Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 21.10.2020 № 396/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 21.10.2020 № 396/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген |
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 21.10.2020 № 396/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ақпараттық жүйелер:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;
2) "электрондық үкіметтің" шлюзі;
3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
6) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;
7) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
8) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
9) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;
10) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
14) статистика, талдау, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру;
15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркаларын пайдаланумен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
16) акцизделген өнімнің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
17) интеграцияланған деректер қоймасы;
18) "Web-декларант" электрондық декларациялау кешені;
19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
20) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;
21) "Жылжитын мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі;
22) "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
23) "e-learnіng" электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
24) "Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы" ақпараттық жүйесі;
25) "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" ақпараттық жүйесі;
26) "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы" ақпараттық жүйесі;
27) "Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;
28) "Деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйесі;
29) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі;
30) "ҚР Қаржымині МКК Web-порталы" ақпараттық жүйесі;
31) "Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің тізілімі" ақпараттық жүйесі;
32) "Электрондық шот фактуралар" ақпараттық жүйесі;
33) "Жедел басқару орталығы" ақпараттық жүйесі;
34) "Интеграцияланған кедендік тариф" ақпараттық жүйесі;
35) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" ақпараттық жүйесі;
36) "Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;
37) "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
38) "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесі;
39) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
40) "ASHYQ" Платформасы" бағдарламалық жасақтама (электрондық-есептеу машинасына арналған бағдарлама);
41) "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі;
42) "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі;
43) "Е-қызмет" персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
44) "Е-заң көмегі" заң көмегінің бірынғай ақпараттық жүйесі;
45) "Біріңғай нотаритаттық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесі;
46) "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру";
47) "Е-КТРМ" техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі.
48) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.03.2024 № 141/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.06.2024 № 346/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Аппараттық-бағдарламалық кешендер:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері: ақпараттық жүйелерге жатпайтын серверлік және желілік жабдық, жұмыс станциялары және олардың перифериялық жабдығы, операциялық жүйелер.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.06.2021 № 212/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.