылары туралы Бірыңғай деректер базасына (бұдан әрі – Бірыңғай деректер базасы) "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) сәйкес "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінің әкімшілік есептілік нысандары бойынша мәліметтер жолдайды. Бірыңғай деректер базасы "Өрлеу" БАҰО" ресми интернет-порталында қолданыста болады.
3-тарау. Курстарды өткізу тәртібі
18. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес білім беру деңгейлері бойынша курс өткізу тақырыбы, нысаны, мазмұны және кәсіби оқыту ұзақтығына қарай өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктері болады
19. Курстарды Ұйымдардың келесі категориялары бар:
1) курстық даярлық бейіні бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар оқытушылар;
2) қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен дайындалған сертификатталған тренерлер;
3) курстық даярлық бейіні бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар өндірістік кәсіпорындардың мамандары мен қызметкерлері;
4) педагогикалық және бейінді мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы өткізеді.
20. Курстарды өткізу кезеңінде Ұйымдармен жекелеген дәрістерді оқу мен практикалық сабақтарды жүргізуде әдіскерлер, педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары, практиктер, өндірістік кәсіпорындардың мамандары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жұмыс берушілер қауымдастығы қызметкерлері тартылуы мүмкін.
21. Курстардың ұзақтығы:
1) қысқа мерзімді Курстар – кемінде 36 академиялық сағат;
2) ұзақ мерзімді Курстар – кемінде 108 академиялық сағат.
Шетелдегі Курстардың ұзақтығы:
1) қысқа мерзімді Курстар – 3 (үш) айға дейін;
2) ұзақ мерзімді Курстар – 1 (бір) жылға дейін.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
23. Білім беру бағдарламалары бойынша курстардың ұзақтығы:
1) "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" - 344 академиялық сағаттан кем емес, "Мектептегі мұғалім көшбасшылығы" - 320 академиялық сағаттан кем емес, "Тиімді оқыту" - кемінде 296 академиялық сағат.
2) "Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" - кемінде 350 академиялық сағат, "Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" мен "Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар" - кемінде 340 академиялық сағат;
3) Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Ағылшын тілі мұғалімдерінің тілдік және кәсіби құзыреттілігін арттыру" - кемінде 320 академиялық сағат, тілдік құзыреттілік бойынша – кемінде 320 академиялық сағат;
4) орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламасы бойынша курстардың ұзақтығы – кемінде 640 академиялық сағат;
5) Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламалары бойынша курстардың ұзақтығы – кемінде 240 академиялық сағат.
24. Ұзақ мерзімді Курстар аяқталған соң Ұйым тыңдаушылар білімінің қорытынды бағасын Ұйым бекіткен үлгіде бойынша өткізеді.
25. Курстардан өткен тыңдаушыларға Ұйым біліктілікті арттыру курсының тақырыбына сәйкес сертификат береді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.06.2018 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Келесі білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді курстарды сәтті аяқтаған тыңдаушыларға Ұйым сертификат береді:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы";
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Мектептегі мұғалім көшбасшылығы";
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Тиімді оқыту";
4) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар";
5) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар";
6) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар";
7) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының басшыларына.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.06.2018 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. 26-тармақта көрсетілген сертификат ала алмаған ұзақ мерзімді Курс тыңдаушыларына:
1) өз қаражаты есебінен бір жылда бір реттен артық емес білімін қайта бағалауға;
2) Курстың келесі легінің тыңдаушыларымен бірге білімін қайта бағалауға;
3) дәлелді себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір лектен екінші лекке ауысуға;
4) дәлелді себептерге байланысты аяқталмай қалған курсты растау құжаттарын ұсына отырып, аяқтап шығуға;
5) өз қаражаты есебінен дәлелді себептерге байланысты аяқталмай қалған курсты растау құжаттарын ұсына отырып, аяқтап шығуға (жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының оқытушылары үшін) мүмкіндік беріледі.
28. 26-тармақта көрсетілген, 2016 жылдың 1 қаңтарынан ұзақ мерзімді Курстардың тыңдаушыларының сертификатын алған педагогтерге келесі біліктілік деңгейінің мерзімінен бұрын берілуіне мүмкіндік беріледі.
29. Оқудан шығарылған тыңдаушылар Ұйым басшысының бұйрығына және Ұйым құрған ұзақ мерзімді курс тыңдаушыларының өтініштері мен шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес Ұйымның шығындарын өтейді.
30. Сертификатқа Ұйым басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының қолы қойылады және берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы жарамды.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Ұйымдар:
1) Сертификатталған педагог кадрларды курстан кейінгі қолдауды;
2) Педагог кадрларды курстан кейінгі қолдауды;
3) Курстан кейінгі қолдауды немесе курстан кейінгі сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін әдістемелік ресурстар мен инструментарийлерді, курстан кейінгі мониторингті жүргізу тетіктерін және/немесе диагностикалық инструментарийлерін әзірлеу және бекітуді (Білім басқармаларымен келісім бойынша) жүзеге асырады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.06.2018 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларымен Курстан кейінгі мониторингті жүргізеді.
33. Министрлікпен Курстан кейінгі мониторингті үйлестіріледі және Курстардың тиімділігі бағаланады.
34. Педагогикалық қызметкер Орталықпен біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасады.
Ескерту. 3-тарау 34-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Шарт Курстардан өтуді ұйымдастыру бойынша барлық шығыстарды төлеуге байланысты ақша аудару үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 3-тарау 35-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Курстар педагог қызметкердің біліктілігіне сәйкес тілдік дайындықты қамтиды.
Ескерту. 3-тарау 36-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Шетелдік ұйым Курстар аяқталған соң біліктілікті арттыру курстары тақырыбы бойынша сертификат (өз үлгісінде) береді.
Ескерту. 3-тарау 37-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Педагогикалық қызметкер Шетелдік ұйымнан шығарылуына алып келген теріс нәтижемен Курстан өткен жағдайда педагогикалық қызметкер Орталықтың Курстардан шетелде өтуді ұйымдастыруға байланысты нақты жұмсаған шығындарын өтеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 38-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 1 қосымша |
Білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткерге қойылатын талаптар
№ | "Мұғалімнің педагогикалық қоғамдастықтағы көшбасшылығы" |
1 |
Жоғары педагогикалық білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде тоғыз жыл педагогикалық өтіл; |
"Мұғалімнің мектептегі көшбасшылығы" | |
2 |
жоғары педагогикалық білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл немесе жоғары техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл; |
"Тиімді оқыту" | |
3 |
жоғары педагогикалық білім, кемінде үш жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл; |
"Мектептің жалпы педагогикалық процесіндегі жалпыадамдық құндылықтар" | |
4 |
Жоғары педагогикалық білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде тоғыз жыл педагогикалық өтіл; |
"Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" | |
5 |
Жоғары педагогикалық білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл; |
"Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар" | |
6 |
Жоғары педагогикалық білім, кемінде бір жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде үш жыл педагогикалық өтіл; |
тілдік құзырет бойынша | |
7 |
Жоғары педагогикалық білім, кемінде үш жыл педагогикалық өтіл немесе жоғары техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл; |
жалпы білім беретін ұйымдар басшылары | |
8 |
жоғары педагогикалық білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл немесе жоғары техникалық және кәсіптік білім (орта кәсіптік) білім кемінде тоғыз жыл педагогикалық өтіл; |
Өтініш
Мен, _____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
рассмотреть мою кандидатуру для обучения на курсах повышения квалификации
педагогических кадров Республики Казахстан по образовательной программе
_________________________________________тілінде оқытатын
____________________________________ топта білім беру бағдарламалары бойынша
Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру куррстарында оқу
үшін менің кандидатурамды қарауларыңызды сұраймын.
______________________________
(өтініш иесінің қолы)
"____" _____________ 201 __ жыл
(өтініш берілген күн)
Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 2-1-қосымша |
|
Нысан |
_____________________ басшысы
(ұйым атауы)
______________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған
жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
______________________________
(Т.А.Ә.)
______________________________
(лауазым)
Өтініш
Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен, _____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы педагог кадрларын шетелде біліктілігін арттыру бойынша
________________________________________________________________________ тобында
(оқу елі)
______________________ оқу тілінде ____ айлық/жылдық (3 айға немесе 1 жылға дейін)
курстарда оқу үшін менің кандидатурамды қарастыруңызды сұраймын.
______________________ 201 ___ жылғы "____"_________
(өтініш беруші қолы) (өтініш беру күні)
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 3 қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы педагогигикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстары тыңдаушысының Сауалнамасы
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |||
Туған күні | |||
Лауазымы | |||
Білімі | |||
Біліктілік санаты (дейін жарамды) | |||
Жұмыс орны(өңірі көрсетілген ұйымның толық атауы) | |||
Жалпы өтіл | |||
Педагогикалық өтіл | |||
Оқу тілі | |||
Ақпараттық технологияларды меңгеруі | |||
жарияланымдар (тақырыбы) | |||
Үйінің мекенжайы | |||
Байланыс телефондары | |||
Электроннды пошта | |||
Қосымша ақпарат | |||
Алдыңғы біліктілікті арттыру курстары | |||
№ | Курстың түрі мен тақырыбы | Өткен жері | Курстың ұзақтығы |
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 4 қосымша |
|
нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ |
МИНИСТЕРСТВО |
ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ |
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ ПОВЫШЕНИЯ |
Сертификат
Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы педагог |
окончил (а) курсы обучения учителей |
Ұйымның атауы _______________________________________________________________ |
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 5 қосымша |
|
Нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ |
МИНИСТЕРСТВО |
ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ |
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ ПОВЫШЕНИЯ |
Сертификат
Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы педагог |
окончил (а) курсы обучения учителей |
Ұйымның атауы _______________________________________________________________ |
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 6 қосымша |
|
Нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ |
МИНИСТЕРСТВО |
ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ |
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ ПОВЫШЕНИЯ |
Сертификат
Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы педагог |
окончил (а) курсы обучения учителей |
Ұйымның атауы _______________________________________________________________ |
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 7 қосымша |
|
Форма |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"БӨБЕК" ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ
ОРТАЛЫҒЫ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ
И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР "БОБЕК"
Сертификат
Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________
"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім |
окончил(а) курсы повышения квалификации |
Тақырыбы: Мектептің біртұтас |
Тема: Общечеловеческие ценности в |
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру |
Национальный научно-практический, |
Бас директор | Генеральный директор |
Ұйымның жетекшісі | Руководитель организации |
№ 00000000 | |
Берілген күні: |
Дата выдачи: |
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 8 қосымша |
|
Нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"БӨБЕК" ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ
ОРТАЛЫҒЫ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ
И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР "БОБЕК"
Сертификат
Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________
"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім |
окончил(а) курсы повышения |
Тақырыбы: Сыныптың біртұтас |
Тема: Общечеловеческие ценности в |
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, |
Национальный научно-практический, |
Бас директор | Генеральный директор |
Ұйымның жетекшісі | Руководитель организации |
№ 00000000 | |
Берілген күні: |
Дата выдачи: |
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 9 қосымша |
|
нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"БӨБЕК" ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ
ОРТАЛЫҒЫ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ
И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР "БОБЕК"
Сертификат
Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________
"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім |
окончил(а) курсы повышения |
Тақырыбы: Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар |
Тема: Общечеловеческие ценности в |
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, |
Национальный научно-практический, |
Бас директор | Генеральный директор |
Ұйымның жетекшісі | Руководитель организации |
№ 00000000 | |
Берілген күні: |
Дата выдачи: |
Приложение 10 к Правилам организации и проведения курсов повышения квалификации педагогических кадров форма |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ |
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ | |
Қазақстан Республикасы |
Программа повышения квалификации руководителей | |
Сертификат Т.А.Ә./Ф.И.О. _________________________________________________________________
Наименование организации Ұйымның жетекшісі ___________________________________________________________ Руководитель организации |
---|
D № 000000
Берілген күні: 20__ж. "___"_______ Дата выдачи: "__ "___20 __ г.