Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 447 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 тамызда № 11861 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8287 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 71 (28010) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А.Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 шілдедегі  
№ 447 бұйрығымен    
бекітілген        

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық

      1. Осы Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарына іріктеу, қабылдау, оқытуды жүргізу және қорытынды бағалау шарттарын нақтылайды.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламалары бойынша білім берудің пилоттық ұйымы – «Өзін-өзі тану» РАББ-ті бірыңғай педагогикалық процеске интеграциялау бойынша ұйымдастырушы ретінде қызмет ететін өңірлердегі білім беру ұйымы;
      2) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру - бұрыннан алған кәсіби білімін, үйрете білуі мен дағдысын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;
      3) педагогикалық кеңес – білім беру ұйымын алқалы басқару нысаны;
      4) сертификатталған педагог қызметкер – тиісті бағдарлама бойынша курстарда оқуды табысты аяқтаған педагог;
      5) сертификатталған тренер:
      - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі - «НЗМ» ДБҰ ПШО) мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесіп дайындаған деңгейлік бағдарламалар және/немесе Басшылар бағдарламасы бойынша оқытудан өткен және Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесінің тиісті деңгейдегі сертификатын алған;
      - «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты (бұдан әрі - «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ) дайындаған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру деңгейлік бағдарламалары (бұдан әрі - «Өзін-өзі тану» РАББ) бойынша оқытудан өткен және тиісті деңгейде сертификат алған педагог қызметкер.
      3. Деңгейлік бағдарламалар бойынша және Басшылар бағдарламасы бойынша курстарды Қазақстан Республикасының келесі білім беру ұйымдары:
      1) үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі бағдарламалар, сондай-ақ Басшылар бағдарламасы бойынша - «НЗМ» ДБҰ ПШО және оның филиалдары;
      2) үшінші (базалық), екінші (негізгі) деңгейлердегі бағдарламалар бойынша - «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Өрлеу» БАҰО» АҚ) және оның филиалы «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Республикалық білім беру жүйесі басшылығы мен ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институты»;
      3) үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары;
      4) үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша - педагогикалық мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары өткізеді.
      4. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курстарды Қазақстан Республикасының келесі білім беру ұйымдары:
      1) «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ - екінші (негізгі) деңгей және бірінші (ілгері) деңгей бағдарламалары бойынша;
      2) «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның облыстық филиалдары - үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша өткізеді.
      5. Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстардың ұзақтығы:
      - Бірінші (ілгері) деңгейдегі курс ұзақтығы кемінде 464 сағатты, оның ішінде:
      1) аудиториялық оқыту - кемінде 200 академиялық сағатты;
      2) мектептегі практика - кемінде 144 академиялық сағатты;
      3) аудиториялық оқыту - кемінде 120 академиялық сағатты құрайды.
      - Екінші (негізгі) деңгейдегі курс ұзақтығы кемінде 440 академиялық сағатты, оның ішінде:
      1) аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты;
      2) мектептегі практика - кемінде 120 академиялық сағатты;
      3) аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты құрайды.
      - Үшінші (базалық) деңгейдегі курс ұзақтығы кемінде 416 академиялық сағатты, оның ішінде:
      1) аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты;
      2) мектептегі практика - кемінде 96 академиялық сағатты;
      3) аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты құрайды.
      6. Басшылар бағдарламасы бойынша курс ұзақтығы кемінде 640 академиялық сағатты, оның ішінде:
      1) аудиториялық оқытудың бірінші кезеңі - кемінде 160 академиялық сағатты;
      2) «Мектептегі практика» бірінші кезеңі - кемінде 80 академиялық сағатты;
      3) аудиториялық оқытудың екінші кезеңі - кемінде 160 академиялық сағатты;
      4) «Мектептегі практика» екінші кезеңі - кемінде 240 академиялық сағатты құрайды.
      7. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курстардың ұзақтығы:
      - Бірінші (ілгері) деңгейдегі курс ұзақтығы кемінде 440 академиялық сағатты, оның ішінде:
      1) «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту - кемінде 120 академиялық сағатты;
      2) «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңі, мектептегі практика - кемінде 240 академиялық сағатты;
      3) «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңі, аудиториялық оқыту - кемінде 80 академиялық сағатты құрайды.
      - Екінші (негізгі) деңгейдегі курс ұзақтығы кемінде 420 академиялық сағатты, оның ішінде:
      1) «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты;
      2) «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңі, мектептегі практика - кемінде 180 академиялық сағатты;
      3) «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңі, аудиториялық оқыту - кемінде 80 академиялық сағатты құрайды.
      - Үшінші (базалық) деңгейдегі курс ұзақтығы кемінде 420 академиялық сағатты құрайды, оның ішінде:
      1) «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты;
      2) «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңі, мектептегі практика - кемінде 180 академиялық сағатты;
      3) «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңі, аудиториялық оқыту - кемінде 80 академиялық сағатты құрайды.
      8. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
      9. Деңгейлік бағдарлама курстарын Кембридж университеті сарапшыларының қатысуымен «НЗМ» ДБҰ ПШО-да тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша даярланған, сертификатталған тренерлер жүргізеді.
      10. Басшылар бағдарламасы бойынша курсты Кембридж университеті сарапшыларының қатысуымен «НЗМ» ДБҰ ПШО-да Басшылар бағдарламасы бойынша даярланған, сертификатталған тренерлер жүргізеді.
      11. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курстарды «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ-да тиісті деңгей бойынша даярланған, сертификатталған тренерлер жүргізеді.
      12. Сертификатталған тренерлер құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізімі, «НЗМ» ДБҰ және «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ тізімдерінің негізінде құрылады.
      13. Деңгейлік бағдарламалар бойынша курста оқуға үміткер болып табылатын педагог қызметкер білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің қарауына келесі құжаттарды ұсынады:
      1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініш;
      2) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған деңгейлік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсына арналған сауалнама;
      3) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) лауазымы және жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан алынған анықтама;
      5) оқу және қоғамдық өмірдегі жетістіктерді растайтын грамоталар, дипломдар, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмесі.
      14. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі:
      1) жыл сайын 20 қыркүйекке дейін осы Нұсқаулықтың 13-тармағында көрсетілген Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарда оқуға үміткер болып табылатын педагог қызметкерлердің құжаттарын қарайды;
      2) жыл сайын 1 қазанға дейін осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Біліктілікті арттыру курстарына педагог кадрларды бағыттау туралы хаттамамен (бұдан әрі - Хаттама) ресімделген Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарына педагог қызметкерлерді жіберу туралы шешімді аудандық (қалалық) білім бөліміне келісуге ұсынады.
      15. Басшылар бағдарламасы бойынша курста оқуға үміткер болып табылатын педагог қызметкер жыл сайын 1 қазанға дейін аудандық (қалалық) білім бөлімінің қарауына келесі құжаттарды ұсынады:
      1) осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініш;
      2) осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарының басшылары бағдарламасы курсына арналған сауалнама;
      3) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) лауазымы мен жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама;
      5) оқу және қоғамдық өмірдегі жетістіктерді растайтын грамоталар, дипломдар, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмелері.
      16. Аудандық (қалалық) білім бөлімі Хаттаманы жыл сайын 1 қарашаға дейін қарайды және Басшылар бағдарламасы бойынша курста оқуға үміткер болып табылатын педагог қызметкерлердің, Хаттамамен ресімделген тыңдаушылардың тізімдерін осы Нұсқаулықтың 20-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына (бұдан әрі – ББ) бекітуге жібереді.
      17. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курста оқуға үміткер болып табылатын педагог қызметкер білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің қарауына келесі құжаттарды ұсынады:
      1) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогикалық қызметкерлердің «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курсына арналған сауалнама;
      3) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) лауазымы және жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама;
      5) кәсіби және қоғамдық қызметіндегі жетістіктерді растайтын грамоталар, дипломдар, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмесі.
      18. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курс тыңдаушысының кандидатурасын бекіту рәсімі келесі түрде:
      1) «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курстарын оқуға үміткерлердің немесе осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көрсетілген «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ сертификатталған тренерлер ұсынған мамандардың құжаттарын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жыл сайын ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін қарастырады;
      2) әрбір кандидатура өз өңіріндегі «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ сертификатталған тренерінен әңгімелесу және келісуден өтеді;
      3) тыңдаушының келісілген кандидатурасы 30 қазанға дейін ББ-ге жіберіледі.
      19. ОББ жыл сайын 30 қарашаға дейін тыңдаушылардың тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жолдайды.
      20. Министрлік курстарға оқуға үміткер педагог қызметкерлердің бекітілген тізімін (бұдан әрі – Тізім) жыл сайын 15 желтоқсанға дейін «НЗМ» ДБҰ ПШО-ға, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ға және «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ-ға (бұдан әрі - Ұйымдар):
      1) ББ бекіткен Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдарының;
      2) білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңестері бекіткен республикалық мамандандырылған орта білім беру ұйымдарының;
      3) «НЗМ» ДБҰ бекіткен Назарбаев зияткерлік мектептерінің тізімдерін жолдайды.
      21. Ұйымдар Деңгейлік бағдарламалар, Басшылар бағдарламасы бойынша, «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курстар өткізуді Ұйымдар бекіткен оқу кестесіне сәйкес келесі күнтізбелік жылдың басынан бастайды.
      22. Тыңдаушыларды Курстарға қабылдау осы Нұсқаулықтың 20-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген Тізімдер негізінде біліктілік арттыру курстарын өткізетін Ұйымдар басшыларының бұйрығымен рәсімделеді.
      Белгілі бір себептерге байланысты үміткердің курсты өтуге мүмкіншілігі болмаған жағдайда (денсаулық жағдайы, басқа кәсіби саладағы қызметке ауысуы және т.б.) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы мен келісімі бойынша тізімдегі тыңдаушыларды Ұйымдар алмастырады.
      23. Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды аяқтаған соң тыңдаушылардың дайындық деңгейіне қорытынды бағалау жүргізіледі.
      24. «НЗМ» ДБҰ Педагогикалық өлшемдер орталығы (бұдан әрі - «НЗМ» ДББҰ ПӨО) тыңдаушылардың дайындық деңгейіне қорытынды бағалауды:
      1) Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарда оқу кезеңінде дайындалған портфолио;
      2) қашықтықтан оқыту кезеңінде Ұйымда өткізілген сабақтар негізінде дайындалған презентациялар;
      3) тестілеу түрінде біліктілік емтиханын тапсыру (жазбаша түрде) негізінде жүргізіледі.
      25. «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ тыңдаушылардың дайындық деңгейіне қорытынды бағалауды аудиториялық оқыту, мектеп практикасы және ауызша түрде біліктілік емтиханын тапсыру кезеңінде дайындалған портфолия, презентациялар негізінде жүргізеді.
      26. Біліктілік емтиханы өту балының шекті деңгейі: ең жоғарғы шаманың үшінші (базалық) деңгейі бойынша – 40 %, екінші (негізгі) деңгейі бойынша – 50%, бірінші (ілгері) деңгейі бойынша – 60%-ды құрайды.
      27. «НЗМ» ДБҰ ПӨО Басшылар бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған тыңдаушыларға қорытынды бағалауды Басшылар бағдарламасы бойынша курсты оқу кезеңінде дайындаған портфолиосы бойынша жүргізеді.
      28. Қорытынды бағалаудың нәтижесі бойынша «НЗМ» ДБҰ ПӨО, «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ сертификаттауға ұсынылған тыңдаушылардың тізімін анықтайды және оны Ұйымдарға, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 20-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес тізімдерді бекіткен ұйымдарға жібереді.
      29. Курстарды аяқтаған, қорытынды бағалаудан сәтті өткен тыңдаушыларға Ұйымдар тиісті бағдарламалар бойынша:
      1) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үшінші (базалық) деңгей;
      2) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші (негізгі) деңгей;
      3) осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші (ілгері) деңгей;
      4) осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басшылар бағдарламасы;
      5) осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Өзін-өзі тану» РАББ үшінші (базалық) деңгей;
      6) осы Нұсқаулыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Өзін-өзі тану» РАББ екінші (негізгі) және бірінші (ілгері) деңгейлер бойынша сертификат береді.
      30. Сертификат бағдарламаның тиісті деңгейін растайды және берілген күннен бастап 5 жыл бойы жарамды болады.
      31. Көрсетілген мерзім аяқталған соң педагог қызметкерлер қайталау курстарынан өтпей-ақ бағдарлама деңгейін «НЗМ» ДБҰ ПӨО-да қорытынды бағалаудан өту арқылы растайды.
      32. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша педагог өзінің біліктілігін «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ - да (негізгі және ілгері деңгейлер) дәлелдеп немесе «Өрлеу» БАҰО АҚ - да (базалық деңгей) қайталау курсынан өтпей-ақ бағдарлама бойынша деңгейін қорытынды бағалаудан өту арқылы растайды.
      33. Деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификат ала алмаған курс тыңдаушыларына:
      1) Деңгейлік бағдарламалар бойынша қайталау курстарынан өтпей-ақ бір жылда бір реттен артық емес өз қаражаты есебінен біліктілік емтиханын қайта тапсыруға;
      2) Деңгейлік бағдарламалар бойынша келесі курс тыңдаушыларымен бірге портфолионы қайта тапсыруға;
      3) белгілі бір себептерге байланысты растайтын құжаттарын ұсына отырып, Деңгейлік бағдарламалар бойынша үзілген курсты аяқтауға;
      4) белгілі бір себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір лектен екінші лекке ауысуға мүмкіндіктер беріледі.
      34. Басшылар бағдарламасы бойынша сертификат ала алмаған курс тыңдаушыларына:
      1) Басшылар бағдарламасы бойынша қайталау курсынан өтпей-ақ бір жылда бір реттен артық емес өз қаражаты есебінен портфолионы қайта тапсыруға;
      2) белгілі бір себептерге байланысты растайтын құжаттарын ұсына отырып, Басшылар бағдарламасы бойынша үзілген курсты аяқтауға мүмкіндіктер беріледі.
      35. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша сертификат ала алмаған курс тыңдаушыларына:
      1) қайталау курсынан өтпей-ақ бір жылда бір реттен артық емес өз қаражаты есебінен біліктілік емтиханын қайта тапсыруға;
      2) курстың келесі легінің тыңдаушыларымен бірге портфолионы қайта тапсыруға;
      3) белгілі бір себептерге байланысты үзілген курсты растайтын құжаттарын ұсына отырып, білім беру саласы бойынша уәкілетті орган шешімінің негізінде ағымдағы жылдың ішінде аяқтауға;
      4) белгілі бір себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір лектен екінші лекке ауысуға мүмкіндіктер беріледі.
      36. Оқудан шығарылған тыңдаушылар Ұйым басшысының бұйрығына және Ұйым құрған курс тыңдаушыларының өтініштері мен арыз-шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес Ұйым шығындарын өтейді.

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
1-қосымша          

нысан

Оқу орнының басшысына
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)

Кімнен_________________________
тегі           
_______________________________
аты            
______________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________
лауазымы         

ӨТІНІШ

      Мен, __________________________________________________________
                               (Т.А.Ә.)
      Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясындағы ____________ тілінде
оқытылатын топта ________________________ деңгейдегі курсқа қатысу
үшін менің кандидатурамды қарастыруыңызды сұраймын.

___________________                       «____» __________ 20 __ жыл
     (қолы)                                   (өтініш берген күні)

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
2-қосымша           

нысан

Деңгейлік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін арттыру курстарына қатысу
САУАЛНАМАСЫ

Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Туған күні, айы, жылы


Лауазымы


Білімі


Біліктілік санаты (жарамдылық мерзімі)


Жалпы еңбек өтілі


Педагогикалық еңбек өтілі


Курстарда оқу тілі


Ақпараттық технологияларды меңгеруі


Жарияланымдары (тақырыптары)


Тұратын мекенжайы


Байланыс телефондары


е-mail


Алдындағы біліктілікті арттыру курстары


Курс түрі және тақырыбы

Өткізілетін орны

Курстың ұзақтығы













Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
3-қосымша          

нысан

Аудандық (қалалық) білім бөлімі
Біліктілікті арттыру курсына педагог қызметкерлерді жіберу
туралы хаттама

      Педагогикалық кеңестің 20___ жылғы «_____» ____________________
№ ______ шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
                        (Жолдаушы ұйымның атауы)
___________________________________________________ деңгейдегі
бағдарлама бойынша 20 ___ жылғы ___________________________ бастап
____________ аралығындағы мерзімге біліктілікті арттыру курсына
_____________________________________________________________________
(Қосымша білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыратын мекеменің
атауы)
_____________________________________________________________________
      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)

      жолдама береді.

      ________________________       ______ «____» __________ 20__ ж.
      Жіберетін ұйымның басшысы      МО (Қолы)

      «КЕЛІСІЛДІ»________ ______               «____» _______ 20__ ж.
      Аудандық (қалалық) білім бөлімінің басшысы МО (Қолы)
      Т.А.Ә (бар болған жағдайда)

      «КЕЛІСІЛДІ»________________ ______ «____» __________ 20__ ж.
      Облыстардың, Астана және Алматы     МО (Қолы)
      қалаларының білім басқармаларының
      басшысы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
4-қосымша          

нысан

Аудандық (қалалық) білім бөліміне
_________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі –
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

Кімнен_________________________
тегі             
________________________________
аты              
________________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________
лауазымы           

ӨТІНІШ

      Мен, __________________________________________________________
                          (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)
____________ тілінде оқытылатын топта Қазақстан Республикасының жалпы
білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсына қатысу
үшін менің кандидатурамды қарастыруыңызды сұраймын.

      _______________                 «____» ______________ 20 __ жыл
      (өтініш иесінің қолы)           (өтініш берген күні)

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
5-қосымша          

нысан

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының
біліктілігін арттыру курстарына қатысу
САУАЛНАМАСЫ

Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Туған күні, айы, жылы


Лауазымы


Білімі


Біліктілік санаты (жарамдылық мерзімі)


Жалпы еңбек өтілі


Педагогикалық еңбек өтілі


Курстарда оқу тілі


Ақпараттық технологияларды меңгеруі


Жарияланымдары (тақырыптары)


Тұратын мекенжайы


Байланыс телефондары


е-mail


Алдындағы біліктілікті арттыру курстары


Курс түрі және тақырыбы

Өткізілетін орны

Курстың ұзақтығы













Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
6-қосымша          

нысан

Оқу орнының басшысына
_______________________________
тегі, аты және әкесінің аты
(бұдан әрі - Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Кімнен _______________________
тегі         
______________________________
аты          
______________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________
лауазымы         

ӨТІНІШ

      Мен, __________________________________________________________
                        (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
      ____________ тілінде оқытылатын топта «Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін
арттыру курсына қатысу үшін менің кандидатурамды қарастыруыңызды
сұраймын.

      _______________                   «____» ______________ 20_ жыл
      (өтініш иесінің қолы)            (өтініш берген күні)

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
7-қосымша          

нысан

«Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламасы бойынша педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына қатысу
САУАЛНАМАСЫ

Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Тұратын мекенжайы (облыс, қала), ұялы телефоны, электрондық поштасы


Жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі (бар болса)


Педагогикалық өтілі


Қандай тілдерді меңгерген?
Қазақ тілі: лекция оқимын; сөйлесу тілін білемін; білмеймін.
Орыс тілі: лекция оқимын; сөйлесу тілін білемін; білмеймін.
Қосымша қандай тілдерді білесіз?


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша курстардан өтуді не себепті қалайсыз?


Сіздің пікіріңіз бойынша өзін-өзі тану деген не?


Адам өз өмірінде қаншалықты ар-ұятты болу керек? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз


Әрқашан шындықты айту керек пе? Неге?


Мұғалім өзі оқытатын қасиеттерді білуі керек пе? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз


Адамгершілік құндылықтар туралы пікіріңіз: ШЫНДЫҚ, ДҰРЫС МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ТЫНЫШТЫҚ, МАХАББАТ, ЕРІКСІЗ МӘЖБҮРЛЕМЕУ


Өзін-өзі тану пәні енгізілгеннен кейін Сіздің өміріңізде өзгерістер болды ма? Не өзгерді?


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын іске асыруда Сіздің пікіріңіз бойынша қандай мәселелер шешімін таппады? Сіз пікіріңізше мәселені шешудің жолдары қандай?


Алдындағы біліктілікті арттыру курстары


Курс түрі және тақырыбы

Өткізілетін орны

Курстың ұзақтығы













Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
8-қосымша          

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

УРОВНЕВЫЕ ПРОГРАММЫ
ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/Ф.И.О.(при его наличии)
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін арттырудың
деңгейлік бағдарламалары аясында
үшінші (базалық) деңгей
бағдарламасы бойынша мұғалімдерді
оқыту курстарын аяқтады

окончил (а) курсы обучения
учителей по программе третьего
(базового) уровня в рамках
уровневых программ повышения
квалификации педагогических кадров
Республики Казахстан

Ұйымның атауы _________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетекшісі ______________________________________________
Руководитель организации

III № 000000

Берілген күні: 20__ж. «_____»____ Дата выдачи: «_____» ____ 20 __ г.

III

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
9-қосымша          

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

УРОВНЕВЫЕ ПРОГРАММЫ
ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/Ф.И.О.(при его наличии)
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін арттырудың
деңгейлік бағдарламалары аясында
екінші (негізгі) деңгей
бағдарламасы бойынша мұғалімдерді
оқыту курстарын аяқтады

окончил (а) курсы обучения
учителей по программе второго
(основного) уровня в рамках
уровневых программ повышения
квалификации педагогических кадров
Республики Казахстан

Ұйымның атауы ________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетекшісі ______________________________________________
Руководитель организации

II № 000000

Берілген күні: 20__ж. «_____»_____ Дата выдачи: «_____» ____ 20 __ г.

II

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
10-қосымша          

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

УРОВНЕВЫЕ ПРОГРАММЫ
ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/Ф.И.О.(при его наличии)
______________________________________________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін
арттырудың деңгейлік
бағдарламалары аясында бірінші
(ілгері) деңгей бағдарламасы
бойынша мұғалімдерді оқыту
курстарын аяқтады

окончил (а) курсы обучения
учителей по программе первого
(продвинутого) уровня в
рамках уровневых программ
повышения квалификации
педагогических кадров
Республики Казахстан

Ұйымның атауы __________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетекшісі ______________________________________________
Руководитель организации

I № 000000

Берілген күні: 20__ж. «_____»___ Дата выдачи: «_____» ____ 20 __ г.

І

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
11-қосымша          

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Қазақстан Республикасы
жалпы білім беру ұйымдары
басшыларының біліктілігін
арттыру бағдарламасы

Программа повышения
квалификации руководителей
общеобразовательных
организаций
Республики Казахстан

СЕРТИФИКАТ

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/Ф.И.О.(при его наличии)
______________________________________________________________

Қазақстан Республикасының
жалпы білім беру ұйымдары
басшыларының біліктілігін
арттыру бағдарламасы бойынша
курсты аяқтады

окончил (а) курсы по
Программе повышения
квалификации руководителей
общеобразовательных
организаций Республики
Казахстан

Ұйымның атауы _____________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетекшісі _____________________________________________
Руководитель организации

D № 000000

Берілген күні: 20__ж. «_____»___ Дата выдачи: «_____» ____ 20 __ г.

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
12-қосымша          

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ
ОРТАЛЫҒЫ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ И
ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР «БОБЕК»

СЕРТИФИКАТ

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/Ф.И.О.(при его наличии)
______________________________________________________________

«Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасы бойынша
мұғалімдер біліктілігін
арттыру деңгейлік курсын
бітіріп шықты

окончил(а) уровневые курсы
повышения квалификации
учителей по программе
нравственно-духовного
образования «Самопознание»

Үшінші (базалық) деңгей

«Бөбек» ұлттық
ғылыми-практикалық, білім беру
және сауықтыру орталығы
Национальный
научно-практический,
образовательный и
оздоровительный центр «Бобек»

Ұйымның атауы
Наименование организации

Бас директор
Генеральный директор

Ұйымның жетекшісі
Руководитель организации

Берілген күні:
Дата выдачи: 20__ж.
"___"_________

Уровень третий (базовый)

"Өрлеу" біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы" АҚ
АО "Национальный центр
повышения квалификации
"Өрлеу"

Ұйымның атауы
Наименование организации

Басқарма төрағасы
Председатель правления

Ұйымның жетекшісі
Руководитель организации

№ 00000000

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру     
жөніндегі нұсқаулыққа    
13-қосымша          

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ
И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР «БОБЕК»

СЕРТИФИКАТ

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/Ф.И.О.(при его наличии)
______________________________________________________________

«Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік
білім беру бағдарламасы
бойынша мұғалімдер
біліктілігін арттыру
деңгейлік курсын бітіріп
шықты.

окончил(а) уровневые курсы
повышения квалификации учителей
по программе
нравственно-духовного образования
«Самопознание»

Деңгей _________________

Уровень _________________________

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы
Национальный научно-практический, образовательный и оздоровительный
центр «Бобек»

      Ұйымның атауы                          Наименование организации

      Бас директор
      Генеральный директор

      Ұйымның жетекшісі
      Руководитель организации

      Берілген күні:
      Дата выдачи: 20___ж. "___"___________

      № 00000000