Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 08 қазандағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 қазанда № 8835 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2016 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Тіркелімдер және жарияланымдар департаменті Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын.
      3) Осы бұйрықты мүдделі құрылымдық бөлімшелерге басшылыққа алу үшін жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына (А. Ж. Ашуев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          Ә.Смайылов

Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы 8 қазандағы № 232 
бұйрығымен бекітілді     

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі

р/с №

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы

1.

Тегі

2.

Аты

3.

Әкесінің аты

4.

Ұлты

5.

Діни наным-сенімі

6.

Туған жері:
Ел
Облыс
Аудан
Елді мекен

7.

Туу туралы куәлігінің нөмірі

8.

Туу туралы куәлігінің берілген күні

9.

Туу туралы куәлікті берген орган

10.

Азаматтығы

11.

Тұратын орны туралы мекенжай мәліметтері:
Ел
Облыс
Аудан
Елді мекен
Көше атауы
Үй нөмірі
Корпус нөмірі
Пәтер нөмірі

12.

Электрондық почта мекенжайы

13.

Байланыс телефондарының нөмірі (ұялы, үй, жұмыс)

14.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

15.

Мүлік туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік – жеке үй, пәтер)

16.

Әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жетім балалар)

17.

Жетім балалардың мүгедектік тобы

18.

І-ІІ топтағы мүгедектігі бар балалар,соның ішінде бала кезінен мүгедектер

19.

Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегі

20.

Білімі бойынша кәсібі және мамандығы

21.

Білім деңгейі

22.

Бітірген жылы

23.

Оқыту нысаны

24.

Некедегі жағдайы

25.

Некеге отырғанға дейінгі тегі

26.

Неке куәлігінің сериясы

27.

Жұбайлар туралы мәлімет (күйеу, әйел)

28.

Туыстық дәрежесі

29.

Соттылығының болуы