"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13210 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отрыған "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 ақпандағы
№ 72 бұйрығымен
бекітілген

"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыт - 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

      кадр қызметінің аттестатталған сарапшылардың штат құрамы туралы анықтаманың көшірмесі;

      2) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

      кадр қызметінің аттестатталған сарапшылардың және басқа да мамандардың штат құрамы туралы анықтаманың көшірмесі;

      инженер-геодезист дипломының көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (не оның: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша тұлға) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздемесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Стандартпен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы беріледі не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне шағымның қабылданғанын растау қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:

      Комитеттің: www.kds.mid.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c.kz орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында: www.kds.mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  "Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілер бойынша
техникалық қадағалауды және
техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

      Аккредитация туралы осы куәлік ______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы )

      _________________________________________________________________________ берілді,

      (заңды мекенжайы)

      ________________________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі

      (тиісті жауапкершілік деңгейі)

      техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау

      жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына

      АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді

      Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін

      Уәкілетті органның басшысы _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________ қаласы                                    20__жылғы " " ___________

  "Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілер бойынша
техникалық қадағалауды және
техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

      Осы аккредиттеу туралы куәлік _______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы )

      _________________________________________________________________________ берілді,

      (заңды мекенжайы)

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және

      технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін

      және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын

      жүзеге асыру құқығына

      АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.

      Куәлікті қолдану мерзімі _______________________________________________ дейін

      Уәкілетті органның басшысы _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________ қаласы                                    20__жылғы " " ___________

  "Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілер бойынша
техникалық қадағалауды және
техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан

ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі

      (тиісті жауапкершілік деңгейі)

      техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау

      жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым ретінде

      аккредиттеуді сұраймын.

      Мекенжайы________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі,

      телефон, факс, е-mail)

      Филиалдар (өкілеттіктер, объектілер, пунктер, учаскелер) _________________________

      ________________________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыс болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы ____________________________________________________________________

      (қолы)                              (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Толтырылған күні: 20 жылғы " "___________

  "Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілер бойынша
техникалық қадағалауды және
техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Техникалық қадағалау сарапшысының тиісті аттестаты бар қызметкерлері туралы мәліметтер

Р/с

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН

Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді

Аттестат бойынша мамандануы

Диплом бойынша мамандығы

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша мәлімет

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы

Объектінің атауы (сараптама қорытындысына сәйкес)

Тапсырыс беруші

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру басталған/ аяқталған күні










      Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді

      2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәліметтер

Р/с

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі

Алаңы

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі






      3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдары туралы мәліметтер

Р/с

Өлшеу және бақылау құралдарының маркасы мен атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Тексеру мерзімдері

Ескертпе








      4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе






      5) Меншік құқығындағы немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәліметтер

Р/с

Зертхананың атауы

Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні

Аккредиттеу саласын сипаттау

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Зертхана орналасқан жер

Байланыс телефоны








      Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.

      Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінесәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.

      Басшы ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

  "Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілер бойынша
техникалық қадағалауды және
техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан

ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі деректемелері)

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық

      күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым

      ретінде аккредиттеуді сұраймын.

      Мекенжайы________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Филиалдар (өкілдіктері, объектілері, пунктілері, учаскелері) ______________________

      ________________________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы ____________________________________________________________________

      (қолы)                              (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Толтырылған күні: 20 жылғы " "___________

  "Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілер бойынша
техникалық қадағалауды және
техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша
Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарың жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы мәлімет

Р/с

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН

Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді

Аттестат бойынша мамандануы

Диплом бойынша мамандығы

Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру бойынша мәлімет

Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы

Объектінің атауы

Тапсырыс беруші









      Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді;

      2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәлімет

Р/с

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі

Алаңы

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі






      3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы туралы мәлімет

Р/с

Өлшеу және бақылау құралдарының, компьютерлердің, лицензиялық бағдарламалардың маркасы мен атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Тексеру мерзімдері

Ескертпе








      4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәлімет

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе






      5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәлімет

Р/с

Зертхананың атауы

Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні

Аккредиттеу саласын сипаттау

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Зертхана орналасқан жер

Байланыс телефоны








      Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.

      Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.

      Басшы ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

  "Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілер бойынша
техникалық қадағалауды және
техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
7-қосымша
Нысан

      ________________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі Сіздің "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ________________________________________;

      2. ________________________________________;

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды

      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)

      Телефон (бар болса) ________________

      Алдым: _______________________________20__ жылғы "___" _________

      Т.А.Ә. (бар болса)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы