"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13210 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отрыған "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

М. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 ақпандағы
№ 72 бұйрығымен
бекітілген

"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер
бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) жол берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көлделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09-00-ден 17-30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі техникалық қадағалау жұмыстары бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

      кадр қызметі растаған, аттестатталған сарапшылардың штаттық құрамы туралы анықтаманың көшірмесі;

      2) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстары бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

      кадр қызметі растаған, аттестатталған сарапшылардың және басқа да мамандардың штаттық құрамы туралы анықтаманың көшірмесі;

      инженер-геодезист дипломының көшірмесі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініште дұрыс емес ақпараттың анықталуы;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес бекітілмеген нысан бойынша мәліметтер ұсыну;

      3) құжаттар мен мәліметтер нысанында толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы немесе өтініш иесінің рұқсат беру талаптарына сәйкес еместігінің анықталуы.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы беріледі, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: ww.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Бірінші және екінші жауапкершілік
деңгейіндегі объектілер бойынша
техникалық қадағалауды
және техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000

      Аккредитация туралы осы куәлік ________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________ берілді,

      (заңды мекенжай)

      __________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі

      (тиісті жауапкершілік деңгейі)

      техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық

      қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру

      құқығына

      АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді

      Куәлікті қолдану мерзімі ______________________________________ дейін

      Уәкілетті органның басшысы ________________________________________

       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мөртабан орны

       (бар болған жағдайда)

      қала ___________ 20__ж. " " ___________

  "Бірінші және екінші жауапкершілік
деңгейіндегі объектілер бойынша
техникалық қадағалауды
және техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000

      Аккредитация туралы осы куәлік ________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________ берілді,

      (заңды мекенжай)

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және

      технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың

      сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша

      сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына

      АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді

      Куәлікті қолдану мерзімі ______________________________________ дейін

      Уәкілетті органның басшысы ________________________________________

       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мөртабан орны

       (бар болған жағдайда)

      қала ___________ 20__ж. " " __________

  "Бірінші және екінші жауапкершілік
деңгейіндегі объектілер бойынша
техникалық қадағалауды
және техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

      __________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі

      (тиісті жауапкершілік деңгейі)

      техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық

      қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын

      ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын

      Мекенжайы______________________________________________________

       (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық

      үй-жай) нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Филиалдар (өкілеттіліктер, объектілер, пунктер, учаскілер) ____

      _____________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Банк шоты _____________________________________________________

       (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Ұсынылатын құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Басшы _________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мыналар расталды:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып

      табылады және оларға куәлік беру немесе оны беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым

      салмаған;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және

      қолданыста;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті берген кезде

      ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын қол

      жетімділігі шектеулі жеке деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Өтінішті ______________________________________________________

       (жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мөртабан орны 20 жылғы " "___________ қарауға қабылдады.

      (бар болған жағдайда)

  "Бірінші және екінші жауапкершілік
деңгейіндегі объектілер бойынша
техникалық қадағалауды
және техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау
жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Техникалық қадағалау сарапшысының тиісті аттестаты бар қызметкерлері туралы мәлімет

Р/с №

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН

Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді

Аттестат бойынша мамандануы

Диплом бойынша мамандығы

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша мәлімет

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы

Объект атауы (сараптама қорытындысына сәйкес)

Тапсырыс беруші

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру басталған/ аяқталған күні











      Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бір ұйымның құрамына кіреді

      2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәлімет

Р/с №

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі

Алаңы

Меншіктік құқықты растайтын немесе басқа да заңды құжат

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі







      3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының болуы туралы мәлімет

Р/с №

Өлшеу және бақылау құралдарының маркасы мен атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Тексеру мерзімдері

Ескертпе









      4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәлімет

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе







      5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәлімет

Р/с

Зертхананың атауы

Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні

Аккредиттеу саласын сипаттау

Меншіктік құқықты растайтын немесе басқа да заңды құжат

Зертхана орналасқан жер

Байланыс телефоны









      Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытында хабарлауға міндеттеме аламын.

      Дұрыс емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жауаптылықта болатыныма хабардармын.

      Басшы _______________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мөртабан орны

       (бар болған жағдайда)

  "Бірінші және екінші жауапкершілік
деңгейіндегі объектілер бойынша
техникалық қадағалауды
және техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша

      Нысан

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және

      технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың

      сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша

      сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді

      сұраймын.

      Мекенжайы______________________________________________________

       (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық

      үй-жай) нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Филиалдар (өкілеттіліктер, объектілер, пунктер, учаскілер) ____

      _____________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Банк шоты _____________________________________________________

       (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Ұсынылатын құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Басшы _________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мыналар расталды:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып

      табылады және оларға куәлік беру немесе оны беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым

      салмаған;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және

      қолданыста;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті берген кезде

      ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын қол

      жетімділігі шектеулі жеке деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Өтінішті ______________________________________________________

       (жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мөртабан орны 20 жылғы " "___________ қарауға қабылдады.

      (бар болған жағдайда)

  "Бірінші және екінші жауапкершілік
деңгейіндегі объектілер бойынша
техникалық қадағалауды
және техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша

      Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын
ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарды жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы мәлімет

№ р/с

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН

Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді

Аттестат бойынша мамандануы

Диплом бойынша мамандығы

Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру бойынша мәлімет

Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы

Объектінің атауы

Тапсырыс беруші










      Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын бір ұйымның құрамына кіреді

      2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәлімет

Р/с №

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі

Алаңы

Меншіктік құқықты растайтын немесе басқа да заңды құжат

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі







      3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы туралы мәлімет

Р/с №

Өлшеу және бақылау құралдарының, компьютерлердің, лицензиялық бағдарламалардың маркасы мен атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Тексеру мерзімдері

Ескертпе









      4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәлімет

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе







      5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәлімет

Р/с №

Зертхананың атауы

Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні

Аккредиттеу саласын сипаттау

Меншіктік құқықты растайтын немесе басқа да заңды құжат

Зертхана орналасқан жер

Байланыс телефоны









      Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытында хабарлауға міндеттеме аламын.

      Дұрыс емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жауаптылықта болатыныма хабардармын.

      Басшы _______________________________________________

       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мөртабан орны

       (бар болған жағдайда)