Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 217-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 қазанда № 8756 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-НҚ бұйрығымен

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай:
      1) «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 23 ақпанда № 3455 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені» журналында 2005 жылы жарияланған, № 14, 69-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 337 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулардың тiзбесiнің 4) тармақшасының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 20 қаңтарда № 6013 болып тіркелген, «Заң газеті» 2010 жылғы 6 сәуірде № 47 (1669) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментi (С.Қ. Есімханов) бiр апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiне осы бұйрықтың көшiрмесiн жiберсiн, сондай-ақ оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі                        Ә. Исекешев