«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13263 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілетін, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму 
министрінің міндетін   
атқарушысының       
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен     
бекітілген        

«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.09.2016 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
      3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсы;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы;
      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсы;
      6) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсы;
      7) Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсы.
      2. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілері:
      1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
      2) «электрондық үкіметтің» шлюзі;
      3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
      4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
      5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
      6) «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі;
      7) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
      8) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
      9) «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
      10) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі;
      11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
      12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
      13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
      14) сыртқы сауда кеден статистикасының деректеріне қолжетімділікті статистикалау, талдау және ұйымдастыру;
      15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркасын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
      16) акциздік өнімдердің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
      17) интеграциялық деректер қоймасы;
      18) «Web-декларант» электрондық декларациялау кешені;
      19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
      20) «АХАЖ» ақпараттық жүйесі;
      21) «Жылжитын мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі.
      22) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
      23) «e-learning» электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
      24) «Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі;
      25) «Салық есептілігін өңдеу жүйесі» ақпараттық жүйесі;
      26) «Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесі;
      27) «Ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
      28) «Деректерді бірыңғай сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
      29) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесі;
      30) «ҚР Қаржымині МКК Web-порталы» ақпараттық жүйесі;
      31) «Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімі» ақпараттық жүйесі;
      32) «Электрондық шот фактуралары» ақпараттық жүйесі;
      33) «Жедел басқару орталығы» ақпараттық жүйесі;
      34) «Интеграцияланған кедендік тариф» ақпараттық жүйесі.