"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасыны

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 491/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімдерінің тізбесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген Бұйрыққа
қосымша

"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесі

      1. Ақпараттық жүйелер:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      2) "электрондық үкіметтің" шлюзі;

      3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      6) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;

      7) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      8) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      9) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;

      10) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      11) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;

      12) "Жылжитын мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      13) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" ақпараттық жүйесі;

      14) "Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;

      15) "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      16) "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесі;

      17) "ASHYQ" Платформасы" бағдарламалық жасақтама (электрондық-есептеу машинасына арналған бағдарлама);

      18) "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі;

      19) "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі;

      20) "Е-қызмет" персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      21) "Е-заң көмегі" заң көмегінің бірынғай ақпараттық жүйесі;

      22) "Біріңғай нотаритаттық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесі;

      23) "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру";

      24) "Е-КТРМ" техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі.

      25) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;

      26) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау мен сақтаудың ақпараттық жүйесі;

      27) "Қазақстан Республикасының қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені.