Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13263 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 136) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.10.2025 № 491/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ақпараттық жүйелер:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      2) "электрондық үкіметтің" шлюзі;

      3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      6) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;

      7) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      8) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      9) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;

      10) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      11) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;

      12) "Жылжитын мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      13) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" ақпараттық жүйесі;

      14) "Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;

      15) "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      16) "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесі;

      17) "ASHYQ" Платформасы" бағдарламалық жасақтама (электрондық-есептеу машинасына арналған бағдарлама);

      18) "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі;

      19) "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі;

      20) "Е-қызмет" персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      21) "Е-заң көмегі" заң көмегінің бірынғай ақпараттық жүйесі;

      22) "Біріңғай нотаритаттық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесі;

      23) "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру";

      24) "Е-КТРМ" техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі.

      25) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;

      26) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау мен сақтаудың ақпараттық жүйесі;

      27) "Қазақстан Республикасының қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені.