Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13420 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 шілдедегі № 447 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 тамызда № 11861 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым


Министрі

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 95 бұйрығымен
бекітілген

Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2017 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын (бұдан әрі – Курстар) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік – тиісті кәсіби қызмет шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажет кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

      2) қорытынды бағалау – нәтижесінде сертификаттау туралы шешім қабылданатын, үміткердің біліктілікті беру схемасының талаптарына сәйкестігін белгілеуге көмектесетін процесс;

      3) мектеп практикасындағы өзгерістердің курстан кейінгі мониторингі және бағдарламаның түйінді идеяларын енгізудің тиімділігі – бұл мектеп практикасының нақты жай-күйін күтілетін нәтижелермен салыстыру мақсатында арнайы ұйымдастырылған, ғылыми негізделген, үздіксіз, мақсатты түрде білім беру процесінің және сертификатталған педагогтердің курстан кейінгі қызметінің сапасын диагностикалау, болжамды қадағалау, бағалау және басқару жүйесі;

      4) педагог кадрлар – біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде оқудан өтуші педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар

      5) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – сабақ беру мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңадан және бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      6) сертификат – маман біліктілігінің біліктілік талаптарына, оның ішінде нақты салаға арналған стандартқа сәйкестігін және кәсіби қызмет деңгейін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

      7) сертификаттау – маманның біліктілікке сәйкестігін растау және оған біліктілікті беру рәсімі. Сертификат тұлғаның біліктілік және құзыреттілік деңгейіне сәйкестігін белгілейді;

      8) сертификатталған педагог кадрларды курстан кейінгі қолдау – Қазақстан мектептерінде оқушылардың табысты оқуына ықпал ететін сертификатталған педагог кадрлардың мектептегі практикасының оңтайлы кәсіби дамуы және өзгеруі үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететін ресурстар, нысандар мен әдістер жүйесі.

      9) сертификатталған тренер – тренерлерді даярлау бағдарламасы бойынша сертификатталатын оқудан өткен маман немесе педагогикалық қызметкер.

      3. Курстар білім беру деңгейлері бойынша құрылымдалады:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

      2) бастауыш білім беру;

      3) негізгі орта білім беру;

      4) орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);

      5) орта білімнен кейінгі білім беру;

      6) жоғары білім беру;

      7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

2-тарау. Курстарды ұйымдастыру тәртібі

      4. Курстар:

      1) еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны);

      2) еңбек қызметінен толық қол үзу немесе жартылай қол үзу арқылы;

      3) жеке білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады.

      5. Курстарды педагог кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мынадай білім беру ұйымдары өткізеді (бұдан әрі – Ұйымдар): "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы, "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы" акционерлік қоғамы, "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы", меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындар, білім беру орталықтар, біліктілікті арттыру институттар мен заңды тұлғалар, сонымен қатар облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әдістемелік кабинеттері және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері.

      6. Курстарға тыңдаушыларды іріктеу білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен өткізіледі.

      7. Курстарда оқуға үміткер педагог кадрларға мынадай талаптар белгіленеді:

      1) жоғары білім және білім беру ұйымында кемінде 1 жыл педагогикалық жұмыс өтілінің болуы немесе техникалық және кәсіптік білім, білім беру ұйымында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

      2) білім беру жүйесі қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу;

      3) ағылшын тілінің базалық білімін игеруі (тілдік құзыреттілік бойынша курстар үшін).

      8. "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы", "Мектептегі мұғалім көшбасшылығы", "Тиімді оқыту", "Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар", "Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар", "Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар", тілдік құзыреттілік, білім беру ұйымдарының басшылары білім беру бағдарламалары бойынша Курстарда оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      9. Курстарда оқуға үміткер педагогикалық қызметкер педагогикалық кеңестің қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда жазылған өтініш;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары тыңдаушысының сауалнамасы;

      3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) жұмыс орнынан лауазымы мен жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;

      5) сертификаттар көшірмелері (бар болса).

      10. Жыл сайын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі:

      1) 20 қыркүйекке дейін Курстарда оқуға үміткер педагогикалық қызметкерлердің құжаттарын қарайды;

      2) 1 қазанға дейін:

      аудандық (қалалық) білім бөліміне (бұдан әрі – Білім бөлімі) педагогика кадрларының Курстарға жіберілгені туралы еркін нысандағы өтінімді;

      облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларына (бұдан әрі – Білім басқармасы) педагогика кадрларының курстарға жіберілгені туралы еркін нысандағы өтінімді келісуге ұсынады

      11. Білім бөлімі жыл сайын 30 қарашаға дейін ұсынылған өтінімдерді қарайды және келісілген тыңдаушылардың тізімдерін Білім басқармасына бекітуге жолдайды.

      12. Білім басқармасы жыл сайын 20 желтоқсанға дейін:

      1) қысқа мерзімді Курстардың Ұйымдарға;

      2) ұзақ мерзімді Курстардың тыңдаушылардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) бекітілген тізімін жолдайды.

      13. Жыл сайын 25 желтоқсанға дейін Курстарға оқуға үміткер педагогика кадрларының тізімдерін:

      1) қысқа мерзімді Курстардың тізімін Ұйымдар;

      2) ұзақ мерзімді Курстардың тізімін Министрлік жасайды.

      14. Курсқа тапсырыс беруші мен Ұйым арасында біліктілікті арттыру бойынша қызмет көрсету туралы жасалған шарт негізінде Курстарды өткізу Кестесі (бұдан әрі – Кесте) жасалады және Министрлікпен келісіледі.

      15. Ұйым біліктілікті арттыру курстарын өткізуді Кестеге сәйкес келесі күнтізбелік жылдың басынан бастайды.

      16. Тыңдаушыларды Курстарына қабылдау тыңдаушылар тізімінің негізінде Ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді

      17. Білім басқармалары жыл сайын (жылына 2 рет – қаңтар, маусым) Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру курстары тыңдаушылары туралы Бірыңғай деректер базасына (бұдан әрі – Бірыңғай деректер базасы) "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) сәйкес "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінің әкімшілік есептілік нысандары бойынша мәліметтер жолдайды. Бірыңғай деректер базасы "Өрлеу" БАҰО" ресми интернет-порталында қолданыста болады.

3-тарау. Курстарды өткізу тәртібі

      18. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес білім беру деңгейлері бойынша курс өткізу тақырыбы, нысаны, мазмұны және кәсіби оқыту ұзақтығына қарай өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктері болады

      19. Курстарды Ұйымдардың келесі категориялары бар:

      1) курстық даярлық бейіні бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар оқытушылар;

      2) қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен дайындалған сертификатталған тренерлер;

      3) курстық даярлық бейіні бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар өндірістік кәсіпорындардың мамандары мен қызметкерлері;

      4) педагогикалық және бейінді мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы өткізеді.

      20. Курстарды өткізу кезеңінде Ұйымдармен жекелеген дәрістерді оқу мен практикалық сабақтарды жүргізуде әдіскерлер, педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары, практиктер, өндірістік кәсіпорындардың мамандары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жұмыс берушілер қауымдастығы қызметкерлері тартылуы мүмкін.

      21. Курстардың ұзақтығы:

      1) қысқа мерзімді Курстар – кемінде 36 академиялық сағат;

      2) ұзақ мерзімді Курстар – кемінде 108 академиялық сағат;

      22. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.

      23. Білім беру бағдарламалары бойынша курстардың ұзақтығы:

      1) "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" - 344 академиялық сағаттан кем емес, "Мектептегі мұғалім көшбасшылығы" - 320 академиялық сағаттан кем емес, "Тиімді оқыту" - кемінде 296 академиялық сағат.

      2) "Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" - кемінде 350 академиялық сағат, "Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" мен "Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар" - кемінде 340 академиялық сағат;

      3) Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Ағылшын тілі мұғалімдерінің тілдік және кәсіби құзыреттілігін арттыру" - кемінде 320 академиялық сағат, тілдік құзыреттілік бойынша – кемінде 320 академиялық сағат;

      4) орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламасы бойынша курстардың ұзақтығы – кемінде 640 академиялық сағат;

      5) Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламалары бойынша курстардың ұзақтығы – кемінде 240 академиялық сағат.

      24. Ұзақ мерзімді Курстар аяқталған соң Ұйым тыңдаушылар білімінің қорытынды бағасын Ұйым бекіткен үлгіде бойынша өткізеді.

      25. Курстардан өткен тыңдаушыларға Ұйым біліктілікті арттыру курсының тақырыбына сәйкес сертификат (белгіленген формада және /немесе өз үлгісінде) береді.

      26. Келесі білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді курстарды сәтті аяқтаған тыңдаушыларға Ұйым сертификат береді:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы";

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Мектептегі мұғалім көшбасшылығы";

      3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Тиімді оқыту";

      4) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар";

      5) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар";

      6) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар";

      7) Қазақстан Республикасы орта білім беру басшыларына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда Министрлікпен келісілген үлгіде Ұйымдармен сертификат беріледі.

      27. 26-тармақта көрсетілген сертификат ала алмаған ұзақ мерзімді Курс тыңдаушыларына:

      1) өз қаражаты есебінен бір жылда бір реттен артық емес білімін қайта бағалауға;

      2) Курстың келесі легінің тыңдаушыларымен бірге білімін қайта бағалауға;

      3) дәлелді себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір лектен екінші лекке ауысуға;

      4) дәлелді себептерге байланысты аяқталмай қалған курсты растау құжаттарын ұсына отырып, аяқтап шығуға;

      5) өз қаражаты есебінен дәлелді себептерге байланысты аяқталмай қалған курсты растау құжаттарын ұсына отырып, аяқтап шығуға (жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының оқытушылары үшін) мүмкіндік беріледі.

      28. 26-тармақта көрсетілген, 2016 жылдың 1 қаңтарынан ұзақ мерзімді Курстардың тыңдаушыларының сертификатын алған педагогтерге келесі біліктілік деңгейінің мерзімінен бұрын берілуіне мүмкіндік беріледі.

      29. Оқудан шығарылған тыңдаушылар Ұйым басшысының бұйрығына және Ұйым құрған ұзақ мерзімді курс тыңдаушыларының өтініштері мен шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес Ұйымның шығындарын өтейді.

      30. Сертификатқа Ұйым басшысының қолы қойылады және берілген күннен бастап 5 жыл бойы жарамды

      31. Ұйымдар:

      1) Сертификатталған педагогика кадрларын курстан кейінгі қолдауды;

      2) Курстан кейінгі қолдаудың әдістемелік ресурстары мен инструментарийлерін, Курстан кейінгі мониторингті жүргізу тетіктері мен диагностикалық инструментарийлерін жүзеге асырады.

      32. Ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларымен Курстан кейінгі мониторингті жүргізеді.

      33. Министрлікпен Курстан кейінгі мониторингті үйлестіріледі және Курстардың тиімділігі бағаланады.

  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
1 қосымша

Білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткерге қойылатын талаптар

"Мұғалімнің педагогикалық қоғамдастықтағы көшбасшылығы"

1

Жоғары педагогикалық білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде тоғыз жыл педагогикалық өтіл;
аудандық (қалалық) республикалық (халықаралық) деңгейдегі шығармашылық және ғылыми конкурстардың, спорт жарыстарының, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін даярлайтын аудандық (қалалық) республикалық (халықаралық) деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысу;
оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдістемелер мен педагогикалық технологияларды пайдалану;
педагогикалық басылымдарда әдістемелік құралдарды және оқу бағдарламалары мен жарияланымдарды әзірлеуге немесе әзірлеуге қатысу;
аудандық (қалалық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
ИКТ, MS Office саласындағы білімдерді меңгеру, зерек пайдаланушы деңгейінде электронды поштада, сервистерде, интернетте жұмыс істей білу;
жас педагогтар үшін тәлімгер ретінде аудандық, облыстық, (қалалық), халықаралық деңгейдегі оқу-үйрену семинарларын, тренингтерді, жұмыстарды өткізу. ИКТ саласындағы функционалды сауаттылықтың жеткілікті деңгейінің болуы, кәсіптік, әлеуметтік және жеке міндеттерді шешу үшін білім қызметінде ИКТ қолданылуын негіздеу.

"Мұғалімнің мектептегі көшбасшылығы"

2

жоғары педагогикалық білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл немесе жоғары техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл;
аудандық (қалалық), облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысу нәтижелері;
оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдістемелер мен педагогикалық технологияларды пайдалану;
педагогикалық басылымдарда әдістемелік құралдарды және оқу бағдарламалары мен жарияланымдарды әзірлеуге немесе әзірлеуге қатысу;
аудандық (қалалық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
аудандық (қалалық) республикалық (халықаралық) деңгейдегі шығармашылық және ғылыми конкурстардың, спорт жарыстарының, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің нәтижелері (оған қатысушылар қатарынан);
ИКТ саласындағы білімдерді меңгеру: MS Windows, MS Office, электронды пошта, Internet.

"Тиімді оқыту"

3

жоғары педагогикалық білім, кемінде үш жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл;
аудандық (қалалық), облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысу нәтижелері;
аудандық (қалалық) республикалық (халықаралық) деңгейдегі шығармашылық және ғылыми конкурстардың, спорт жарыстарының, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің нәтижелері (оған қатысушылар қатарынан);
оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдістемелер мен педагогикалық технологияларды пайдалану;
аудандық (қалалық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
ИКТ, MS Office саласындағы білімдерді меңгеру, зерек пайдаланушы деңгейінде электронды поштада, сервистерде, интернетте жұмыс істей білу;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында (бұдан әрі -АҚТ) базалық білімдерді меңгеру: MS Windows, MS Office, электронды пошта, Internet.
1,2,3, тармақтарға ескертпе: қойылатын талаптарға сәйкес құжаттармен расталады (ұсынымдық хаттар, сараптамалық қорытындылар, алқалы органдардың шешімі, өткізілген ашық сабақтардың талдау және бағалау материалдары мен нәтижелері, тәжірибені қорыту бойынша материалдар, оқушының жетістіктері мен ілгерілеуін бағалау материалдары, әдістемелік бірлестіктер, сондай-ақ ғылыми, пәндік, ойын-сауық үйірмелерінің басшылығы растайтын сауалнамалар мен бақылау материалдары).


"Мектептің жалпы педагогикалық процесіндегі жалпыадамдық құндылықтар"

4

Жоғары педагогикалық білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде тоғыз жыл педагогикалық өтіл;
Ізгіліктік-рухани тақырыптағы аудандық (қалалық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға қатысу (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
оқу орындары үшін ҚР мен шетелде педагогикалық басылымдарда рухани-ізгіліктік бағыттағы жарияланымдарды және әдістемелік құралдар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу/әзірлеуге қатысу;
жас педагогтар үшін тәлімгер ретінде аудандық, облыстық, (қалалық), халықаралық деңгейдегі (рухани-ізгіліктік тақырып бойынша) өзін өзі тану оқу-үйрену семинарларын, тренингтерді, жұмыстарды өткізу.
"Өзін-өзі тану РІБ бағдарламасындағы кемінде жеті жыл өтіл;
"Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" "Бөбек" ҰҒПББжСО курстарын өткізу туралы сертификаттың болуы бірінші біліктік санатының болуы;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында (бұдан әрі -АҚТ) базалық білімдерді меңгеру: MS Windows, MS Office, электронды пошта, Internet.

"Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар"

5

Жоғары педагогикалық білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл;
Рухани-ізгіліктік аудандық (қалалық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
"Өзін-өзі тану РІБ бағдарламасындағы кемінде бес жыл өтіл;
"Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" курстарын өткізу туралы сертификаттың болуы
екінші біліктік санатының болуы;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында (бұдан әрі - АҚТ) базалық білімдерді меңгеру: MS Windows, MS Office, электронды пошта, Internet.

"Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар"

6

Жоғары педагогикалық білім, кемінде бір жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік (орта кәсіптік) білім, кемінде үш жыл педагогикалық өтіл;
Рухани-ізгіліктік мектеп ішілік конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
"Өзін-өзі тану РІБ бағдарламасындағы кемінде бір жыл өтіл;
"Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" курстарын өткізу туралы сертификаттың болуы
екінші біліктік санатының болуы;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында (бұдан әрі -АҚТ) базалық білімдерді меңгеру: MS Windows, MS Office, электронды пошта, Internet.
Ескертпе: 2013 жылдың 1 сәуірінен ерте емес берілген 72-сағаттық "Бөбек" ҰҒПББжСО курстарынан өткендігі туралы сертификаттың болуы 2020 жылға дейін жеткілікті.

тілдік құзырет бойынша

7

Жоғары педагогикалық білім, кемінде үш жыл педагогикалық өтіл немесе жоғары техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл;
базалық ағылшын тілін меңгеру;
аудандық (қалалық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
ИКТ саласындағы білімдерді меңгеру: MS Windows, MS Office, электронды пошта, Internet.

жалпы білім беретін ұйымдар басшылары

8

жоғары педагогикалық білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл немесе жоғары техникалық және кәсіптік білім (орта кәсіптік) білім кемінде тоғыз жыл педагогикалық өтіл;
заманауи білім технологияларын білу;
халықаралық білім жобаларына қатысу, мектеп жұмысын практикаға енгізу тәжірибесі;
үміткер басқаратын оқу орнының табысты екендігін растау;
республикалық (халықаралық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
ИКТ саласындағы білімдерді меңгеру: MS Windows, MS Office, электронды пошта, Internet. ИКТ саласындағы функционалды сауаттылықтың жеткілікті деңгейінің болуы, кәсіптік, әлеуметтік және жеке міндеттерді шешу үшін білім қызметінде ИКТ қолданылуын негіздеу.
Ескертпе: қойылатын талаптарға сәйкес құжаттармен расталады (ұсынымдық хаттар, сараптамалық қорытындылар, алқалы органдардың шешімі, өткізілген ашық сабақтардың талдау және бағалау материалдары мен нәтижелері, тәжірибені қорыту бойынша материалдар, оқушының жетістіктері мен ілгерілеуін бағалау материалдары, әдістемелік бірлестіктер, сондай-ақ ғылыми, пәндік, ойын-сауық үйірмелерінің басшылығы растайтын сауалнамалар мен бақылау материалдары).

  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
2 қосымша
  Нысан
  Басшыға
  _________________________
_________________________
(Ұйымның атауы)
  ___________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол
болған жағдайда) (бұдан әрі -
  Т.А.Ә.)
  ____________________________
тегі
____________________________
аты
____________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________
лауазымы

Өтініш

      Мен, _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      рассмотреть мою кандидатуру для обучения на курсах повышения квалификации

      педагогических кадров Республики Казахстан по образовательной программе

      _________________________________________тілінде оқытатын

      ____________________________________ топта білім беру бағдарламалары бойынша

      Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру куррстарында оқу

      үшін менің кандидатурамды қарауларыңызды сұраймын.

      ______________________________

      (өтініш иесінің қолы)

      "____" _____________ 201 __ жыл

      (өтініш берілген күн)

  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
3 қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы педагогигикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстары тыңдаушысының Сауалнамасы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)


Туған күні


Лауазымы


Білімі


Біліктілік санаты (дейін жарамды)


Жұмыс орны(өңірі көрсетілген ұйымның толық атауы)


Жалпы өтіл


Педагогикалық өтіл


Оқу тілі


Ақпараттық технологияларды меңгеруі


жарияланымдар (тақырыбы)


Үйінің мекенжайы


Байланыс телефондары


Электроннды пошта


Қосымша ақпарат


Алдыңғы біліктілікті арттыру курстары

Курстың түрі мен тақырыбы

Өткен жері

Курстың ұзақтығы













  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
4 қосымша
  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
БІЛІМ БЕРУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ ПОВЫШЕНИЯ
КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ

      Сертификат

      Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін арттырудың
"Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім
көшбасшылығы"
білім беру бағдарламасы бойынша
мұғалімдерді оқыту курстарын бітірді

окончил (а) курсы обучения учителей
по образовательной программе повышения
квалификации педагогических кадров
Республики Казахстан
"Лидерство учителя
в педагогическом сообществе"

Ұйымның атауы _______________________________________________________________
Наименование организации
Ұйымның жетекшісі ____________________________________________________________
Руководитель организации
ПҚМК № 000000
Берілген күні: 20__жылғы "___"______ Дата выдачи: "__ "___20 __ года

  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
5 қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
БІЛІМ БЕРУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ ПОВЫШЕНИЯ
КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ

      Сертификат

      Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін арттырудың
"Мектептегі мұғалім көшбасшылығы"
білім беру бағдарламасы бойынша
мұғалімдерді оқыту курстарын бітірді

окончил (а) курсы обучения учителей
по образовательной программе повышения
квалификации педагогических кадров
Республики Казахстан
"Лидерство учителя в школе"

Ұйымның атауы _______________________________________________________________
Наименование организации
Ұйымның жетекшісі ____________________________________________________________
Руководитель организации
ММК № 000000
Берілген күні: 20__жылғы "___"______ Дата выдачи: "__ "___20 __ года

  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
6 қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
БІЛІМ БЕРУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ ПОВЫШЕНИЯ
КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ

      Сертификат

      Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін арттырудың
"Тиімді оқыту"
білім беру бағдарламасы
бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын
бітірді

окончил (а) курсы обучения учителей
по образовательной программе повышения
квалификации педагогических кадров
Республики Казахстан
"Эффективное обучение"

Ұйымның атауы _______________________________________________________________
Наименование организации
Ұйымның жетекшісі ____________________________________________________________
Руководитель организации
ТО № 000000
Берілген күні: 20__жылғы "___"______ Дата выдачи: "__ "___20 __ года

  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
7 қосымша
  Форма

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

      "БӨБЕК" ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ

      ОРТАЛЫҒЫ

      МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

      РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ

      И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР "БОБЕК"

      Сертификат

      Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім
беру бағдарламасы бойынша педагог
мамандардың біліктілігін арттыру курсын
бітірді

окончил(а) курсы повышения квалификации
учителей по программе нравственно-
духовного образования "Самопознание"

Тақырыбы: Мектептің біртұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар

Тема: Общечеловеческие ценности в
целостном педагогическом процессе школы

"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру
және сауықтыру орталығы
Ұйымның атауы

Национальный научно-практический,
образовательный и оздоровительный центр
"Бобек"
Наименование организации

Бас директор

Генеральный директор

Ұйымның жетекшісі

Руководитель организации


№ 00000000

Берілген күні:
20___ж. “___”___________

Дата выдачи:
“___”_________ 20 _ г

  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
8 қосымша
  Нысан

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

      "БӨБЕК" ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ

      ОРТАЛЫҒЫ

      МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

      РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ

      И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР "БОБЕК"

      Сертификат

      Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім
беру бағдарламасы бойынша педагог
мамандардың біліктілігін арттыру курсын
бітірді

окончил(а) курсы повышения
квалификации учителей по программе
нравственно-духовного образования
"Самопознание"

Тақырыбы: Сыныптың біртұтас
педагогикалық процесіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар

Тема: Общечеловеческие ценности в
целостном педагогическом процессе класса

"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық,
білім беру
және сауықтыру орталығы
Ұйымның атауы

Национальный научно-практический,
образовательный и оздоровительный центр
"Бобек"
Наименование организации

Бас директор

Генеральный директор

Ұйымның жетекшісі

Руководитель организации


№ 00000000

Берілген күні:
20___ж. “___”___________

Дата выдачи:
“___”_________ 20 _ г

  Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
9 қосымша
  нысан

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

      "БӨБЕК" ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ

      ОРТАЛЫҒЫ

      МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

      РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ

      И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР "БОБЕК"

      Сертификат

      Т.А.Ә./Ф.И.О. ___________________________________________________________________

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім
беру бағдарламасы бойынша педагог
мамандардың біліктілігін арттыру курсын
бітірді

окончил(а) курсы повышения
квалификации учителей по программе
нравственно-духовного образования
"Самопознание"

Тақырыбы: Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар

Тема: Общечеловеческие ценности в
целостном педагогическом процессе класса

"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық,
білім беру
және сауықтыру орталығы
"Өрлеу" біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы” АҚ
Ұйымның атауы

Национальный научно-практический,
образовательный и оздоровительный центр
"Бобек"
Наименование организации

Бас директор
Басқарма төрағасы

Генеральный директор

Ұйымның жетекшісі

Руководитель организации


№ 00000000

Берілген күні:
“___”___________ 20___ж.

Дата выдачи:
“___”_________ 20 _ г

  Приложение 10
к Правилам организации
и проведения курсов повышения
квалификации педагогических
кадров форма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Қазақстан Республикасы
жалпы білім беру ұйымдары
басшыларының біліктілігін
арттыру бағдарламасы

Программа повышения квалификации руководителей
общеобразовательных
организаций
Республики Казахстан

Сертификат
Т.А.Ә./Ф.И.О. _________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының жалпы білім
беру ұйымдары басшыларының біліктілігін
арттырудың білім беру бағдарламасы
бойынша курсты бітірді
окончил (а) курсы по образовательной
программе повышения квалификации
руководителей общеобразовательных
организаций Республики Казахстан
Ұйымның атауы _______________________________________________________________
Наименование организации
Ұйымның жетекшісі ___________________________________________________________
Руководитель организации

      D № 000000

      Берілген күні: 20__ж. "___"_______                        Дата выдачи: "__ "___20 __ г.