"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отрыған "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілді |
"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері 20-40 минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру болып табылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
9. Қызметті алушы (өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі техникалық қадағалау жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сұрау;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;
2) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстары жөніндегі қызметті көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сұрау;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстары жөніндегі жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;
инженер-геодезист дипломының электрондық көшірмесі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10 кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не болмаса Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Көрсетілетін қызметті берушінің.
13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.kds.mііd.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК N 00000
Аккредитация туралы осы куәлік __________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы )
_____________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжай)
____________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі
(тиісті жауапкершілік деңгейі)
техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді
Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті орган _______________________________________
қала ___________ 20__ж. " " ___________
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК N 00000
Осы аккредиттеу туралы куәлік ______________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы )
_____________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжай)
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.
Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті орган _______________________________________
қала ___________ 20__ж. " " ___________
ӨТІНІШ
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі
(тиісті жауапкершілік деңгейі)
техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон,
факс, е-maіl)
Филиалдар (өкілеттіктер, объектілер, пунктер, учаскелер) ____________________
______________________________________________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Банк шоты ____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
толтырылған күні: 20 жылғы " "___________
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
1) Техникалық қадағалау сарапшысының тиісті аттестаты бар қызметкерлері туралы мәліметтер
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), Жеке сәйкестендіру нөмірі | Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді | Аттестат бойынша мамандануы | Диплом бойынша мамандығы | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша мәлімет | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы | ||
Объектінің атауы (сараптама қорытындысына сәйкес) | Тапсырыс беруші | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру басталған/ аяқталған күні | ||||||
Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді
2) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының болуы туралы мәліметтер
Р/с № | Өлшеу және бақылау құралдарының маркасы мен атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі | Тексеру мерзімдері | Ескертпе |
3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттарының болуы туралы мәліметтер
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Ескертпе |
4) Меншік құқығындағы немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәліметтер
Р/с № | Зертхананың атауы | Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні | Аккредиттеу саласын сипаттау | Меншіктік құқықты растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме | Зертхана орналасқан жер | Байланыс телефоны |
Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытында хабарлауға міндеттеме аламын.
Дұрыс емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жауаптылықта болатыныма хабардармын.
Басшы __________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ӨТІНІШ
______________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы ______________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон,
факс, е-maіl) Филиалдар (өкілеттік, объекті, пункті, учаске)
____________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Банк шоты ________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20 жылғы " "___________
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарды жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы мәлімет
№ р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), Жеке сәйкестендіру нөмірі | Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді | Аттестат бойынша мамандануы | Диплом бойынша мамандығы |
Техникалық зерттеп-қарауды | Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы | |
Объектінің атауы | Тапсырыс беруші | ||||||
Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді
2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасының болуы туралы мәлімет
Р/с № | Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі | Алаңы | Меншіктік құқықты растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме | Мекенжайы және кадастрлық нөмірі |
3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы туралы мәлімет
Р/с № | Өлшеу және бақылау құралдарының, компьютерлердің, лицензиялық бағдарламалардың маркасы мен атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі | Тексеру мерзімдері | Ескертпе |
4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттарының болуы туралы мәлімет
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Ескертпе |
5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәлімет
Р/с № | Зертхананың атауы | Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні | Аккредиттеу саласын сипаттау | Меншіктік құқықты растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме | Зертхана орналасқан жер | Байланыс телефоны |
Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытында хабарлауға міндеттеме аламын.
Дұрыс емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жауаптылықта болатыныма хабардармын.
Басшы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)