Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13397 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сонымен қатар Республикалық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 12-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Дербес деректердің атауы

1

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

2

Жеке сәйкестендіру нөмірі

3

Тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерту туралы мәліметтер

4

Туған күні, айы, жылы және жері

5

Ұлты

6

Азаматтығы (бұрынғы азаматтығы), Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан күні

7

Туу туралы куәлігі (нөмірі, берілген күні, берген орган)

8

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері:

құжаттың атауы,

құжаттың нөмірі,

құжаттың берілген күні,

құжаттың қолданылу мерзімі,

құжатты берген орган

9

Тұрғылықты жерінің мекенжайы, тұрғылықты немесе тұратын жері бойынша тіркелген күні

10

Байланыс телефондары (жұмыс, үй, ұялы)

11

Электрондық пошта мекенжайы

12

Қолтаңбасы (соның ішінде электрондық цифрлық (болған жағдайда)

13

Арнайы тексеру нәтижелері

14

Соттылығының болуы (болмауы)

15

Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi

16

Қазақтан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер

17

Жеке табыс салығы мен мүлік бойынша декларация тапсырылғаны туралы мәліметтер

18

Сенімділік басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер

19

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрметті және арнайы атақтар, көтермелеулер, жазалар туралы мәліметтер (атауы, түрі, күні)

20

Тәртіптік/әкімшілік жазалар туралы мәліметтер (оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін) туралы, мемлекеттiк лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер

21

Жұмыста болмаған кезеңдері (уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыстары, іссапарлары және тағы басқалар) туралы мәліметтер

22

Еңбек қызметі туралы мәліметтер (лауазымын, құрылымдық бөлімшені, ұйымды және оның атауын, жалпы және үздіксіз жұмыс өтілін, мекенжайын және телефонын толық көрсете отырып, ағымдағы уақытқа дейінгі еңбек қызметі туралы деректер, жалпы және үздіксіз еңбек стажы, мекенжайлары мен телефондары, сондай-ақ басқа да ұйымдардағы, бұрынғы лауазымдарын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын толық көрсете отырып, осы ұйымдардың деректемелері), еңбек кітапшасының (болған жағдайда) нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер

23

Білімі, біліктілігі және арнайы білімі немесе арнайы дайындығының болуы туралы мәліметтер (дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргендігі туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, оның ішінде білім беру мекемесінің атауы мен орналасқан жері, факультеті немесе бөлімі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі мамандығы мен біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, білетін шет тілдері)

24

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, білім беру мекемесін бітіргендігі бойынша мамандығы және біліктілігі)

25

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінің бағалары туралы мәліметтер

26

Әскери міндетті адамдар және әскери қызметке шақырылатын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті берген органның атауы, әскери-есептік мамандығы, әскери атағы, есепке алу/шығару туралы деректер)

27

Отбасылық жағдайы туралы мәліметтер (некеде тұру, неке қию туралы куәліктің деректері, жұбайының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), сондай-ақ некеге отырғанға дейін, жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, туысқандық дәрежесі, басқа да отбасы мүшелерінің, асыраудағылардың тегі, аттары, әкелерінің аттары (болған жағдайда) және туған күндері, балаларының бар болуы және олардың жас шамасы)

28

Жеке кәсіпкерді есепке қою туралы куәлік

29

Басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындау мүмкіндігі туралы мәліметтер

30

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері (акциялары, пайлары)

31

Заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiне, пайларына) тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) билiк ету құқығы

32

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуын растайтын шарт немесе шарт жобасы немесе өзге де құжат

33

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi

34

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның тауарларды өндіру мен өткізу болжамы

35

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiнен меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы туралы шарт немесе шарт жобасы

36

Заңды тұлғаның атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына қатысуы туралы мәліметтер

37

Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебе туралы мәліметтер: жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы, құжат, сериясы, нөмірі, берілген күні, мүгедектік себебі, мүгедектік тобы, Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан жапа шеккенге жеңілдіктер құқығын растайтын куәлік, Арал маңы экологиялық апаты салдарынан жапа шеккенге жеңілдіктер құқығын дәлелдейтін куәлік

38

Мүгедектігі туралы деректер: мүгедектік санаты, мүгедектік топтың коды, мүгедекті тобы, мүгедектіктің себебі, мүгедектікті белгілеу күні, белгілеу мерзімі

39

Ұлы Отан соғысына қатысушылар немесе мүгедектігі бар адамдар туралы мәліметтер, мүгедектік тобы.

40

Зейнетақы және жәрдемақы алушылар туралы деректер: төлем коды, төлемді шешу күні, төлемді бастау күні, төлемді аяқтау күні

41

Еңбекақысы туралы мәліметтер (соның ішінде қызметтік айлығы, үстемесі, сыйақысы, салық және зейнетақы аударымдары туралы деректер)

42

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы деректер: жұмыссызды тіркеу күні, жұмыссыз мәртебесінің ауысу күні

43

Медициналық куәліктен туу туралы қорытындылары

44

Медициналық куәліктен туу туралы мәліметтер: медициналық ұйымның атауы, берілген күні, ананың нешінші баласы, баланың бойы, баланың салмағы, неше ұрық кезінде туылды

45

Дәрігерлік куәліктен қайтыс болу туралы мәліметтер: медициналық ұйымның атауы, берілген күні, қайтыс болудың негізгі себебі, әйел қайтыс болған жағдайда қайтыс болу түрінің коды, 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балаларға жүктілік түрінің коды, жарақат түрінің коды, қайтыс болудың сыртқы себебі

46

Дәрігерлік куәліктен перинаталдық өлім туралы мәліметтер: медициналық ұйымның атауы, берілген күні, қайтыс болу туралы куәлік беру үшін негіздеме коды, қайтыс болудың негізгі себебі, өлі туылған немесе өмірінің 1-аптасында қайтыс болған, нешінші жүктілігі, нешінші рет босануы, аптадан бастап осы жүктіліктің ұзақтығы (апта), неше ұрық кезінде туылды, баланың (ұрықтың) қайтыс болуына себепші болған ауру немесе ананың жағдайы (бала жолдасының жағдайы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 12-НҚ бұйрығына
2-қосымша

      1) "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 264-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8684 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 282 (28221) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2) "Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 217-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8756 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      3) "Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 08 қазандағы № 232 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8835 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28296) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      4) "Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 653-ж бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9007 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5) "Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 356/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9033 тіркелген, 2014 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).